Ф 03-03 Жолдыбаева М. С. «Мәдениеттану» пәнінен дәріс жинағы Шымкент 2023ж


Студенттің білімін тексеру үшін бақылау сұрақтары



бет12/22
Дата09.10.2024
өлшемі186,9 Kb.
#147453
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Байланысты:
t12ohT2yvulbVAVrIUAZSIGHxBw1zRAq4ANgnRIb 2

Студенттің білімін тексеру үшін бақылау сұрақтары:

  1. Ұлы жібек жолы қазақ мәдениетінің қалыптасуында орны мен ролі қандай болды?

  2. Ортағасырлық қала мәдениетінің ерекшелігі қандай болды?

  3. Ұлы Дала мәдениетінің материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасу ерекшелігі қандай болды?

  4. Қазақ әдебиетіндегі поэззия және жыраулық өнері қалай дамыды?

  5. Қазақ мәдениетінің этногенезі туралы не айтасыз?

  6. Қазақ мәдениетіндегі шешендік өнері қалай дамыды?



Пайдаланған әдебиеттер

  1. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2016.

  2. Ғабитов Т.Х., Затов Қ. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. - Алматы: Раритет, 2013.

  3. Габитов Т.Х., Муталипов Ж., Кулсариева А. Культурология. - Алматы, Раритет, 2008.

  4. Молдабеков Ж.Ж. Казактану. - Алматы, 2015.

  5. Молтобарова К.И. Мәдениеттану. - А, 2018.

  6. Наследие аль-Фараби и формирование нового интегрального мировоззрения. коллективная монография./ под общ.ред. з.к. шаукенова. – алматы: ифпр кн рк, 2012.

  7. Шәлекенов У.Х. Қазақ өркениеті – Алматы; Қазақ университеті, 2009.

  8. Байпаков К.М. Средневековые города Казахстана на Великом Шелковом пути. – Алматы, 1998.

  9. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. – М., 2008.




Дәріс 8. Түркілердің мәдени мұрасы.



  1. Қарахандар кезеңінің материалдық, қалалық мәдениеті.

2. Алтын Орда кезеңінің мәдениеті.

3. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Көне қала Тараз және өзге де мәдени объектілер қазақ халқының мәдени бірегейлік пен қазақтардың мәдени мұрасының құраушысы ретінде.

1. “Түрік” деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. “Түрік” этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ата-тегі шонжар топтағы немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек бұл сөздің семантикасы бірте-бірте ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, яғни “патша” шыққан тайпаның символы болған. Бертін келе сол билік етуші тайпаға бағынышты болып қалған тайпаларды да көршілері түріктер деп атап кеткен. Түрік қағандығының әлеуметтік, саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алып, үлкен роль ойнағаны тарихтан жақсы мәлім


Қара­хан мем­ле­кеті (942–1210 жж.): Қара­хан қағана­ты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сыр­да­рия, Та­лас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құры­луы 940 жыл­дан бас­та­лады. Қағанат­тың ор­та­лық ас­та­насы Шу өзені бойын­дағы Ба­ласағұн, кейінірек Ор­да­кент (Та­раз) қала­сы. Қара­хан мем­ле­кетінің Үзген, Мер­ке, Құлан сияқты қала­ларын­да ірі алып­са­тар ал­па­уыт­тар мен қолөнершілер ме­кен­де­ген. Қара­хан әулетінің негізін са­лушы Сатұқ Боғра­хан (915–955жж.) бо­лып есеп­телінеді. Ол Қарлұқ хан­дығының іргесін көтеріп, мәрте­бесін асы­рушы­лар­дың бірі – Білге құл Қадыр­ханның не­мересі. Сатұқ Та­раз және Қашқар қала­ларын өзіне қара­тып, 942 жы­лы Ба­ласағұндағы би­ле­ушіні құла­тып, өзін жоғары қаған деп жа­ри­ялай­ды. Мем­ле­кеттің күшеюіне қар­лық, шігіл, яг­ма тай­па­лары үлкен үлес қос­ты. Сатұқ өлген­нен кейін билік оның ба­ласы Мұсаға көшті, ол 960 жы­лы Қара­хан мем­ле­кетінің халқын ис­лам дініне қарат­ты. Оның ас­та­на қала­сы Қашғар бол­ды. Сатұқтың екінші ба­ласы Сүлей­мен-ілек Ба­ласағұнды иеленді. Кейін бұл өңірді оның ұлы Ха­сан Боғра-хан мұра етіп ал­ды. Мұса өлген соң, Қара­хан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның ба­ласы Әли Ар­сы­лан ханға көшті. 990 жы­лы Қара­хан би­ле­ушілерінің бірі Ха­сан (Ха­рун) Боғра хан Ис­фиджаб­ты бағын­дырды. Ал 992 жы­лы қара­хан­дықтар шығыс­та Хо­тан­ды, ба­тыс­та Бұха­раны ба­сып ал­ды. 999 жы­лы Қара­хан би­ле­ушісі Әли Ар­сы­лан­ның ба­ласы На­сыр Ор­та Ази­ядағы Са­мани­лер мем­ле­кетіне соққы берді. Қара­хан хан­дығы ұзақ соғыс­тардан кейін 1004–1005 жыл­да­ры Мәуере­нахр жерін түгел­дей өзіне қарат­ты. Осы­дан кейін Қара­хан мем­ле­кеті XI-ғасыр­дың 30 жыл­да­ры Шығыс және Ба­тыс қағана­ты бо­лып екіге бөлінді: 1.Жетісу және Шығыс Түркістан жері Шығыс қағана­тына қарап, оның ор­та­лығы әуелі Ор­да (Ба­ласағұнға жақын), кейін Қашғар қала­сы бол­ды.
Мәуере­нахр жер­лері – Ба­тыс қағана­тына қарап, оның ор­та­лығы Үзкент, кейінірек Са­марқанд бол­ды. Қара­хан мем­ле­кетінде жоғарғы өкімет билігі ха­кан­ның қолын­да болған. Ол мұра­герлікке қалып отырған. Қара­хан фе­одал­дық қоғамы­ның үстем тап өкілдеріне ха­кан­ның ұрпақта­ры тегіндер, ілек хан­дар, бек­тер, нәмен­герлер, нөкер­лер жатқан. Ханға ең жақын адам­дардың бірі уәзір болған. Уәзір жоғарғы би­ле­ушінің ең жақын көмекшісі және кеңесшісі бо­лып са­нал­ды. Хан са­райы, оның бас­ты ор­да­сы мем­ле­кеттік және әкімшілік басқару ор­та­лығы бо­лып есеп­телді. Қара­хан мем­ле­кетіндегі аса маңыз­ды әле­уметтік-са­яси инс­ти­тут әске­ри-мұра­лық жүйе болған. Мем­ле­кет бірне­ше үлес­терге бөлінді.
Олар­дың бас­ты­лары: Та­раз, Ис­фиджаб, Ба­ласағұн. Хан мем­ле­кеттік не­месе әске­ри қыз­меті үшін фе­одал­дарға жер беріп, сол жер­дегі ха­лықтан са­лық жи­науға рұқсат ет­кен. Мұндай жер­лер ик­та, ал оны иеле­нуші мук­та деп аталған. Қара­хан­дардағы жер иеле­нудің тағы бір көп та­раған түрі әске­ри – үлестік жер­лер. Ол әске­ри қыз­мет үшін берілген. Қара­хан фе­одал­дық қоғамын­да ша­ру­алар­ды қана­удың бір түрі – жалға үлестік жер бе­ру орын алған. Араб-пар­сы де­рек­терінде үлестік жер алған ша­ру­алар мұзар­лар не­месе барзұгар деп аталған. Үлес­кер жер­ден алынған өнімнің денін са­лық түрінде мем­ле­кет­ке және жер иелеріне төлеп отырған. Ша­ру­алар­ды қана­удың екінші бір түрі – ком­менда­ция жер иелігі. Оның мәні: әлсіз адам өзінің жер телімін күштінің қамқор­лығына бе­реді, ол күшті адам әлсіз адам­ды басқалар­дан қорғауға тиіс. Қазақстан­ның оңтүстік-шығыс және оңтүстік аудан­да­рын ме­кен­де­ген қара­хан­дықтар көшпелі және жар­ты­лай көшпелі мал ша­ру­ашы­лығымен ай­на­лыс­ты. Мал ша­ру­ашы­лығын­да жылқы өсіру же­текші орын ал­ды. Қара­хан мем­ле­кетінің құра­мына ен­ген түркі тай­па­лары отар-отар қой ұста­ды, сон­дай-ақ түйе, ешкі, ірі қара өсірді.
Оты­рықшы, жар­ты­лай оты­рықшы түрік тай­па­лары­ның біра­зы егіншілікпен де ай­на­лыс­ты. Олар та­ры және басқа да дәнді дақыл­дар өсірді, оты­рықшы­лар қала мәде­ни­етімен ара­ласып, қала халқын то­лықтыр­ды. Қала­лар­да қолөнер кәсібі, әсіре­се көзешілік кеңінен да­мыды. Олар аңшы­лықпен де ай­на­лысқан. Сон­дай-ақ Сыр­да­рия, Іле, Шу, Та­лас өзен­дерінен ба­лық аулау ай­тар­лықтай рөл атқар­ды.XI ғасыр­дың аяғына қарай Қара­хан мем­ле­кеті соғыс­тармен және фе­одал­дық иеліктердің одан әрі бөлшек­те­нуімен бай­ла­ныс­ты құлды­рай түсті. XII ғасыр­дың 30-шы жыл­да­ры Шығыс Қара­хан иелігін, Жетісу­ды және Қазақстан­ның оңтүстігін шығыс­тан кел­ген ки­дан­дар жа­улап ал­ды.
2. Ал­тын Ор­да­ның құры­луы: 1235 жы­лы Моңғол им­пе­ри­ясы­ның ас­та­насы Қарақорым­да болған құрыл­тай­ды Ба­тысқа (Еуро­паға) шапқын­шы­лық жо­рық жа­сау ұйғарыл­ды. Бұл жо­рық 1236 жы­лы бас­та­лады. Шыңғыс хан­ның не­мересі, Жо­шы хан­ның ба­ласы Ба­тый басқарған әскер Еділ мен Жайықтан өтіп, Орыс, Ук­ра­ина жер­лерін бағын­ды­рып, Шығыс Еуро­па ел­дерін талқан­дап, Ад­ри­ат теңізіне дейін же­теді. Осы­дан кейін Еділ бойын­да Ба­тый Ал­тын Ор­да мем­ле­кетін құра­ды. Ал­тын Ор­даға Ертістен Днестірге дейінгі жер­лер кіреді. Орыс княз­да­ры Ал­тын Ор­да билігін мойын­дай­ды. Ал­тын Ор­да­ның ас­та­насы Са­рай-Ба­ту, ал кейінірек Са­рай-Бер­ке қала­сы бо­лады.
Қоғам­дық-са­яси жағдайы. Ал­тын Ор­да әске­ри мем­ле­кет бол­ды. Ұлан-ғайыр өлке­де ор­на­ласқан мем­ле­кет халқының ба­сым бөлігі түркі тілдес қып­шақтар бол­ды. Мем­ле­кеттің бас­ты са­яси-мәде­ни тілі қып­шақ тілі бол­ды. Құрыл­тай мем­ле­кеттің негізгі ұйымы бо­лып са­нал­ды. Ал­тын Ор­да әскер­лері оң қол, сол қол деп екі қанатқа бөлінді. Мем­ле­кет ба­сын­дағы но­ян­дар мен бек­тердің, басқақтар мен тамғашы­лар­дың қолын­да билік көп бол­ды.
Мәде­ни­еті: Ал­тын Ор­да ха­лықта­ры — мұсыл­мандар. Ал­тын Ор­да мем­ле­кетінің алғашқыда көне ұйғыр жа­зуы негізгі жа­зу бо­лып қалып­тасса, кейіннен ис­лам діні ықпа­лының күшеюіне бай­ла­ныс­ты араб жа­зуы да қатар қол­да­ныла­ды. Ал­тын Ор­да дәуірі ор­тағасыр­лық түрік әде­би­етінің да­мыған ке­зеңі бол­ды. Бұл ке­зеңдегі әде­би шығар­ма­лар: 1233 жы­лы «Қис­са Жүсіп» (Әли), 1303 жы­лы «Ко­декс-Ку­мани­кус», 1303 жы­лы «Қып­шақ тілі сөздігі», 1359 жы­лы «Ма­хаб­батна­ма» (Ах­мет Хо­рез­ми дас­та­ны), 1391 жы­лы «Гүлстан бит-түрки» (қып­шақ ақыны Са­раи), 1409 жы­лы «Жүсіп-Зы­лиқа» (Дүрбек ақын). Осы дәуірде «Қырық ба­тыр» жы­ры дүни­еге ке­леді. Бұл ту­ын­ды­да қырық қып­шақ ба­тыр­ла­рының ерлігі ту­ралы ба­ян­да­лады.
Ал­тын Ор­да­ның тәуелсіз иеліктер­ге бөлінген кезі – XIV ғасыр­дың екінші жар­ты­сы. Ақ Ор­да, Хо­резм, Еділ бұлғар­ла­ры т. б. Дер­бес мем­ле­кет­тер пай­да бол­ды. Бұлар­дың бар­лығы бұрын Ал­тын Ор­да­ның құра­мын­да, кейіннен Ал­тын Ор­да­ның қазақстан­дық бөлігінде Ақ Ор­да, Моғолс­тан, Әбілқайыр хан­дығы, Ноғай Ор­да­сы сияқты мем­ле­кет­тер билік жүргізген.
VI-XII ғғ. Қазақстан­ның ру­хани мәде­ни­еті: Ежелгі түрік ал­фа­виті мен жа­зуы. Ер­те ор­та ғасыр­ларда Қазақстан жерінде түркі тілдес ха­лықтар қалып­тасты. Түркі тілдес ха­лықтар­мен қатар Қазақстан жерінде басқа тілдік топ­тар да өмір сүрді. Түркі тілдес топ­тардың ішіндегі ең ірісі – VI­II-X ғасыр­ларда Ертіс өңірінде қалып­тасқан қимақ-қып­шақ то­бы. Со­нымен қатар Қазақстан жерінде иран (соғды) тілдес, си­рия тілдес, араб тілдес ха­лықтар то­бы өмір сүрді. VI ғасыр­дан бас­тап түркі тілдес тай­па­лар­дың өз жа­зула­ры бол­ды. Бұл жа­зу ғалым­дардың пікірінше, соғды жа­зу­ына ұқсас. Көне түрік жа­зула­рының ес­керткіштері Моңғолия жерінде та­был­ды.
Бу­гут жа­зу­ымен соғды тілінде жа­зылған құлпы­тас Ор­та­лық Моңғоли­ядан та­былған: VI-X ғасыр­ларда Қазақстан­да соғды жа­зуы және тілі кең қол­да­нылған. Бұл жа­зу Та­раз, Ба­ласағұн, Ис­пиджаб қала­ларын­да та­рады. IX ғасыр­дан бас­тап Қазақстан­да ме­кен­де­ген тай­па­лар ара­сын­да ұйғыр жа­зуы қол­да­ныла бас­та­ды. Ғалым­дардың пікірінше, бұл жа­зу – соғды ал­фа­витінің өзгертілген түрі. XII ғасыр­да соғды жа­зу­ына негізделіп жа­салған түріктердің жаңа жа­зу­ын­да 38 әріп-таңба болған.
Көне түріктердің негізгі жа­зуы ру­на жа­зуы деп аталған. Бұл жа­зу скан­ди­нави­ялық ру­на жа­зу­ына ұқсас. XVI­II ғасыр­дың ба­сын­да жа­зуды алғаш рет Д. Мис­серш­мидт пен Ф. Стра­лен­берг ат­ты ғалым­дар Ени­сей аңғары­нан тапқан. Ал аса бағалы та­рихи ес­керткіш бо­лып са­нала­тын ру­на жа­зуы бар құлпы­тас XIX ғасыр­да Солтүстік Моңғоли­ядағы Ор­хон өзені маңынан Н. М. Яд­ринцев тапқан. Құлпы­тас­тағы жа­зуды түркіта­нушы В. В. Рад­лов пен дат ғалы­мы В. Том­сон оқыған. Бұл жа­зу «Ор­хон-Ени­сей тас жа­зуы» деп ата­лады. «Ор­хон-Ени­сей тас жа­зуы» Бұл ес­керткіш көне түрік ру­на жа­зу­ымен жа­зылған. Ес­керткіш құлпы­тас­тар 689–744 жыл­дардағы Ұйғыр және Түрік қағанат­та­рының өмір сүрген кезінде ор­на­тылған. Құлпы­тас­тар Білге қаған, оның інісі Күлтегін (732–735), кеңесші То­ныкөктің (716 жы­лы) құрметіне қойылған. Құлпы­тас­та түрік дәуіріндегі ба­тыр­лар мен ұлы адам­дардың ерлігі, өмірі жайын­да жа­зылған. Ор­тағасыр­лық та­рихи әде­би­еттің та­маша үлгілері – VI­II ғасыр­да Қазақстан­дағы ру­на жа­зу­ының ес­керткіштері. Олар екі топқа бөлінеді: Жетісу­лық жа­зулар то­бы, Ферғана­лық қыш­тағы жа­зулар то­бы. XI-XII ғасыр­лардан кейін түрік мем­ле­кет­терінде көне түрік ру­на жа­зу­ын ұйғыр жа­зуы мен араб жа­зуы ығыс­тырды.
3. Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.
Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.
Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Ясауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді.
1140 жылы Юсуп Хамадани, кейіннен оның екі мүритті дүние салған соң, қауымды Ахмет Ясауи басқарады. Бірақ көп ұзамай-ақ «мәртебелі» қызметін тастап, өзінің туған өлкесіне біржола қайтып оралады. Софизм идеяларын уағыздап, өзі де оны берік ұстана отырып, жоқшылықта өмір сүреді. Сондықтан да, оны жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап кетеді.
Ахмет Ясауидің уағыздаушы және ақын ретінде атағы кең жайылып, оның «Диуани Хикмет» («Даналық жайындағы кітап») атты діни өлеңдер жинағы көне түркі тілінде жазылғандықтан, жергілікті халыққа түсініктілігі арқасында талай мәрте қайта көшіріліп, бірнеше рет басылған...
Бұл сияқты уағыздық өлеңдерінің философиялық және діни-мисттикалық мазмұны, ондағы жақсылыққа, әділеттілікке шақырған үнмен ұласады, халықтың қайырымдылық сезімін ояту, оны басқа діндегілермен жауласудан сақтандырумен қатар дін иелерінің ашкөздігін, зұлымдығын әшкерелеумен жалғасып жатады.
Ахмет Ясауидің өлеңдері құнды әдеби ескерткіш, кейіннен қазақ халқыныі құрамына енген қыпшақ, оғыз, қарлық сияқты көне түркі тайпалары зерттеудің көзі болып табылады.
Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның әмірімен Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан екі жүз жыл кейін қирап бітуге таянған кішкене ғана мазардың орнына, дүние жүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды.
Темірдің өмірін Зафарнама, «Жеңіс кітабы» авторы Шараф-ад Дин Әли Мазди растайды. Ескерткіштің салынуын оның Ахмет Яссауидің қабырына зиядат етіп қайтқан 1397 жылдың аяғындағы оқиғалармен байланыстарыды. «Жеңістер кітабында» Темір, сол жылы Яссыда болған кезінде, мұнда өзіне қарайтын елдердің тегінде Ахмет Яссауидің атына лайық зәулім ғимарат салу жайлы жарлық берген еді делінеді. Ол ислам дінінің даңқын асыруда, оның кең таралуына, аса үлкен өлкен басқаруды жеңілдетуге тиіс болған.
ХІV ғасырдың аяғында бұл күмбез біткен соң Әмір Темір көреген Әзірет Сұлтанның қорын ұйымдастырып, өзі арнайы қол қойып бекіткен. Дегенмен, Қазандықтың ішкі есіктерінің біріндегі халькаға жазылған «1394-1395 жылдар» Темірдің өзі белгілеп берген. Бұл – ғимараттың басқа бөліктерінің кіндігі. Темір уйдің ішкі сәні мен салтанаты қалай болуы керегтігін де айтқан. «Қолхаты» (грамота) жазылған. «Қолхатта» Әмір Темір көрегендікпен жаңа біткен ғимарат туралы «ешқашан да, қандай болған жағдайда да сатуға, жекеменшік секілді ұрпақтан-ұрпаққа уақытша немесе түбегейлі біреуге беруге болмайтынын қатты ескерткен».
Ғимараттың кіре беріс есігінің ішкі маңдайшасында қазірге дейін жақсы сақталған жазудан мынадай сөздерді оқуға болады: «Бұл әулие мекен алла тағаланың рахымы жауған падиша Әмір-Темір Көрегеннің жарлығы бойынша орнатылды.
VI-XII ғасыр­лардағы қала­ла
Ор­та ғасыр­ларда әкімшілік, са­уда-эко­номи­калық ор­та­лық болған қала­лар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу­да қалып­тасты. Қазақстан­дағы ор­та ғасыр­лардағы қала­лар­дың бірне­ше бөліктері бол­ды.

  1. Шах­ристан – қала би­ле­ушілері, ақсүйек­тер мен діни қыз­меткер­лердің тұрағы.

  2. Ра­бад – қала­ның қолөнершілері мен са­уда­гер­лері тұра­тын бөлігі.

  3. Ци­тадель – қала­ның қорғаныс бөлігі, яғни қамал мен бекіністер.

VI-XII ғасыр­лардағы Қазақстан жеріндегі ірі қала­лар: Мер­ке, Ас­па­ра, Су­яб, Үзкент, Са­уран, Құлан, Тал­киіз, Қой­лық, Та­раз, Оты­рар, Қар­нақ, Аш­нас, Бар­шынкент, Сығанақ, Ис­пиджаб, Ве­сидж, Шауғар, Иасы (Түркістан), Ба­ласағұн, Ор­да т. б. Ар­хе­олог­тар Қазақстан жерінен 60-тан ас­там қала ор­нын анықтаған. Қала әкімшілігі. Ор­та ғасыр­лардағы қала­лар­дың көбі тәуелсіз өмір сүрген. Әр қала­ның же­ке билік жүргізетін би­ле­ушілері болған. Би­ле­ушілердің ти­тулы әр түрлі, мы­салы Кер­ми­кент би­ле­ушісі – ку­теген-ла­бан, Ба­рыс­ханда – ма­нап, На­уакент­те – ялан-шах, Се­мек­на­да би­ле­уші инал-тегін деп аталған. Қала халқы. Қала­лар­да ха­лық бірша­ма қоныс­танды. Со­нымен қатар қала халқы оты­рықшыға ай­налған көшпелілер есебінен көбейіп отырған. Ис­пиджаб­та 40 мың, Оты­рар­да 16 мың, Та­раз­да 10 мың, Ба­ласағұнда 10 мыңдай адам өмір сүрген (IX-XI ғасыр­лар)
Ис­пиджаб. Қазіргі Шым­кент қала­сынан 12 шақырым жер­де (Сай­рам) ор­на­ласқан. Бұл қала V ғасыр­да аса ірі мәде­ни­ет және са­уда ор­та­лығы бол­ды. Ис­пиджаб­тың осын­дай са­уда ор­та­лығы ретіндегі рөлі X-XII ғасыр­ларда күшейді. XI ғасыр­да са­уда ай­на­лымы үшін шығары­латын теңге са­райы Ис­пиджаб­та ор­на­ласқан. Ис­пиджаб IX-X ғасыр­ларда Қарлұқ, Қара­хан мем­ле­кет­терінің құра­мын­да бол­ды. Со­нымен қатар Ис­пиджаб ірі діни ор­та­лық болған.
Та­раз. «Ұлы Жібек жо­лы» бойын­дағы ор­тағасыр­лық ірі қала­лар­дың бірі Та­раз бол­ды. Та­раз қара­хан­дықтар мен қарлұқтар за­манын­да ерек­ше гүлденді. Бұл қала Та­лас деп те аталған. Та­раз қала­сын­да Ба­баша ха­тун, Ай­ша бибі, Қара­хан ке­сене­лері ор­на­ласқан. Та­раз қала­сы жайын­да араб са­яхат­шы­сы Әл-Мак­ди­си: «Та­раз – ірі бекіністі қала, бақта­ры көп, халқы тығыз, қала сыр­тында те­рең ор қазылған, төрт қақпа­сы және төңірегінде елді ме­кен­дері бар. Қала­ның ор­та­лық бөлігіне кірер қақпа ал­дында үлкен өзен ағады, өзеннің арғы бетінде де тұрғын үй­лер, өзен­нен өтер өткел­дері бар. Мешіт ба­зар ара­сына са­лынған», — деп жазған.
Түркістан (Иасы). Бұл қала алғашын­да Шауғар деп аталған. Қала­да атақты ой­шыл, ис­лам дінінің білгірі Қожа Ах­мет Иас­са­уи өмір сүрген (кейіннен Мәуерен­нахр би­ле­ушісі Ақсақ Темір Ах­мет Иас­са­уиге VII ғасыр­да ма­зар сал­дырған.) Қала­ның Қазақстан мен Ор­та Ази­яның діни ор­та­лығы ретіндегі бе­делі өсе берді.
Сығанақ – Сыр­да­рия бойын­да ор­на­ласқан ірі са­уда ор­та­лығы. VII ғасыр­да Сығанақ қала­сы қып­шақтар­дың са­яси ор­та­лығы бол­ды.
Ба­ласағұн – ор­тағасыр­лық ірі қала­лар­дың бірі. Бұл қала Шу өзенінің бойын­да ор­на­ласқан. Жал­пы зерт­те­улер бойын­ша Ба­ласағұн қала­сы V ғасыр­да пай­да болған. Бір кез­дері Ба­ласағұн қарлұқтар мен қарақытай­лар­дың ас­та­насы болған. Ба­ласағұнда ұлы ақын, ғалым Махмұд Қашғари еңбек ет­кен және ақын Жүсіп Ба­ласағұн туған. Ба­ласағұн қала­сы Ақтөбе деп аталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет