Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022


Дәріс №1 Фармакологияның тарихи даму жолы



бет6/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143
Дәріс №1 Фармакологияның тарихи даму жолы


Жоспары:
1. Фармакологияның жағдайы және даму болашағы.
2. Дәрілік заттардың әсер ету шарттарының негізгі касиеттері

1. Фармакология – дәрілер туралы ғылым. (pharmakon – дәрі, logos – ғылым). Дәрілерді ауруды емдеуге, алдын алуға, жануарлардың өсімталдығы мен өнімділігін арттыруға олардың ауруларға қарсы тұру қабілетін күшейтіп, фармакологиялық құбылыстардың бірқалыпты өтуін реттеуге қолданады. Қазіргі уақыт талабына сай жануарлардың өнімділігін арттыру мақсатымен осы бағыттың барлығында дәрілік заттардың маңызы зор. Мал шаруашылығында дәрілік заттарды белгілі тәсілдермен қолданып қана қоймай оларды күнделікті жем-шөптік азықтық заттармен қосып беруді талап етеді.


Ветеринарияда фармакологияны тірі организмдердегі дәрілік заттардың әсерінен болатын физиологиялық және биохимиялық өзгерістердің заңдылықтарын зерттеп, осының негізінде бұл заттардың мал шаруашылығындағы қолданылуы, қодану әдісімен шарттарын зерттейтін ғылым деп қарайды. Әрбір дәрілік заттың толық емдік әсері олардың қолданылуы туралы шарттарын түгел сақтағанда ғана көрінеді, олардың біреуі бұзылса дәрілер әлсірейді, ал екінші біреулері бұзылса – олар улы әсер көрсетеді немесе өлімге душар еткізеді. Жануарларға берілетін дәрілік заттарды, препараттарды, дәрілік пішіндерді, дәрілік немесе дәрі-дәрмектер деп атайды.
Ветеринарияда қолданатын заттардың басым көпшілігі медицинада да қолданады, ал біршама дәрілік заттар тек ветерианарияда ғана пайдаланылады ғана пайдаланылады.
Аса бай тарихи мұрадан ең маңыздысы – дәрілік заттардың негізгі көзін өсімдіктерден, жануарлардан синтездеу арқылы алады. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінен бастап адамдар дәрілік өсімдіктердің адам мен жануарлар организміне тигізетін әсері барын білді.
Ертедегі Үнді елінде «Веды» деген қасиетті кітабында 800ге жуық дәрілік заттар жазылған. Біздің дәуірімізге дейін Тибетте, Монголияда, Қытайда фармакологиялық нұсқаулар жазылды.
Ежелгі грек ғылымы ойшылы қасиетін анықтап берді. Рим фармокологы Галлен өсімдіктерден алғаш рет тұнба, тұнбаша, қайнатпалар және экстрактілер дайындады. Дәрігер химик Паранельс металдарды (сынап, темір, сурьма, мышьяк) емдік мақсатта қолдануды ұсынған алғашқы ғылым. Дәрілік өсімдіктердің құндылығы сол, олардың құрамында ерекше әсер ететін алколоидтар, гликозидтер, санониндер, витаминдер, фитогармондар, фитонцидтер, креозоттар және басқа да көптеген туындылар болады.
Дәрілік заттардың қолдану арсеналы.
Дәрілік заттар қоры (арсеналы) - әр түрлі негіздерден тұратын жаңа, әрі бағалы препараттармен үнемі толықтырылып отырады. Алғашқы кездері дәрілік заттар тек өсімдіктерден ғана алынатын, соңғы жылдағы микроорганизмдер де жиі қолданылып жүр. Олардан өте белсенді және өзіне ғана тән ерекше әсері бар. Антибиотиктерді, витаминдерді, амин қышқылдарын және басқа джа заттарды бөліп алуға анықталғаннан кейін, микробиология өнеркәсібі дами бастады. Сонымен қатар жануарлар әлемі көптеген құнды да бағалы препараттар, атап айтқанда буаз биенің қан сарысуларын, инсулин т.б. берді. Препараттарды белгілі бір бағытта қолданғанда ыңғайлы болу үшін, одан әртүрлі дәрілік пішіндер (ерітінді, сүртпе май, таблеткалар) дайындап қолданады. Мал дәрігерлік фармакологияның медициналық фармакологиямен ұқсастығы көп. Мысалы, көптеген дәрілік заттар адамдарға да, жануарлардың барлық түрлеріне де бірдей әсер етеді.
Фармакологияның негізгі мақсаты – жануарлардың жұқпалы және инвазиялық ауруларымен күрес. Қазіргі жаңа фармакотерапия жұқпалы емес ауруларды емдеуде аса жоғары нәтиже көрсетіп жатса ал фармакопрофилактика көптеген аурулардың пайда болуына жол бермей отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет