Азаматтық қоғам ұғымы. Саясаттануда азаматтық қоғамның проблемаларын зерттеген кезде дәстүрлі түрде "мемлекет — азаматтық қоғам" деген дуалистік формуланы қолданады және мұның өзі обден орынды, кез келген көзқарас жағдайында, азаматтық қоғам атқаратвн қызметтерінің нысаны жағынан да, сондай-ақ мазмұны жағынан да біршама дербес қоғамдық құрылып ретінде көрінеді. Бұл тұрғысында мына жәйт басым болады: азаматтық қоғам кезегінде қоғамның қалыпты өмірлік қызметін қамтамасыз ететін мемлекетті бақылауға тиіс.
Жалпы алғанда азаматтық қоғамның түсінігі — бұл жеке-дара адамдардың дербестігіне негізделген қоғамның мемлекеттік емес бөлігі. Бұл отбасы, мектеп, ерікті ұйымдар мен одақтар, олардың мүдделері қоғамдық ой-пікір арқылы беріледі.
Азаматтық қоғам саяси құрылымдардан тысқары қалыптасатын, алайда оларды қамтитын әлеуметтік-ұйымдық құрылым ретінде сипатталады, өйткені оларды азаматтар құрады.
Демократиялық заңнамалар, билікті бөлу, жария қарсыластардың, пікір саналуандығы мен саяси ұйымдардың және т.с.с. болуы азаматтық қоғамның саяси өмірге ықпалының азды-көпті елеулі нысандары болып табылады. Демократиялық мемлекет жекелеген азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сақтауға кепілдік бере тұрса да, сонымен бірге ол өзінің (билік жүргізу) қызметінде ресми құқықтық нормаларға сүйенеді, оларда белгілі бір адами өлшемнен айрылады. Осыған орай адамзат өркениетін өрістету процесінің өзі саяси мәдениеттің елеулі элементі ретінде азаматтық қоғамның құрылымын туғызып, дамытады.
Азаматтық қоғамның рухани негізі жалпы адамзаттық имандылық нормалары — ізгілік, адалдық, парасаттылық және т.т. болып табылады. Мұның өзі қоғамның барлық азаматтарының мүдделерін ескере отырып туындаған проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
Мынаны ескеру керек: азаматтық қоғам өзінің әлеуметтік-саяси қызметінде заң жүзінде ресімделген пікір алуандығы болуынан ажырағысыз болады. Бұл орайда жеке өмір саласы кез келген саяси биліктің араласуына тыйым салу ретінде көрінеді. Бұл мінез-құлық бұйрығын жария өмірдің шындығында іске асыру деңгейі дегеніміз азаматтық қоғам мен оның маңыздылығы болуының бірінші көрсеткіші.
Азаматтық қоғам үшін билік демократизмінің қызмет атқаруында мыналар елеулі болып табылады:
а) оның заңдылығы, яғни билікке халықтан, сайлаушылардан мандат алуының шынайылығы, олардың еркін білдіруі шын мәнінде еркін болады (азаматтық-заңдық, саяси тұрғыда);
б) демократизмнің жалпыға бірдейлігі, толықтығы, яғни биліктің барлық нысандарындағы оның шынайылығы, әсіресе тиімді іс-қимыл үстіндегі биліктің заңға тәуелдігі мен оның бақылауында болуы;
в) тиімділігі, яғни билеп-төстеуші өкіметтің сайланғандар үшін халық өмірінің проблемаларын шешуді пұрсаттылықтар беру нысандарында емес, керісінше әрбір адам үшін өзінің шынайы күшін іске асыру мүмкіндігін әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету нысандарында қаншалықты нақты шешуі болып табылады.
Қазіргі жағдайларда азаматтық қоғамның орнығуы процесінде мемлекетке қатысты жеке адамның әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік аймағының пәрменділігін қалыптастыру мен қамтамасыз ету бірінші кезекке қойылады.
Азаматтық қоғам — бұл мемлекетке тәуелсіз, дамыған экономикалық, мәдени, құқықтық және саяси қатынастары мен оның мүшелері арасындағы қоғам, сонымен бірге олармен өзара әрекет ететін қоғам, жоғары әлеуметтік, экономикалық саяси, мәдени және жоғары ақлихаттық мәртебесі бар азаматтық қоғам, бұлар дамығын құқықтық қатынастарды туғызады.