Трипанды көк (трипан көк)-Тгіраnum coeruIeum (Trypan bIau).Қара-көк (қара деуге болады) ұнтақ немесе осындай түсті металл ренді кесек-кесек заттар. Суды өзіне жақсы сіңіреді, сол -себепті оны жақсы жабылатын ыдыстарда сақтайды. Суда 1:66 қатынасындай -болып, көгілдір түсті қоллойдты ерітінділер -түзіп ериді. Ерітінділері жақсы сіңетіп болғандықтан, мал дәрігерлігі тәжірбиесінде кеңінен қолданылады.
Трипан көкті емдік зат ретінде PiropIasmа қоздырғыштары тудыратын жануарлардың пироплазмозды ауруларын емдеудегі маңызы ерекше.Оны вена қан тамырлары арқылы жылқылар мен ірі қара малдарға береді. Препаратты еккеннен кейін аурудың клиникалық белгілері жойыла бастайды, шеттік қан тамырларында аурудың қоздырғыштары азая бастайды, оның ішінде алғашқыда алмұрт тәрізді түрлері азайса, соңынан сақина тәрізділері азаяды.24-28 сағттан кейін қанның құрамындағы қоздырғыштар жойылып кетеді.
Емдеудің алғашқы сағаттарында-ақ пироплазмалар өздеріне тән белгілерін жояды, ядроның пішіні өзгерп, цитоплазмада «қосылыстар» пайда болады.
Шеттік қан тамырларындағы пироплазмалардың азаюына қарап,оның бәрі жойылып кетті деуге болмайды, трипан көкті бірнеше қайтара қолданғанның өзінде, олар қанның қызыл кемігінде және де басқа жерлерде сақталып қалады.
Ерітіндіні еккенде жануарлар тынышсызданады, қозғалыс координациясы өзгереді, ентігеді, ал әлсіз жануарларда қоматозды құбылыс пайда болады.Осы құбылыстарды әлсірету үшін ерітіндіні 30-39°С-қа жылытып беру керек; әлсіз және қатты күйзеліп ауырған жануарлаға препараттың емдік мөлшерін араға 12-24 сағат салып екіге бөліп береді.
Егер препарат 1 % ерітінді күйінде натрий цитратымен (5%) қосып берілетін болса, онда егілген жерде; айтарлықтай реакция болмайды. Бұл кезде оның терапевтикалық әсері тамыр арқылы еккендегіден кем болмайды, ал профилактикалық әсері едәуір ұзаққа созылады.
Трипан көкті ірі қара мал мен ұсақ малдардың 1 кг тірілей салмағына вена қан тамырлары арқылы емдік және профилактикалық мақсаттармен еккендегі мөлшері 1 % ерітінді күйінде 0,005 г болады. Еріткіш зат ретінде хлорды натридің 0,3-0,4% ерітіндісін қолданады.
Кокцидиовит-Соссіdiovitum. Құрамында ампролиум, А және К витаминдері бар препарат. Жануарлардың барлық түрінде кокцидиостатикалық әлсіздеу болса да кокцидиолитикалық әсер етеді (1:1000) Кокцидиостатиктер ретінде сонымен бірге кокцидинді, ираминді, ампролиумды, сонымен бірге кейбір, сульфаниламидтер мен нитрофурандарды да пайдаланады.