1.Биліктің шығу көзі, мәні, пайда болуы. Билік проблемасы саясаттың негізгі проблемасы болып табылады. Әдеттегі сана деңгейіндегі және ғылыми әдебиетте “билік” ұғымы әртүрлі мағынада қолданылады. Билік құбылыс ретінде – бұл қайсыбір адамның билік ету қабілеті, құқығы мен мүмкіндігі, әралуан құралдардың – құқықтың, беделдің, ерік-жігердің, мәжбүр етудің көмегімен адамдар тағдарына, мінез-құлқына немесе қызметіне шешуші әсер ету.
Биліктің жалпы белгілері. Биліктің қоғамдық сипаты – билік қатынастарының тараптары әманда сана мен ерік-жігерге ие болатын адамдар, олардың әлеуметтік топтары, ұйымдары болып табылады. Өзінің табиғаты жағынан билік – бұл тамаша, ерік-жігерлі немесе сезімдік және өзге де көзқарас әрі осынысына қарай оның өзі қандай да бір әкрекет жасай алмайды.
Биліктің авторитарлық сипаты - өзінің осы бағыныштылығын қамтамасыз етудің нысандары мен тәсілдеріне қарамастан, билік объектісі ерік-жігерінің оның субъектісі ерік-жігеріне бағыныштылығы. Өз кезегінде, бағынуға даярлығы бірқатар факторларға: билігін жүргізу объектісінің қасиеттеріне, оған қойылатын талаптар сипатына, жағдайына және т.т. байланысты болады.
Тарихи әмбебап сипаты. Билік адамзат қоғамының міндетті белгісі болып табылады. Қоғамның, мемлекеттің әлеуметтік-таптық болып бөлінуі пайда болғанға дейін ол қоғамдық сипат алды, яғни қоғамнан жоғары тұрған аппарат, ерекше күштеу мекемелері болмады. Қоғамның таптарға бөлінуімен және әлеуметтік институт ретінде мемлекеттің пайда болуымен қандастық – туыстық қатынастар екінші кезекте тұрды да, ақсақалдар беделі орнына қоғамнан бөлінген және оның үстіне өктемдік еткен жария биліктің беделі пайда болды.
Биліктің анықтайтын элементтер: 1) билік қатынастарының кемінде екі әріптесінің болуы, мұндай әріптестер ретінде жекелеген дара адамдар, сондай-ақ адамдар тобы болуы мүмкін;
2) билікті жүзеге асыратын бұйрық, яғни оның кімдерге қатысты билігін жүзеге асыруына байланысты еркін білдіруі, сонымен бірге ол орындалмаған ретте қорқытып-үркіту әрекеттерін қолдануы;
3) билікті жүзеге асыратын бұйрықта білдірілген ерікке бағыну;
4) бұйрықтар беретін адамның бұған құқығы бар екенін, ал басқа адамның бұйрықтарға бағынуға міндетті екенін белгілейтін қоғамдық нормалар.
Биліктің жалпы белгілерін, анықтаушы элементтерін талдау мынадай түсіндірмеге саяды. Билік — жалпы мағынасында өзінің еркін жүзеге асыру, қандай да бір құралдардың: беделінің, құқығының, күш қолдану көмегімен қызметіне, мінез-құлқына белгілі бір ықпал ету қабілеті мен мүмкіндігі.