Маргулан А. Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана. - Алма-Ата, 1979.
Молдабеков Ж.Ж. Казактану. - Алматы, 2015.
Молтобарова К.И. Мәдениеттану. - А, 2018.
Шәлекенов У.Х. Қазақ өркениеті – Алматы; Қазақ университеті, 2009.
Акишев К.А. Искусство и мифология саков. - А., 1984.
Байпаков К.М. Средневековые города Казахстана на Великом Шелковом пути. – Алматы, 1998.
Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: Эпоха и цивилизации. - М., 1993.
Дәріс 9. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы.
Қазақ дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуы.
Қазақ халқының дәстүрлері, рәсімдері, салттары.
3. Ақын-жыраулардың музыкалық шығармашылығы
Ортағасырлық қазақ мәдениеті Ұлы Жібек жолынан басталады. Оған Ұлы Жібек жолындағы тауарлар, ортағасырлық ескерткіштер (Қожа Ахмет Иассауи кесенесі және тағы басқалар), «Ақыл кітабы», «Даналық кітап», «Түркі тілдер сөздігі жатады». Қазақстанның оңтүстігі және Жетісу арқылы Ұлы Жібек жолы өтті. Оның бір тармағы Суяб, Тараз және Испиджап қалаларының үстімен жүрді. Испиджаптан солтүстік-батыстағы Фараб, Шауғар, одан әрі Сырдарияның төменгі ағысына кететін тармақтар бөлініп шықты. Жібек жолымен ең алғашқы қатынас – байланыс б.з. бұрынғы ІІІ-ІІ ғасырларда жасалған. Бұл қатынас Бадахшан тау'ларында лазурит және Жәркентдәрияның жоғарғы ағысындағы Хотан ауданынан нефрит тасынын кен орындары табылыи, өнделе бастаған кезде пайда болды. Бадахшанда өндірілген лазурит Иран, Месопотамия, Алатол, Мысыр мен Сирияға тасьшды. 1 мыңжыл-дықтың ортасында Бадахшан лазуриті Қытайға жетті. "Лазурит жолы" Орта Шығысты Жерорта теңізімен жөне Үндістанмен бай-ланыстырды. Сол сияқты Шығыс Түркістан мен Қытайды байла-ныстырған "Нефрит жолы" болды. Б.з.-дан бұрынғы І мыңжылдықтың ортасында "Дала жолы" болған. Геродоттың сипаттауы бойынша ол Қара теңіз жағалауынан Донға дейін, Оңтүстік Орал маңындағы сарматтар жеріне, Ертіс пен Алтайға, Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген аргиппейлер еліне дейін барған. Осы жолмен былғары, аң терілері, иран кілемдері, бағалы металдан жасалған бұйымдар тасымалданды. ІХ—ХІІІ ғасырлар Орта Азияда қала мәдениетінің өрлеу кезеңі болды. Қалалар саны арта түсті, олардың көлемі кеңейді, қолөнер мен сауда өркендеді. Осындай құбылыс Қазақстанда да жүріп жатты. Жетісудың солтүстік-шығысында қалалық мәдениеттің жаңа үшінші ауданы пайда болды. Бұл аймақта VIII ғ. пайда болған қалалардың көлемі IX—XII ғасырларда айналасынан жаңа рабадтар салынуы есебінен ұлғая тусті, орталықтағы ескі үйлердің орнына жаңа құрылыстар салынып, бұл қалалар ірілене түсті. Әуелде олар ірі шонжарлардың тұрағы әрі қажет төнген кезде бас сауғалайтын қамалы ретінде салынды, мұнда рудың беделді, бай адамдары тұрды. Кейін қолөнер мен сауда өркендеді, қарапайым халық көшіп келе . бастады. Қытайдан жібек қағаз, айна, сырлы бұйымдар әкелінді. Батыс елдерден қытайға қас бояйтын сүрме, Вавилонның бағалы киімдері. Маржандар мен інжулер шыны, мата тасылып жатты. Қытай мен батыстың арасындағы сауда мәдени байланыста соғдылықтар үлкен рөл атқарды. Олар өз тарапынан саудаға күміс бұйымдар, түсті шыны,дәрілік және бояулық шөптер, кілемдер шығарумен айналысты. Сауда жергілікті ақсүйектерге айтарлықтай пайда келтірді және жорықта түсірген олжаларын сатуға да мүмкіндік берді. Византиядан, Соғды, Қытай және басқа көптеген елдерден шыққан сәнді, әсем заттар түркі шоңжарларының ордаларынын, бай қалалықтардың үйінен орын алып жатты. Археологиялық қазба кезінде Жетісудан византиялық таңбасы бар құмандар, алтын теңгелер мен қытайлық айналар көптеп табылды. Көшпелілермен айырбас сауда оларға таяу орналасқан Испиджап, Отырар, Дех-Нуджикес сияқты ірі қалалардын өтетін жәрменкелерде жүзеге асырылды. Отырар, Суяб, Тараз қалаларында құйылған қаңлы, түркеш, тухус теңгелері бұл тайпалардың саудасында ақшаның да қолданылғанына дәлел бола алады. Жергілікті теңгелер аймақішілік сауданың болғаның дәлелдесе, Соғды (VI ғасырдың соны мен VIII ғ. Басында) түркі теңгелері, Ферғана, Бұхар билеушілері,қытайлық Таң әулеті шығарған теңгелердің табылуы халықаралық сауда жүйесінде қалалардың маңызды рөл атқарғаның айқындай түседі. Жазба деректерде « Саудагерлер қаласы » деп аталатын Тараз маңында ірі сауда орталығы болған. Ал Суяб қаласы туралы «Онда әр елдің саудагерлері кездеседі, ал халқының жартысы саудамен айналысады» деп жазылған.
2. Ортағасырлық қазақ мәдениеті негізіндегі қала мәдениетімен тығыз байланысты. IX-XII ғасырларда Орта Азияда қала әдениетінің өрлеу кезеңі болды. Қалалар саны арта түсті, орлардың көлемі кеңейді, қолөнер мен сауда өркендеді. Осындай құбылыс Қазақстанда да жүріп жатты. Жетісудың солтүстік-шығысында қалалық мәдениееттің жаңа үшінші ауданы болды бұл аймақта VII ғ пайда болған қалалардың көлемі IX-XII ғасырларда айналасынан жаңа рободтар салынуы есебінен ұлғая түсті, орталықтағы ескі үйлердің орнына жаңа құрылыстар салынып, бұл қалалар ірілене түсті. Әуелде олар ірі шоңжарлардың тұрағы әрі қажет төнген кезде бас сауғалайтын қамалы ретінде салынды, мұнда рудың беделді, бай адамдары тұрды. Кейін қолөнер мен сауда өркендеді, қарапайым халық көшіп келе бастады. Көшпелілердің отырықшылыққа көшуінің бір дәлелін тұрғын үй мен қыш ыдыстарынан білеміз. Қазақстанның оңтүстігінде XI ғасырда тұрғын үйдің жаңа түрлері –анфиладалы, айқышты бөлмелі және қатарластырыла салынған үй-жайлар пайда болды. Жетісуда қалалық үйдің қасында жазда тіршілік ететін киіз үйлердің тігілуі де бұған дәлел. Көшпелілер керамикасында кертікті тапсырма біліктермен және сызып түсірілген оюлармен әшекейленген қыш құмыралар көп кездеседі. X-XII ғасырларда көшпелілердің әсерімен ыдыс қақпақтарын ою, бедерлеу және жапсыру арқылы әшекейлеу стилі қалыптасты. IX-XII ғасырларда бұрынғыша Жібек жолының маңызы басым болды. Осы арадағы сауда жолдарымен Енисейдегі хакастарға әр үш жыл сайын жібек тиеген керуен өтіп тұрған. Қала үшін төңірегіндегі дала тұрғындарымен сауданың маңызы зор болды. Бұл сауда екі жаққа да тиімді болғандығына мына бір селжұқ құжаты дәлел: «Көшпелілердің әкелген заттары отырықшыларға көп пайда түсіріп,байлығын арттырды. Бұл игіліктің пайдасынан ақсүйекткер мен қарапайым халық та өзіне тиесілі үлесін алып отырды» Жібеук жолы арқылы екпе өсімдіктер: жүзім, шабдалы мен қауын, дәм-татымдық шөптер мен қант, көкөністер мен жемістер таралды. Алайда саудадағы басты тауар жібек болды. Жібек алтын сияқты халықаралық валютаға айналды, оны патшалар мен елшілерге сыйлық ретінде ұсынды, жалдамалы әскер ақысына және мемлекеттік борышты өтеуге пайдаланды.
Қазақ халқының тіршілік-тұрмысында қолөнер кәсібі үлкен маңызды орын алды. Өйткені мал шаруашылығы немесе егіншіліктің дамуы қолөнер кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы үшін ер-тұрман, ат әбзелдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар, егіншілік үшін жер жыртатын және тырмалайтын, астықты жинайтын және өңдейтін құралдар т. б. қолөнершілердің еңбегімен дайындалды. Бұл кездегі қазақтың қолөнер кәсіпшілігі қарабайыр шаруашылық еді. Үйде істелетін кәсіп бұйымдардың көпшілігі тауарға айналмайтын, өндірушінің өз отбасын ғана қанағаттандыруға пайдаланылатын. Халық өнері, әсіресе, киіз үйдің жабдықтарын, жиһаздарын жасауда ерекше өрістеді.
Бұл кезде оңтүстік Қазақстан қалаларының, Орта Азиямен, Шығыс Түркістанмен, Орыс мемлекетімен сауда-саттық байланысы жанданды. Осының арқасында көшіп-қонушы және отырықшы халық топтарының экономикалық, мәдени-әлеуметтік қарым-қатынасы кеңейе түсті. XVI-XVIII ғасырларда «Ұлы жібек жолы» бойында орналасқан Сығанақ, Сауран, Отырар, Түркістан, Сайрам, Жент т. б. қалалардың тездеп өркендеуі, қазақ халқының біртұтас ел болуына, жеке хандық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам және тағы басқа қалалардан табылған күміс теңгелер мен мыс ақшалар Қазақ хандығы тұсында сауда-саттық өркендеп, ақша айналымы дамығандығын көрсетеді.
Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен Отырардың архитектуралық комплекстері, Жәнібек пен Қасымның Сарайшықтағы, Қазанғаптың Ұлытау жеріндегі кесенелері, Маңғыстаудағы, Сырдария алқаптарындағы және Қаратау қойнауларындағы мазарлар өзіндік сәулет-сипатымен, архитектуралық формаларының жинақылық әрі айқыншылығымен ерекшеленді. Ұлан байтақ кең далада мал бағып, күндерін табиғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, әлемдегі табиғат құбылыстарын үнемі бақылап отырған. Осы бақылаудың нәтижесінде халықтың көпжылдық тәжірибелері қорытылып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен білімдер жинақталған. Және оның негізінде байырғы қазақ күнтізбесі қалыптасты. Қазақ халқы аспан әлемін бақылау арқылы «құс жолы», «құйрықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз» және «кемпірқосақ» жайында ұғымын кеңейтті. XVI-XVII ғасырларда қазақтар арасында ислам діні кеңінен тарады. Оны таратуда Сығанақ, Түркістан, Хорезм, Бұхара, Самарқанд сияқты қалалар айрықша рөл атқарды. Ислам діні көшпелі халық арасында терең тамыр жайған жоқ. Оған себеп қақтығыстар, соғыстар және түрлі саяси қарама-қайшылықтар еді. Сондықтан халықтың әсіресе көшпелі бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге, күнге, аспанға, жерге, суға табынуға негізделген нанымды ұстады. Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды. XVI-XVIII ғасырларда қазақ халқының арасында тақырыбы мен жанры жағынан алуан түрлі ауыз әдебиеті кең өріс алды. Қазақ халқының поэзиясында жыраулардың орны ерекше бағаланды. Жыр толғауларында қанатты сөздер, ғибратты нақылдар кең орын алды. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т. б. жыраулар.
3. Қазақтың батырлар жыры эпосқа тән аңыз сияқтанғанымен, олардың бәрі дерлік тарихи оқиғаларға құрылған. Мәселен, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік-тұрмыстық дастандары да («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» т. б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.
Бұл кезде Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы мен халық өмірінің ерекше жағдайларын өзіндік өзгешелігімен қамтитын қоғамдық уклад «билер сөзі», «билер айтысы», «билер дауы», «төрелік айту», «шешендік сөздер» деп аталатын көркемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды. Әдебиеттің бұл түрін шығарушылар негізінен XVI-XVIII ғасырларда қазақ қоғамында сот ісін жүргізумен ғана айналысқан жоқ. Билер хан кеңесінің мүшелері болып, мемлекеттік істерге белсене араласты. Сонымен бірге атақты билер тайпалар мен рулардың басшылары болып, ел басқарды, жиындарда солардың атынан сөз сөйлеп, айтыс-тартыстар кезінде олардың мүдделерін қорғады. Қазақтың атақты билері поэтикалық таланты зор және суырып салма айту мен шешендік сөз арқылы өзара айтыстың тамаша шеберлері болған. XVI-XVIII ғасырларда би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы, шешендік өнерінің күшімен поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663–1756), Қазыбек Келдібекұлы (1665–1765), және Әйтеке Байбекұлы (1682–1766) ерекше орын алды. Олар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде, Хиуада, Жоңғария мен Қытай империясында танымал болған. Бұл кезде қазақ тіліндегі жазба әдебиеттері діни және аңыздық мазмұндағы кітаптар түрінде таралды, сондай-ақ тарихи шығармалар мен рулар тарихы (шежіре) жасалды. Олардың ішінен Захир-ад-дин Бабырдың «Бабырнамасын», Камалад-дин Бинайдың «Шайбани-намесін», Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашидиін», Қожамқұл бек Бахидің «Тарих-и-Қыпшағын», Қадырғали «Жами-ат-таварихын» және басқа да шығармаларды арнайы бөліп көрсетуге болады. Бұл кезде Қазақ хандығы көршілес мемлекеттермен, Орта және Таяу Шығыс елдерімен үздіксіз араласып отырды. Мұның өзі араб-мұсылман мәдениеті мен ғылымының таралуына әсерін тигізді.
Қазақ жерінде мектептер мен медреселер ашылып, оларда оқу араб-парсы және түрік тілдерінде жүргізілді. Қазақтар жазуда араб әліп-биін тұтынды. Мектептер мен медреселерде ғылымның әр түрлі салалары "дін ілімі, математика, логика, философия) бойынша білім беріліп, Шығыстың ұлы ақындарының классикалық туындыларымен таныстырылды. Мұның бәрі қазақ халқының жалпы дамуына, бүкіл қоғамның рухани өмірі мен мәдениетіне игі ықпал жасады. Сонымен, XVI-XVIII ғасырларда Қазақ қоғамында шаруашылықтың және мәдениеттің дамуында елеулі ілгерілеушілік орын алды. Оның басты себебі, қазақ халқының біртұтас мемлекетке бірігуімен байланысты еді.