Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Тулеметова С.Е. Фармакология: оқу құралы / С.Е. Тулеметова.- Алматы: Эверо, 2015. - 332 бет.
2.Тулеметова С.Е. "Ветеринарлық фармакологиялық және токсикология" пәніне 5В12100 - "Ветеринарлық медицина" мамандығы студенттеріне арналған дәріс жинағы I-бөлім Шымкент : ОҚМУ, 2016
3.Кухар Е.В., Есжанова Г.Т. Основы фармакогнозии. – Алматы: Эверо, 2018. – 284 с.
4. Тулеметова С.Е. «Ветеринариялық фармакология» пәнінен 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау/ Шымкент : ОҚУ, 2021.
5.Тулеметова С.Е. Ветеринариялық фармакология пәнінен Видеолекция 2020ж.
Дәріс №24 Қышқылдар, сілтілер тобы
1Қышқылдар тобы. Сілтілер тобы
2Фенолдар, крезолдар және олардың туындылары.
Қышқылдар диссоциациялану дәрежесі бойынша күшті, қалыпты ерітінділерде 50 % жоғары диссоциацияланатындар (НNO 3 -88,9 %; НСІ-87,5 %); орта-1 % жоғары диссоциацияланатындар (Н 3РO4-16 %; НҒ-7 %) және әлсіз, 1 % кем диссоциаланатындар (Н3СО3-0,17 % H 3ВО3-0,01 %} болып бөлінеді.
Қышқылдар ұлпалармен жанасқанда, оның әртүрлі торшаларына йондарға бөлінген түрінде ғана әсер етеді. Сондықтан да қышқылдар неғұрлым күшті диссоцияланатын болса, соғұрлым күшті, әрі қысқа мерзімді әсер етеді. Оңай диссоцияланатын қышқылдар иондарының реактивтілігі сол, олар ұлпаларға тіптен сіңбейді де. Бұған қарама-қарсы нашар диссоцияланатын қышқылдардың белсенділігі төмен, сондықтан ұлпаларға терең сіңеді.Сонымен бірге сулы және липоидты фазаларда оңай еріп, ұзақ әсер етеді.
Қышқылдардың диссоциялану дәрежесі әртүрлі жағдайларға байланысты болады. Температура жоғарылаған сайын оның диссоциациялануы арта түседі, ал ерітіндіде электролиттер болса-төмендейді. Жоғары концентрацияларға: қарағанда төменгі концентрациядағы қышқылдар толық диссоциациялаиады.
Қышқылдар сілтілерді бейтараптайды, белоктардың ыдырауын жеделдетеді, майлар мен көмір сутектердің ыдырап, өзгеруіне әсер етеді:күшті ерітінділерінде олар белоктарды коагуляциялап,
ұлпалардан суды өзіне тартып алады. Осының бәрі белгілі бір дәрежеде микробтарға қарсы әсер етеді. Бұл әсер неғұрлым қышқыл жақсы диссоциацияланатынын болса, соғұрлым күшті болады, сондықтан да қышқылдардың диссоциацияланатынын жақсартатын жағдайлар олардың бактерицидтілігін арттырады.
Жергілікті жерде оның диссоциацияланған бөлшектерінің санына байланысты әртүрлі болады; төменгі концентрацияларда олар баяу, әрі ұзақ әсер етеді; коллаген талшықтары -мен мүйізделетін эпидермиеті жұмсартып бездердің секрециясын күшейтеді. Күшті қышқылдар белоктарды коагуляциялап күйдіре әсер етеді. Жоғары мөлшерлерде қышқылдар улы. Жіті уланған кезде жануарларға оттегі жетпей қатты тынышсызданады, кілегейлі қабықтар көгеріп, жануарлар тыныс алу орталығының салдануынан өлімге душар болады. Оның уытты әсері жануарлардын венасына натрий гидрокарбонатын еккеннен кейін қайта бастайды (маллын 100 кг тірілей салмағына 10,0-20,0 гр),
Достарыңызбен бөлісу: |