Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет7/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   143
Байланысты:
369577-1

Бақылау сұрақтары:

1. Фармакологияның жағдайы және даму болашағы, мақсаты


2. Дәрілік заттардың әсер ету шарттарының негізгі касиеттері
3. Дәрілік заттардың қолдану арсеналы.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Тулеметова С.Е. Фармакология : Оқулық. 5В120100 - «Ветеринарлық медицина» мамандығыныңстуденттеріне арналған\Шымкент :ОҚМУ, 2014


2.Тулеметова С.Е. "Ветеринарлық фармакологиялық және токсикология" пәніне 5В12100 - "Ветеринарлық медицина" мамандығы студенттеріне арналған дәріс жинағы I-бөлім / С. Е. Тулеметова, Т. Р. Балтахожаев, Ұ. Қ. Омарова. - Шымкент : ОҚМУ, 2016
3.Кухар Е.В., Есжанова Г.Т. Основы фармакогнозии. – Алматы: Эверо, 2018. – 284 с.
4.Тулеметова С.Е. «Ветеринариялық фармакология» пәнінен 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау/ С. Е. Тулеметова, Қ, А. Алтаева - Шымкент : ОҚУ, 2021.
5.Тулеметова С.Е. Ветеринариялық фармакология пәнінен Видеолекция 2020ж.
Дәріс №2 Дәрілік заттардың әсер етуі


1Дәрілік заттардың әсер ету түрлері
2. Дәрілік заттардың организмге енгізу, бөлініп шығу жолдары
Дәрілік заттардың әсерінен болатын организмдегі өзгерістер жүйесі – фармакодинамика деп аталады. Организмдегі өзгерістерге дәрілік заттардың әсер ету түрлері жатады. Әсер ету түрлеріне мыналар жатады: қоздыру, әлсіреу, сезімдіктің өзгеруі, дәрілік заттардың негізгі, қосалқы, арнаулы және жалпы әсері, жағымды жағымсыз, этнотропты, патогенетик әсері.
Қозу дегеніміз – дәрілік заттар әсер еткенге дейінгі кезеңмен салыстырғандағы организмдегі кейбір құбылыстармен қасиеттердің күшеюі қозудың үш түрі болады.
а) толық немесе жартылай қалпына келтіру, емдік әсер
б) стимумеция – қуаттандыру
в) асыра тітіркендіру
Негізгі әсер – кез-келген дәрінің әсерінен организмде болатын өзгерістер, ал дәріні қолданғанда әсері айқын білінбесе қосалқы әсер дейміз.
Арнаулы әсер – дәрілік заттардың белгілі мүшеге, ұлпаға әсері.
Жалпы әсер – дәрілердің барлық мүшелерге өзгерістер енуі
Жағымды – дәрілердің организмге жақсы нәтиже беруі
Жағымсыз – организмге жағымсыз әсер ету немесе улану
Этиотропты – дәрілік заттардың аурудың себептеріне қарсы әсері
Патогенетикалық – мал организіміндегі қорғаныс реакцияларын күшейту және әртүрлі патологиялық құбылыстардың алдын алу.
Дәрілік заттар фармокологиялық әсерінен айқындалатын орнына байланысты жергілікті, рефлекторлы және резорбтивті деп бөлінеді.
Жергілікті әсер - әсер ететін заттардың жануарлар ұлпасымен жанасқан жеріндегі болатын өзгерістер.
Жергілікті реакция – дәрілік заттар мен жануарлар ұлпаларының арасындағы физико-химиялық, биохимиялық өзгерістердің салдарынан болады.
Фармакологиялық заттардың рефлекторлы аймақтар арқылы әсер етуін рефлекторлы әсер дейді.
3. Дәрілік заттардың күші, жылдамдығы және әсер ету ерекшеліктері оның мөлшеріне, резорбциялану жолына, дәрілік заттың пішініне және егу жолдарына көп байланысты. Дәрілік заттардың сіңірілуі немесе резорбциялануы дегеніміз, олардың ұлпа қабаттары арқылы лимфаға немесе қанға енуі.
Дәрілік заттар тасымалдануынаң бірнеше түрі болады.
1. пассивті диффузия – капилляр қабырғасы арқылы жүреді
2. жеңіл диффузия – мұнда резорбцияланатын зат мембранасының оңай диффунделінетін компанентімен әрекеттеседі.
3. белсенді тасымалдану – мембраналар арқылы арнаулы белоктар тәрізді механизмдер арқылы жүреді.
Ең жақсы ену жолдарының бірі – артерия қан тамырына егу (injektіo intraaterialis). Бұл ену жолының техникасы өте күрделі, өйткені артериялар өте тереңде орналасқандықтан оларды табу қиын дұрыс екпесе артерия жарылып, қан кетуі мүмкін.
Күре тамырға ену - (injektіo intranenоsa) дәрілік заттардың барлық мүшелері бірден тез арада әсер етеді, бұл күре тамырға дәрілік заттар қанға және жүрекке күшті әсер етеді, сондықтан бұл әдіс аса қажет болған жағдайда ғана қолданылады. Дәрілік заттардың дозасы ішке бергендегіге қарағанда 2-4 есе кем болады.
Тері астына егу - (injektіo subcutanea) бұл жолмен еккенде ерітінділер дәнекер ұлпасы арқылы оңай өтіп, қанға тез сіңеді. Әсері 5-15 минуттан кейін басталады.
Бұлшық етке ену (injektіo intromucularis) тері асты арқылы еккенге қарағанда организмге тез сіңеді және ұлпаларды тітіркендіру әсері әлсіз болады.
Ауыз қуысы арқылы (peros) - бұл жолмен бергенде ас қорыту жүйесі кілегей қабықтарының әртүрлі құрылымына және ондағы секреттер құрамының өзгешелігіне байланысты көптеген дәрілік заттар ішектер арқылы сіңгеннен қақпалық венатамыр жүйесі арқылы бауырға барады, бауыр және төменгі вена тамыр арқылы жалпы қан айналым жүйесіне түсіп, бүкіл организмге тарайды.
Дәрілік заттардың тік ішек арқылы сіңілуі (perrectum) – дәрілік заттар бауырға соқпай, қанға бірден қосылатындықтан әсіресе ауыз қуысы арқылы бергенге қарағанда тез басталады.
Тыныс алу жолдары арқылы беріледі (inhalation – тыныс алу) – газ тәрізді, нигамеция түрінде, аэрозольді .
Дәрілік заттар қабақтың және несеп жыныс мүшелерінің кілегей қабықтары арқылы да сіңеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет