Саяси жүйелердің негізгі міндеттері: қоғамның мақсаттарын, оны дамыту бағдарламаларын белгілеу;
2) алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін ресурстарды жұмылдыру;
3) ортақ мақсаттар мен құндылықтарды насихаттау көмегімен қоғамның барлық элементтерін ықпалдастыру;
4) жеке-дара адамдарды саяси әлеуметтендіру; қоғамның барлық мүшелерін қатысуға тарту;
5) олардың мүдделерін үйлестіру;
6) нормаларды (заңдарды) жасау; оларды атқару мен сақтауға бақылау жасау.
Саяси жүйелерді топтастыру. Саяси жүйелер әртүрлі негіздер бойынша топтастырылуы мүмкін.
Қоғамның түріне қарай олар дәстүрлі, жаңғыртылған демократия және тоталитарлық жүйелер болып бөлінеді (Р. Арон, У. Ростоу және басқалары).
Ортамен өзара іс-қимылы сипатына қарай — ашық және жабық жүйелер болады.
Саяси мәдениеттері мен оларды билікті ұйымдастыру нысандарында білдіруіне қарай — ағылшын-американдық, құрлықтық-еуропалық, индустриялық дәуірге дейінгі және ішінара-индустриялық, тоталитарлық жүйелер (Г. Алмонд) болып бөлінеді.
Саяси режиміне қарай — тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық (іс жүзінде, бірде-бір режим таза күйінде болмайды, белгілерінің, сипаттамаларының тоғысуы байқалады) жүйелері бөлінеді.
Саяси жүйенің демократиялық түрі: а) саяси іс-қимылдарға қатысушылардың әлеуметтік базасын ұлғайтумен, олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етумен, жоғары тұрмыс деңгейімен, орташа таптың басым рөлімен;
б) саяси бәсекемен, саяси қатысудың жарысқа түсу нысанымен және басшылықтың көппартиялық нысанымен, адамдардың қалың топтарының және билік институттарының билігіп жүзеге асыруға қатысуымен;
в) халықтың еркін парламенттік әдіспен білдіруімен, өкімет билігінің заң шығарушы органдарының төменнен жоғарыға дейін саясаттануы мен есеп беруімен;
г) азшылықтың мүдделері мен құқықтарын құрметтеу жағдайында көпшіліктің саяси шешімдер қабылдауымен;
д) дамыған азаматтық қоғаммен, бұқаралық қоғамдық бірлестіктерді, одақтарды құрумен;
е) демократиялақ саяси мәдениетімен, пікірлердің, көзқарастардың әралуандығымен, жариялылығымен, ашықтығымен сипатталады.