Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022


Бір, не бірнеше дәрілік заттарды қатарынан



бет9/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   143
Байланысты:
369577-1

Бір, не бірнеше дәрілік заттарды қатарынан жібергендегі фармакодинамикалық тиімділік.
Малдәрігерлік тәжірибеде көп жағдайларда бір дәрі толық терапевтикалық нәтиже бермейтіндіктен бірнеше дәріні қатарынан қолдану жиі кездесетін жағдай. Мұндай тіркестікте бірнеше ұғым бар:
Синергизм - бір бағытта әсер ететін екі, не одан да көп дәрілік заттардың жиынтығы. Ондай дәрілік заттардың фармакологиялық тиімділіктері бірін-бірі толықтырады да, терапевтикалық тиімділіктері жоғарылайды. Егерде олардың тиімді әсерлері бір жүйеге бағытталса, ондай синергизм тікелей синергизм деп аталады. Ал әр жүйеге әсер ететін болса, онда тікелей емес сингнеризм болады. Патенцирлік - екі дәрілік заттарды қатарынан қолданғанда фармакологиялық тиімділіктің күткен
тиімділіктен әлде қайда жоғары болуы. Антагонизм - қатарынан жіберілген бірнеше дәрілік заттардың бірінің әсерін бірінің жоюы.
Олардың физикалық, химиялық және физиологиялық түрлері бар.Физикалық антагонизмде бір дәрілік зат екінші дәрілік заттың әсер етуіне физикалық кедергі жасайды. Мысалы, адреналин қан тамырларының өзегін тарылту арқылы басқа дәрілік заттардың сіңуіне кедергі жасайды. Белсендендірілген көмір улы заттарды өз бойына сіңіру арқылы олардың қанға сіңуіне кедергі жасайды.
Химиялық антагонизм - жіберілген дәрілік зат басқа дәрілік затпен реакцияласып фармакологиялық белсенділігі жоқ зат түзеді. Бұған антидоттардың әсерін мысалға келтіруге болады.
Физиологиялық антагонизм малдәрігерлік тәжірибеде жиі кездесетін жағдай. дәрілік заттардың бір жүйенің функциясына қарама-қарсы әсер етуі. Егер ондай әсер бір нерв құрылысына әсер ету арқылы тараса мысал үшін атропин (көздің қарашығын үлкейтеді) мен пилокарпиннің (көздің қарашығын кішірейтеді) әсерлері -екеуі де холинергиялық синапсқа әсер етеді, онда ол тікелей антагонизм деп аталады. Ал дәрілік заттардың қарама-қарсы әсерлері әртүрлі нерв құрылысына әсер ету арқылы болса (мысал үшін, карбахолин холинергиялық синапсқа әсер ету арқылы көздің қарашығын кішірейтеді. Ал адреналин - адренергиялық синапсқа әсер ету арқылы көздің қарашығын үлкейтеді, ондай антагонизм жаңаша антагонизм деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет