2.Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасының құрылымы және негізгі элементтері. Әлеуметтік зерттеу бағдарлмасының құрылымы мынадай екі тараудан құралады: әдістемелік және әдістемелік-процедуралық. Бағдарламаның бірінші методолгиялық тарауы мынадай элементтерден құралады:
мәселенің таңбалануы: зерттеудің мақсаты мен міндеттері
зерттеу обьектісімен пәнін анықтау ,негізігі ұғымдарды интерпретациялау
зерттеу обьектісін алдын-ала жүйелі талдау
жұмысшы гипотезаларын құру
Нақты әлеуметтік зерттеудің мақсаты-бұл зерттеудің жалпы бағытталуы, әрекет жобасы, олар түрлі актілер мен операциялардың жүйелі реттелуін және сипатын анықтайды. Әлеуметтік зерттеудің мақсаты зерттеудің бағдарын анықтайды. Олар-теориялық және қолданбалы бағдарлар. Осы бағдарға зерттеу жұргізудің қисындылығы тәуелді болады.
Нақты әлеуметтік зерттеудің бағдарламасының маңызды методологиялық бөлімі зерттеу міндеттерін анықтау болып табылады. Нақты әлеуметтік зерттеудің міндеті - мәселені талдау мен шешуге бағытталған нақты мақсатты қондырғылардың жиынтығы. Зерттеу міндеті мәселенің талдауына арналған негізгі және негізгі емес талаптарды құрамына алады.
Мәселені реттеп, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтап, әлеуметтанушы өз зерттеу обьектісін таңдайды.
Әлеуметтік зерттеу обьектісі-әлеуметтік зерттеу бағытталатын құбылыс немесе ұрдіс. Мұндай құбылыстарды зерттеу нәтижесіңде олардың пайда болу себептері жөнінде жаңа ақпараттар алынады. Ғылыми ізденіске кіріспестен бұрын нені зерттейміз, кімдерден ақпарат аламыз, зерттеуді қай жерде өткіземіз, т.б. сауалдарға жауап қайтаруымыз керек. Осыған орай зерттеу жұмысының бірінші кезеңінде оның бағдарламасы мен әдістері дайындалады, ғылыми ізденістің бүкіл процесін ұйымдастыру мұқият ойластырылады, сүрыптау (кімдер зерттеледі) белгіленеді. Екінші кезеңінде адамдардың сол мәселе жөніндегі пікірлерін анықтайтын ақпарат жинақталады. Үшінші кезеңде алынған ақпарат қолмен немесе машинамен өндеуден өткізіледі. Төртінші кезеңде алынған ақпаратқа ғылыми талдау жасалады. Бесінші кезеңде алынған ақпарат қорытындыланып, оның нәтижесіне орай шешім қабылданады.