Саяси партия ұғымы. "Партия" термині латын тілінен шыққан және "бөлім", "бөлемін" дегенді білдіреді. Партия әлеуметтік жіктерге, таптар мен мемлекетке қатысты аралық буын болып табылады, бірақ қоғамдағы мүдделер мен басқа да бірлестіктерден өзгеше, Р.Доуздың анықтамасы бойынша, ол ең саяси буын болып табылады.
Партия қоғамның белгілі бір таптары мен әлеуметтік жіктерінің мүдделерін, қажеттері мен мақсаттарын білдіреді, саяси билік тетігінің қызметіне қатысады. Партия қызметінің принципі жақтарының бірі оның қоғамға идеологиялық ықпалы болып табылады, мұның өзі саяси сананы қальпттастырудан көрінеді.
Саяси партия - пікірлестердің ұйымдасқан, ерікті тобы болатын қоғамның белгілі бір жіктері мен топтарының мүдделері мен қажеттерін білдіретін, оларды мемлекеттік билікті жеңіп алу және оны жүзеге асыруға қатысу арқылы іске асыруды мақсат ететін қоғамдық өмір институты.
Партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік-жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады.
Саяси партияларды мыналардан айыра білген жөн: біріншіден, партия үшін сипатты ұйымдық құрылымы мен саяси бағдарламасы жоқ саяси қозғалыстардан, екіншіден, мемлекеттік билікті жеңіп алуға ұмтылыс жасамайтын, тек оны жүзеге асыратындарға ықпал жасауға ұмтылатын қысым көрсету топтарынан айыра білген жөн.
Қазіргі заманғы көпшілік партиялар Еуропада XIX ғасырдың екінші жартысында құрылады. Саясат ғылымында партиялардың "тарихи орнығу, процесі ұсынған схема бойынша қарастырылады:
а) ақсүйектер үйірмелері (котериялар);
б) саяси клубтар;
в) көшшлік партиялар.
Партиялар кәдімгі ішкі бірлестіктері бар, төменнен жоғарыға бағынышты тұрақты адамдар болып табылады. Партия құрылымы мыналарға бөлінеді:
а) партия көшбасшылары;
б) ақылдасу штабы, партия идеологтары;
г) төрешілдікке жатпайтын партия активі;
д) партияның самарқау мүшелері.
Партиялардың басқа қоғамдық институттардан айырмашылық өлшемдері:
а) ұйымның ұзақ мерзімділігі, оның өмір сүруінің одан әрі жүруі. Бұл өлшемдер партияны өздерінің негізін қалаушылармен бірге ғайып болатын әдеттегі сыбайластар тобынан, сұрқиялардан және аралас-құраластарынан ажыратуға мүмкіндік береді;
б) ұлттық орталықпен (басшылықпен) ұдайы байланыс жасайтын тұрақты жергілікті ұйымдардың болуы, мұның өзі партияның парламенттік топтан өзгешелігін көрсетеді;
в) орталық және жергілікті ұйымдар басшыларының билік жолындағы күресті мақсат етуі. Бұл партияның қиғандық ұйымдар мен, қозғалыстардан, (кәсіподақтардан, жастар және - басқа да ұйымдардан) өзгешелігін айқындайды;
г) қоғам тарапынан жаппай қолдау көрсетілуі. Бұл өлшемдері әдетте сайлауға және парламент өміріне қатыспайтын партиялар мен қысым жасау топтары арасындағы айырмашылықты білдіреді: олар партияға, үкімет пен қоғамдық пікірге елеусіз түрде әсер етеді.
Басқа ұйымдардан негізгі өзгешелік белгісі — мемлекеттік билік жолындағы ашық, айқын білінетін күреске бағдар ұстауы.
Саяси партияның міндеттері:
1) саяси міндеттері — мемлекеттік билікке ұмтылуы, саяси қатарын толықтыруы, таңдаушылық;
2) идеологиялық міндеттері — партиялық идеологияны жасауы, партиялық насихат;
3) әлеуметтік міндеттері — өкілдік етуі, бұқараны жұмылдыру, саяси әлеуметтендіру.
Бұл саяси партия міндеттерінің жинақталған сипаттамасы:
Қоғамның саяси институты ретінде саяси партияның негізгі міндеттеріне:
а) саяси міндеттерді белгілеу мен билікті жеңіп алу;
б) үлкен әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтау, қалыптастыру және қанағаттандыру;
в) саяси жүйенің барлық деңгейлері үшін саяси көшбасшылары мен бекзаттарын іріктеу және олардың қатарын толықтыру;
г) партия идеологиясын жасау, саяси бағдарлама жасау және іске асыру, насихат жүргізу және қоғамдық пікірді қалыптастыру;
д) саяси әлеуметтендіру, азаматтар бойында билікке қатысу қасиеттері мен дағдыларын қалыптастыру;
е) биліктің жоғары және жергілікті органдарын құру жөніндегі сайлау науқандарын әзірлеу мен еткізу жатады.
Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды 4 түрге топтастырады:
1.Авангардтық партиялар (лениндік тұжырымдама). Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінен партияның жұмысына белсенді қатынасуын талап етеді.
2.Сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүрізу. Оларда тұрақты мүшелік, идеологиялық негіз, ұйымдық құрылым жоқ.
3.Парламенттік партия. Ол негізігі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау. Мәселелерді алдын ала талқылап, қабылданған шешімдерді сәйкестеу, келістіру үшін партиялар парламенттер мен муниципалитеттерге(жергілікті өзін-өзі басқару органы) жіктер (фракциялар) жасайды. Премьер – министрдің кандидатурасы мен үкімет құрамы парламенттегі көпшілікке байланысты. Германия, Италия,Ұлыбритания, Франция.
4.Қауымдастық партиясы. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай өзара қатынасып, мағызды мәселелерді талқылау үшін біріктіреді.М/ы: «Жасылдар» партиясы балдарды, жануарларды қорғау партиясы, соғысқа, ядролық қаруға қарсы қозғалыстар жатады.
Саяси идеологиясына қарай партияларды 5 түрге жүйелеп жүр.
1.Коммунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы париялар. Олар К.Маркстің ілімін басшылыққа алады. Жеке меншіксіз, тапсыз қоғам құруға тырысады. Басқа партиялар коммунистік партияныңбасқарушы рөлін мойындауы керек. М/ы: Қытай, Солтүстік Корея, Куба, Бұрынғы КСРО.
2. Социал-демократиялық партиялар. Олар қазіргі капиталистік қоғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы реформалап, өзгеріп оытруға тырысады. Оладың басты құндылықтары: бостандық, әділеттілік, ынтымақтастық, теңдік.Австрия, Германия, Швеция социал-демократиялық партиялары.
3. Буржуазиялық-демократиялық партиялар. Олар ХІХ ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды.мынадай принциптерді басшылыққа алады: қоғамда билік үшін әрқашан ашық күрес жүруі керек, өкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылыжету, парламентте көпшілік дауыс алаған партия н-е партиялық бірлестік өкіметті билейді, басқарушы партияға қарсы үздіксіз ашық оппозиция жұмыс істейді. Заң алдында бәрінің де тең болғанын, сөз, баспасөз жиналыстар бостандығын қалайды.
4. Консервативтік партиялар. Негізінен ірі буржуазияның мүддесін қорғайды. Әлеуметтік теңсіздікті сақтағысы келеді, адамдық және азаматтық ар-намыс, плюрализм, ынтымақтастықты жақтайды.
5. Фашистік партиялар. Олар жеке мүддеден мемлекеттік мүдденің басым болғанын, басқаруда қатаң орталықтандырылуды, адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуді қалайды. Ұлтшылдықты уағыздайды.
Саяси партияларды жіктеу.
Шығу тегінің өлшеміне қарай — электоралдық, парламенттік жолмен шыққан партиялар және "сырттан шыққан" партиялар;
Бастауыш ұйымдардың сипатына қарай — партия-комитеттер, партия-секциялар, партия-ұялар және партия-шабуылдаушы отрядтар болып жіктеледі.
"Кадрлық" және "бұқаралық" принципіне қарай - бұл арада әңгіме партиялардың сандық мөлшері туралы емес, керісінше құрылымдық құрылысы туралы болып отыр. Кадрлық партиялар электоралдық комитеттерден және парламенттік топтардан (XIX ғ. орта шенінде) пайда болған. Сан жағынан олар көп емес, кәсіби саясаткерлерге, партияға материалдық қолдау жасауды қамтамасыз етуге қабілетті қаржы бекзаттарына арқа сүйейді, еркін мүше болу принципін сақтанды.
Бұқаралық саяси партиялардың кадрлық партиялардан ең алдымен санының көптігінен және тұрақты мүше болуымен өзгешелігі бар. Тарихи жағынан олар кадрлық партиялардан кейінірек пайда болған, олардың пайда болуы жалпыға бірдей сайлау құқығының кеңінен тарауына, жұмысшы қозғалысының дамуына байланысты болды.
Басқару режиміне қатысына қарай — басқару және қарсылас, жария және жария емес партиялар, көшбасшы партиялар мен кейінгі-партиялар, монополиялық басқарушы немесе бірлестік құрамындағы басқарушы партиялар және т.б.
Әлеуметтік-таптық белгісіне қарай — жұмысшы, шаруалар, фермерлер партиялары, зиялы қауым партиялары.
Идеологиялық бағытына қарай - коммунистік, социал-демократиялық, буржуазиялық-демократиялық партиялар.
Қазіргі қоғамдық құрылысқа қатысына қарай — революциялық, реформистік, либералдық, консервативтік партиялар болып жіктеледі.
Партия жүйесі. Ол саяси партиялар жиынтығынан, олардың әрқайсысының басқа саяси партиялармен өзара іс-қимылы, олардың қоғамдық ұйымдарға қатысты саясаты сипатынан тұрады.
Партия жүйесі қоғамдық-саяси күштерді ұйымдастырады, әлеуметтік мүдделер мен саяси көзқарастарды саралайды және ықпалдастырады, олардың жергілікті және жалпы ұлттық деңгейде тарайуына мүмкіндік береді.
Дәстүрлі түрде партиялық жүйелер былайша бөлінеді:
а) бірпартиялық жүйелер, бұл ретте басқа партиялардың жоққа шығарылады. Мұндай жүйе (бәсекелестік емес) ауқымында партия мемлекеттік аппараттың бір бөлігі болып табылады, бүкіл қоғамдық өмір барынша идеологиялық сипат алады, басқарудың өміршілдік әдістері басым болады, халық пен билік арасындағы кері байланыстар бұзылады;
б) ресми көппартиялық (бәсекелестік, бәстестік) жүйелер, бұларда мемлекеттік билік басында бір-бірін дүркін-дүркін алмастыратын екі саясипартия шешуші айқындамаларды белгілейді; Мұндай партия жүйелері Ұлыбританияда, АҚШ-та бар. Олар өздерінің тұрақтылығымен сипатталады, өйткені билік басындағы партия парламенттік көпшілікке ие болған;
в) пікір алуандығына бағдарланған көппартиялық жүйелер. Мұндай жүйедегі партия үшін сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізуде дербестік сипатты болады, сондай-ақ үкіметтік бірлестік науқан барысында өздерінің одақтастары қатарынан басым жеңіске жетушінің пайдасына кандидитураларын өзара қайтарып алуға, бірлескен бағдарламалық талаптарын және т.б. ұсынуға жол бермейтін бәсекелестікте әрбір партияның қол жеткізген нәтижелері бойынша қалыптасады.