Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов



бет69/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   114
Билік заңдылығының түрлері
1) дәстүрлі билік заңдылығы - әдет-ғұрыптар, дағдылар мен газеттер беделіне, оларды сақтау үшін бағдарлануға негізделген. Дағдылар мен дәстүрлер реттеуші рөлін ғана атқарып қоймай, олар ұрпақтардың белгілі бір сабақтастығын, тарихи процестің толассыз жүруін қамтамасыз етеді. Дәстүрлі биліктің заңдылығы монархияға тән болады.
Ғылыми әдебиетте дәстүрлі биліктің бірнеше түрлерін айырады:
а) патриархалдық — рулық қатынастарға тән;
б)патримониалдық — билік жүргізушінің дәстүрлерден белгілі бір еркіндігі (армияға және әкімшілік аппаратына қажеттілік туындайды);
в)сұлтандық — патримониалдықтың бір түрі, Шығыс елдеріне тән болады;
2)харизматикалық билік заңдылығы — харизма грек сезінен аударғанда рақымшылық, құдай шапағаты, нұр жаутан деген мағынаны білдіреді — саяси қайраткердің айрықша қасиеттеріне деген соқыр сенімге негізделген. Мұндай қасиеттер данагөйлік, күнәсіздік, әулиелік, киелілік, ерлік және басқалары болып табылады. Харизматикалық билік, сөйтіп, қайдағы бір жоғары қадір-қасиеттерді және тіпті түсініксіз, ойдан шығарылған қасиеттерді өзіне қоса таңатын көшбасшының берілгендігіне негізделген билік болып табылады.
3) ұтымды-құқықтық заңдылық — демократийлық билікке тән болады.
Заңдылықтың бұл түрінің шыққан кезі көпшілік таныған ережелер бойынша, яғни адамдарды биліктер шешімдеріне бағынуға итермелейтін демократиялық рәсімдер негізінде қалыптасқан ұтымды ұғынылатын мүдде болып табылады. Әңгіме басшының жеке өзіне емес, керісінше заңдар ауқымында биліктің өкілдері әрекет ететін заңдарға бағынатын мемлекет туралы болып отыр.
Қоғамдағы билік іс жүзінде ол өмір сүретін барлық деңгейлерде: жоғары деңгейде (бүкіл қоғам), орта деңгейде (белгілі бір қауым) және шағын деңгейде (ұжым, шағын топ, отбасы) таратылады.
Билікті топтастыру
1.қызмет атқару саласы бойынша: саяси, идеологаялық, әлеуметтік, экономикалық, заңдық, зайырлы және рухани (діни) билік;
2.төтенше құзырларының көлемі бойынша: мемлекеттік, халықаралық, отбасылық билік және т.т;
3.билік объектісі бойынша: қоғамдық, таптық, партиялық. тікелей билік:
4.басқару режимі бойынша: тоталитарлық, жауыздық, төрешілдік, авторитарлық, демократиялық және басқа да билік;
5.әлеуметтік түрі бойынша: құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік билік және т.т.
6.ресурстар бойынша: экономикалық, әлеуметтік, рухани-хабарламалық, мәжбүрлеу (оны көбінде, мұның өзі онша-мұнша дәл келмесе де, осы сөздің тар мағынасында оны саяси билік деп атайды) және осы сөздің қең, өз мағынасында саяси билік.
"Саяси билік" және "мемлекеттік билік" ұғымдары барабар ма деген көптеген пікірлер бар: кез келген мемлекеттік билік дегеніміз саяси билік, бірақ кез келген саяси билік мемлекеттік билік емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет