Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов



бет80/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   114
3.Сайлау саяси институт ретінде.
Қазақтың саяси дәстүрінде сайлаумен қатар, биліктің мұраға берілуі, сондай-ақ лауазымды тұлғаны жэй ғана тағайындау да болған. Хандар шыңғыстық-төре тұқымынан сайланып отырған. Сұлтан бо-лып тек Шыңғыстың тү_қымы, яғни «ақсүйектер» тағайындалды. Ханды сайлау кезінде қарапайым халық дауыс беру үрдісіне қатыспағанын айта кету керек. Хан-ды шектелген жақын орта ғана, ал көбінесе оның тек жақын туыстары сайлаған. Сондықтан, қазіргі заманғы демократиялық түсінік бойынша, бұл үрдісті сайлау деп атау қиын.
Кейбір басқару және сот қызметтерін атқарған билер де сайланбаған, олар тіпті тағайындалмаған да. Олар - жоғары беделге ие болған адамдар. «Би атағын алу қазақтарда қандай да бір үрдістерді өткізудің нэтижесі емес, ол кең көлемді қоғамдық қалаудың нэтижесі еді. Би болу үшін құқық туралы білімі болуы тиіс жэне ше-шендік қабілетін халық алдында көрсетуі керек. Мүндай адамдар жайлы қауесет ұланғайыр далаға бір-бірінен тез тарап, барлығына мэлім болып кететін. Сөйте оты-ра, би атағы қызметтік және қорғаушылық тэжірибенің патенті болып табылады»1.
Сонымен бірге, бейресми билікке бақсы, Мек-кеге қажылыққа барған қажылар жэне шайқастарда аты шыққан батырлардың ие болғанын атауға бола-ды. Олар сайланбаған жэне көбінесе басқару қызметін халықтың үнсіз келісімімен немесе олардың мойын-дауымен жүзеге асырған. Қолбасшылар мен салық жинаушыларды хан немесе сүлтандар тағайындаған.
Қазақстанның Ресей Империясымен бірігуінің салдарынан отаршыл билік бірқатар реформалар жүргізді. Бүл ел бойынша рулық қағидаға негіз-делген бүрынғы аймақтық бөліну тэртібін бүзды. Нақты аймақтық шекара бойынша округке бөлу қарастырылды. Округтер болыстарға, ал болыстар ауылдарға бөлінді.
1822 жыл ыжарықкөрген «Сібір қырғыздарының (қазақтардың) жарғысына» сай, округтік аға-сүлтанды сайлау қарастырылған. Аға сүлтан жүз сүлтандарынан таңдалып, 3 жылға сайланған. Бо-лыс қоғам келісімімен шектеусіз мерзімге сайланған басқарушы сүлтанды тағайындайды. Дегенмен бүл лауазым түрін мүра ретінде беруге болатын. Ең кіші экімшілік бірлік - ауылды қауыммен сайланған стар-шина басқарған. Бірақ барлық үміткерлер отаршыл экімшіліктің келісіміне бағынышты болатын. Әйтпесе барлық сайлаулар жарамсыз еді.
Уақыт өте келе елдегі заңдар түрғылықты халық үшін қатая түскен. Мысалы, 1907 жылы шыққан сайлау заңына сай, Түркістанның бүкіл халқы ресейлік Мемлекеттік Думаға өз өкілін үсынуға қүқығы жоқ болатын.
1917 жылы болған Қазан төңкерісі отаршылдықтан үлттық-демократиялық басқаруға өркениетті жол ашуға мүмкіндік беретін сияқтанған еді. Өкінішке қарай, КСРО Конституциясында: «Адамның қүқығынан жоғары ештеңе жоқ», делінгенімен бүл қүқықтардың бүзылу ауқымы жоғары болатын.
1991 жылы Кеңес Одағының ыдырауынан кейін, Қазақстан Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тэуелсіздігі туралы» заң қабылдады. Ал 1993 жылы Ата Заңымыздың қабылдануымен Қазақстан азаматтары жанама тікелей сайлау кұқығына ие болды.
Ал 1995 жылғы Ата Заңда сайлау жүйесінің түрі өзгергенімен негізі бүрынғысынша қалды, яғни Қазақстан азаматтары ел Президентін, Парламент мэжілісінің депутаттарын, Мәслихат депутат-тарын, аудан экімдерін, облыстық жэне аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар мен поселке экімін тікелей сайлауға қүқылы. Қазақстан Республикасының Конституциясы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін тікелей сайлауды қарастырған.
Біздің еліміздің Ата Заңы жэне бірқатар Қазақстанмен бекітілген халықаралық қүжаттар халықтың (оның үлттық, жыныстық, діни көзқарастарының ерекшеліктеріне қарамастан), елдегі саяси өмірге қатысуына құқылы екенін айғақтайды. Бүл үшін азаматтар өздерінің азаматтық жэне саяси қүқықтарын яғни сөз бостандығы, бірігу бостандығы, діни сенімге деген бостандық, сайлау қүқығы жэне мемлекеттік билік органдарына жэне т.б. сайлана алу қүқықтарын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында (3-ші бап) халық - мемлекеттік биліктің жалғыз көзі екендігі айтылған. Бүл қағида азаматтардың мемлекеттік билік органдарын қалыптастыруға тікелей қатысуға тең қүқылы екенінің кепілі болып табылатын сайлау жүйесінің негізін қалайды. Сайлау өткізу қағидалары мен ұсақ нормалар «Қазақстан Республикасындағы Сай-лау туралы» (1995 ж.) заңда көрсетілген. Заң құқықтық базаны яғни Орталық сайлау Комиссиясын I құруға негіз болды. Ол жоғарғы билік органдарының сайлануына жауапты болып табылады. Соны-мен қатар:

  • Азаматтардың сайлау құқығының тәртібін белгілейді;

  • Сайлау комиссиясын құру тэртібі мен міндеттерін бөледі;

  • Үміткерге қойылатын біліктілік талаптарын, оларды үсыну жэне тіркеу үрдістерін белгілейді;

  • Сайлауды ұйымдастыру жэне өткізу жөніндегі учаскелік сай-лау комиссиясының міндеттерін бекітеді;

  • Сайлаушылар тізімін анықтайды;

  • Сайлау күні болатын дауыс беру тэртібін жэне сайлау науқанын жүргізу ережелерін белгілейді;

• Бүкіл сайлау өткізу үрдісіндегі бостандық кепілін қамтамасыз ететін сайлаудың қорытындысын жасау тәртібі мен механизмін анықтайды.
Заң сайлаудың жалпыға ортақ, тікелей, тең және құпия түрде өтуін қамтамасыз етеді. Әр азамат қоғамдағы элеуметтік жағдайына қарамастан, дауыс беруге құқылы және "бір сайлаушы - бір дауыс" деген қағида сақталады.
Қазақстандағы сайлау бірнеше кезеңге бөлінбей (Мысалы, АҚШ-тағы президент сайлауы сияқты) көбінесе тікелей өтеді. Бүл халық өзі қалаған үміткеріне бірден дауыс береді деген сөз. Деген-мен, кей жағдайда сайлау құқығы халық өкілдеріне беріледі. (Мысалы, парламенттің жоғарғы палата депутаттары - сенаторларды мэслихат депутаттары сайлайды).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет