Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов


О.Конттың позитивистік доктринасы



бет12/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   114
2. О.Конттың позитивистік доктринасы.
Әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасуын француз философы Огюст Конттың (1798-1857) есімімен байланыстырады, ол ғылыми айналысқа алғаш рет «әлеуметтану» деген терминді енгізді. Конт нақты ғылым мен білімді ұгіттеуші болды және әлеуметтанушыларды қоғамды қатаң ғылыми негізінде зерттеуге шақырады. Оның пікірінше, әлеуметтану жалпы заңдарды зерттеуі тиіс:
а) ерекше әлеуметтік организм ретіндегі қоғамның тұтастығы;
б) адамзат (оның өткені, бұгінгісі, болашағы);
в) бүкіл адамдар ұрпақтарының органикалық тұтастығы ретінде түсіндірілетін адамзат;
г) қазіргі елдер, халықтар мен мемлекеттер жүйесі ретіндегі бұгінгі адамзат;
д) адамзат қызметі нәтижесінің объективтілігі;
ж) адамдар санасы мен психологиясын жетілдіру процестері;
з) адамдар мінез-құлқы;
и) адамдар идеялары мен ой-пікірлерінің дамуы;
к) отбасы, мемлекет және басқа да әлеуметтік институттардың пайда болуы, өмір сүруі мен өзгеріске тұсуін анықтайтын жалпы заңдар деңгейінде, сонымен қатар олардың нақты қоғамдық құрылыстары мен формаларының заңдары деңгейінде қоғам туралы білімдерді біріктірген әмбебап теориялық ғылым ретінде түсінеді.
Конттың көзқарасына сәйкес әлеуметтану мынадай әдістерді қолдануы тиіс:

  • Қоғамдық процестердің барысын қадағалау үшін бақылау;

  • Эксперимент, яғни әдейі, арнайы жасалған өзгерістерге бақылау жасау;

  • Адамзат өмірін жануарлар дұниесімен салыстыру;

  • әр түрлі елдер мен халықтардың өмірін белгілі бір көрсеткіштер бойынша салыстыру;

  • тарихи талдау әдісі, әр түрлі тарихи кезеңде адамзаттың немесе жекелеген халықтардың әр түрлі қалпын салыстыру.

Алайда, бәрі бірдей оған бір ауыздан ұн қата алмады. Сондықтан да кейінірек қоғамтануда екі бәсекелестік бағыт қалыптасты, ол: позитивизм және антипозитивизм.
«Конттың 1830 жылдары «Позитивті философияның негізгі курстары» атты еңбегі жарық көрді. Міне, осы еңбегінде негізгі ойлары айтылады. Конт негізін қалаған позитивзмнің (Латын тілінде positivus-жағымды) негізгі мәні мынада, әлеуметтану субъективті пікір мен абстрактілі дәлелсіз философиялыққа салынбауы керек. Ол қоғамды зерттейді, қоғам тірі табиғат сияқты «организм». Табиғат заңдары сияқты, оның дамуын объективті заңдар басқарады. Сондықтан да ол әлеуметтану, биология, анатомия және т.б. жаратылыстану ғылымдары үлгісіндегі нақты ғылымдар жүйесіне кіреді, ол нәтижесін тексеріп білуге болатын дәлелді ғылым. Мұндай «түсіндіруші әлеуметтану», олардың ойынша, қандай да болсын идеология мен жеке адамдардың пікіріне тәуелді болмауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет