Идеологиялық танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп түсіндіреді
Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогрес, тұлға және билік және т.б. негізгі түсініктер туралы мағлұматтар беріп, адамның іс-әрекетіне бағдар көрсетеді
Жұмылдыру, іске тарту.Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат- мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады.
Амортизация қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді.
Бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды.
13-ші тақырыпқа бақылау сұрақтары: Саяси жанжалдың шығу негізі қандай?
Саяси жанжалды қандай технологиялармен реттейді?
Саяси жанжалды болғызбау және тоқтатудың негізгі тәсілі қандай?
Саяси жанжал болмайтын қоғам құруға бола ма?
Қоғамда қандай күшті құрам саяси жанжалға қатыса алады?
Идеология,оның ерекше белгілері қандай?
Қоғам мен жеке адамның өміріндегі идеологияның маңызы неде?
Қазақстандағы идеологиялық жағдай қандай деп ойлаймыз?
Негізгі әдебиеттер 1. Антология мировой политической мысли. В 5-ти томах. –М., 1997.
2. Антология социально – политической мысли Казахстана (с древнейших времен до наших дней) : в 2 т. Алматы: Ин-т развития Казахстана, 2002.
3.Әлемдік саясаттану антологиясы: 10 томдық.-Алматы: ЖШС «Қазақстан» баспа үйі, 2007.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы,2008.
5. ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан –жолы-2050: «Бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ» ,14 қаңтар 2014ж.
6. Полиология.Учебник для студентов высших учебных заведений. Под общ.ред. А.Н.Нысанбаева.-Алматы,1998.
7. Жамбылов Д. Саясаттану. Алматы «Жеті жарғы» 2008 ж.
8. Байділдинов Л.Ә. «Теориялық саясаттану», Алматы 2005ж.
9. Балғымбаев А. «Саясаттану», Алматы 2004ж.
10. Таубаева М.Е. Саясаттану пәнінен әдістемелік көмекші оқу құралы.
Шымкент ОҚМУ 2003.
11. Қуандық Есенғазы «Саясаттану негіздері», Астана 2000ж.
12. История политичексих учений М 2002 г.
13. Нысанбаев Ә. Қазақстан Демократия. Рухани жаңару. Алматы, 1999
14. Саясаттануға кіріспе. Проф. Т.Т.Мустафиннің редакциясында. Алматы, 1994, 1,2,3
бөлімдері.
15. Ш.Уәлиханов. Таңдамалы Алматы, 1995.
16. Аль-Фараби историко-философские трактаты. Алма-Ата, 1985
17. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы ,2007.