Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов


Әлеуметтанулық білімнің негізгі парадигмалары: құрылымдық функционализм, дау-жанжалдық ыңғай, символикалық интеракционализм



бет13/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   114
3. Әлеуметтанулық білімнің негізгі парадигмалары: құрылымдық функционализм, дау-жанжалдық ыңғай, символикалық интеракционализм.
4.Қазіргі кезеңдегі мәселелер мен зерттеу бағыттары.
Антипозитивизм мен «ұғындырушы әлеуметтану» қоғам туралы ғылымда басқаша көзқарас қалыптастырады. Бұл бағыттың негізгі өкілі әлеуметтанушы, философ, және тарихшы М. Вебер (1864-1920) болды. Ол және оның ізбасарлары әлеуметтік өмірді зерттеудің негізі ретінде оны ұғынуды алды және оған субъективті баға берудің мүмкіндігін айтты.
Олар ғылымды унификациялауға қарсы шықты, яғни жаратылыстану ғылымы мен қоғам туралы ғылымды ортақ жүйеге келтіруге болмайды деді. Әлеуметтану ерекше таным теориясын жасап, қолдануы керек. Табиғат құбылыстары объективті, ол адамның санасы мен еркінен тыс өмір сүреді. Оларды ғылыми тәсілдер арқылы дәл өлшеп, оны тәжірибе жұзінде қайталауға болады. Қоғам-адам әрекетінің нәтижесінде мәдениет желісі бойынша оны өзгертіп, және жетілдіріп отырады. Қоғам қайталанбас тұлғалардан тұрады, сондықтан индивидуализациялық тәсілмен шын ықыласпен ұғынуды талап етеді. Сонымен бірге, осы ұғыну арқылы алынған нәтижелерді тәжірибе жұзінде тексеруге болады.
Мысалы, суретшінің салған кенептігі суретінің бояуын табиғи-ғылыми тәсіл арқылы, оған физикалық-химиялық талдау жасауға болады. Алайда, бұл тәсіл суретшінің бейнелеген суретінің мәдени мәні мен идеясы туралы ештеңе айта алмайды. Тағы бір мысал, жолаушы және бомбалаушы ұшақ ғылыми көзқарас тұрғысынан құрылымы бірдей, алайда әлеуметтік қызметі әр түрлі. Мұны тек «ұғынушы әлеуметтану» ғана анықтайды.
Конт пен Веберден басқа әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасып дамуына неміс ойшылы К.Маркс (1818-1883), ағылшын философы әрі әлеуметтанушысы Г.Спенсер (1820-1903) және француз әлеуметтанушысы Э.Дюргейм (1859-1917) үлкен ұлес қосты. Бұл ойшылдар қоғамтанулық мәселелерге жауап іздеді, ол: қоғам дамуының жолдары қандай; ондағы қатынастарды қалай реттеу керек, адамның әлеуметтік мінез - құлқын не анықтайды және т.б. Олардың әрқайсысының зерттеу тәсілі мен теориялық тұжырымы болды.
Э. Дюргейм әлеуметтік таным жеке индивиттердің мінез-құлқы мен санасына емес, қоғамның әрбір мүшесінен жоғары тұратын әлеуметтік фактіні зерттеуге бағытталуы керек деп түсіндіреді.
Әлеуметтік фактілер – адамдардың біріккен әрекеті мен ұжымдық санасынан қалыптасқан ерекше қоғамдық құбылыс. Бұл қоғамда әрекет ететін моральдық және құқықтық нормалардың белгілі салт-дәстүрлер мен әдеттерге, дінге, ғылымға, ағарту ісіне т.б құндылықтарға қатынасы. Осы әлеуметтік фактілер бір қоғамды екінші қоғамнан ажыратады. Олар индивидтің көпшілік адамдар арасындағы мінез-құлқын айқындайды.
К.Маркстің ерекшелігі, оның дұниені танып, білу ғана емес оны өзгертуге ұндеуі. Өзгерістің негізгі тәсілі революция-қоғам өміріне кұшпен өзгеріс енгізу. Тек бір таптық (пролетариаттық), екінші тапты (бұржуазияны) жоюуы, қоғамдағы қарама-қайшылықты шешеді.
Бұған қарама - қарсы Г.Спенсердің қоғамды өзгертуге негізгі идеясы-эволюция. Ол табиғаттың тірі организмдердің мыңдаған жылдар бойына қалыптасқаны сияқты, адамзат қоғамында биологиялық организм сияқты, қоғам жәй формадан күрделі формаға қарай дамитынын айтады.
М.Вебердің негізгі ойы-жалпыны қамтитын рационалдық (латын тілінде rationalis- ақыл-парасаттық) идеясы, яғни ақыл парасатқа бағытталып, мақсаттандырылып ұйымдастырылған өмір. Бұл: 1. рационалды тиімді шаруашылық; 2. рационалды бюрократия, яғни пісіп-жетілген қоғамды басқару жүйесі; 3. рационалды құқық – адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін нақты және іс-әрекеттегі нормалар мен тәртіптер; 4. рационалды дін, адамдар бойында еңбексұйгіштік, қарапайымдылық, адалдық пен әделеттілік қалыптастырды.
ХХ ғасырда әлеуметтану ғылымы АҚШ-да жемісті дамыды. Егер Еуропада әлеуметтану жеке ғылымдардың ынта жігері арқылы дамыса, америкада басынан жақсы ұйымдастырылып, қаржы бөлініп, университеттік білімнің ажырамас бөліміне айналды. Математика, статистика, модельдеу тәсілдері мен экспериментті кең қолдану әлеуметтануды нақты ғылым ретінде қалыптастырды.
Америка ғалымдарының негізгі кұші практикалық мәселелерді шешуге бағытталған, яғни, адамдар мінез - құлқының себептері қандай, әлеуметтік бақылау мен басқаруды қалай жетілдіруге болады, өндірісті адамдардың ынтымақтастық рухын, еңбек өнімділігін арттыруды, халықтың әл-ауқатын көтеруді қалай қамтамасыз ету керек деген секілді мәселелер.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғ. басындағы Америка әлеуметтануының негізгі бағыттарының бірі бихевиоризм, қалыптасты. «Бихевиоризм» ағылшынның «behavior» - мінез-құлық туралы ғылым деген мағынаны берді. Бұл бағыттың негізін қалаған американ психологы Эдуард Торндаик (1874-1949) пен Джордж Уотсон (1878-1858) және олардың шәкірттері шын мәнінде адамның «мінез-құлық технологиясын» жасауға ұмтылды.
Мұнда мінез-құлықты «Стимул-реакция» қарапайым формуласы арқылы анықтады. Стимул – адамдарды әрекет етуге итермелейтін әсер, ал реакция – оған қарсы әрекет. Мысалы, жаңбырдың басталуы (стимул), қолшатырды қолдануымыз (реакция). Бірқатар «мінез-құлық схемалары» адамға туа біткен (дем алу, тамақ ішу, жөтелу т.б.), ал басқа реакцияларды тыңғылықты үйрету арқылы автоматтандырып, адам мінез-құлқын реттеп, қоғамда ұйлесімділік орнатуға болады деп тұжырымдайды.
Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы мен дамуы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың ұлесіне тиді. Ресейде әлеуметтану ғылымы саласында зерттеулер жұргізілген көптеген ойшылдар шықты. Олар әр түрлі әлеуметтану бағыттары мен ағымдарын қалыптастырды. Географиялық идеядағы бағыт географ-ғалым әрі әлеуметтанушы Лев Ильич Мечниковтың (1838-1888) еңбектерінде анық байқалды. Л. И. Мечниковтың әлеуметтану теориясы тұрғысынан қарастырған мәселелері оның «Өркениет және ұлы тарихи өзендер» деген ірі еңбегінде баяндалды. Социал-дарвинизмнің әлеуметтік заңдылықтарды механикалық тіршілік үшін күрес заңына ұқсастыру тұжырымдамасын жоққа шығарып, зерттеуші әлеуметтануды нақты ғылыми пәнге айналдыруды көздеді. Ол үшін, оның пікірі бойынша, қоғамдық өмірдің шынайы ерекшелікті заңдарын тұжырымдау, сонымен қатар әлеуметтік прогресс белгі-өлшемдерін барынша мұқияттылықпен анықтау қажет болады. Бірнеше тіршілік иелері ортақ мақсатқа бірлесе кұш жұмсап жету үшін қай жерде жиналса, қоғам сол жерден басталады деп ойлап, Л. И. Мечников қоғамда коорперациялар, ынтымақтастық құруға тырысу анықтаушы болатынын атап көрсетті.
Қоғамдық прогресс идеясы Л. И. Мечниковтың әлеуметтану тұжырымдамаларында маңызды орынға ие болды. Оның пікірінше, прогресс идеясы болмайынша, адамзат тарихы тек оқиғалардың мағынасыз қоймасы болып қалады. Бұл тұрғыдан алғанда, әлеуметтану міндеттеріне прогресс неден тұрады, қоғамның алға қарай дамуын қандай нақты белгі-өлшемдермен анықтап білуге болады деген мәселелерді қойды.
Ресей әлеуметтану дәстүрінде органикалық деп аталған бағыттың өкілдері Александр Ивановия Стронин (1826-1889) және Павел Федорович Лилиенфельд (1829-1903) қызықты ережелерді қалыптастырды.
А. И. Стронин әлеуметтік білімді жаралыстану ғылымына, ең алдымен биологияға ұқсас үлгіде қарау қажет деп есептеді. Сондықтан оның «әлеуметтану физиологияға ұқсас болуы қажет» деп тұйіндеуі түсінікті еді. Өзі өмір сүрген қоғамды пирамида тәріздес бейнелеу арқылы А.И.Стронин адамгершілік және интеллектуалды құндылықтарды жасайтын қоғамдағы жоғарғы құрылым тек саясатпен айналысу қажет деген ой қорытады. Оның пікірінше, әрбір социумның, кез келген биологиялық организм сияқты, белгілі бір жинақталған кұш қорына сәйкес өмір сүруі шектеулі болады. Ол кұш ерте ме, кеш пе бітеді. Адамгершіліктің құлдырауы мен әлеуметтік идеялардың күйреу процесін биологиялық азу құбылыстарымен салыстыра келіп, А.И.Стронин Батыс Еуропаның «революциялық дәндері» Ресей шындығына жат және қауіпті деген сенімде болды.
Тұлға еркін болуы керек, оған ештеңкені таңуға болмайды дей келіп, Бакунин еркіндіктің әлеуметтік сипатта болатынын жазды. Өйткені еркіндік тек қоғам арқылы жүзеге асуы мүмкін және ынтымақтастықта болуымен іске асады. Қоғам әр адамның толыққанды дамуы үшін жағдай жасауы тиіс, тек сол ғана оның әлеуметтік еркіндігінің нақты мүмкіндіктерін анықтайды. Адам еркіндігінің бұдан да басқа да көріністері бар, кез келген өкімет билігі, ол мейлі құдайдікі болса да, адамдікі болса да, егер ол тұлғаны қанаса, оның еркіндігі бұлікке соқтырады және содан көрініс табады.
М. Бакуниннің пікірі бойынша, адам өз еркін шектейтін қоғамдық институттармен қарама-қайшылыққа тұседі. Ол әсіресе халықты басып, жаншитын және халықты қанау есебінен кұнін көретін чиновниктер аппараты ретіндегі мемлекетпен күреседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет