Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022


Калий карбонаты (поташ) - (калия карбонат)— Каііі Сагbоnаs -К2СОз+t.5Н



бет94/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   143
Байланысты:
369577-1

Калий карбонаты (поташ) - (калия карбонат)— Каііі Сагbоnаs -К2СОз+t.5Н 2О.Ақ түсті, ұсақ тәрізді ұнтақ. Реакциясы негізді. Суда оңай ериді (1:1) және суды өзіне оңай сіңіріп алады. Өзінің қасиеті, қолданылуы, бактерицидтілігі және жануарлардың ұлпасына әсері жөнінен натрий карбонатынан айырмашылығы жоқ. Поташтың орнына делинфекция үшін қайыңның шырынын, еменнің күлін қолдануға болады.
Натрий тетрабораты (борқышқылды натрий, бура) - Nа2В4О7 10H 2О-Natrii tetraboras. Түссіз, жылтыр кристалдар судың 5 бөлігінде ериді, глицеринде жақсы еріп, спиртте ерімейді. Судағы ерітінділерінің реакциясы негізді, ал глицериндегі ерітіндісінің реакциясы қышқылды келеді. Көбінесе 3-5 % ерітінділері- түрінде қабынуға қарсы және антисептикалық зат ретінде қолданылады.
Магний тотығы (күйдіргіш магнезии)-МgО-Маgnessii oxydum. Ақ түсті суда ерімейтін ұнтақ. Қышқылдарды оңай бейтараптандырады, газдарды өзіне сіңіріп алады (1,0 г күйдіргін; магнезия 1000 мл көмір қышқыл газын сіңіріп алады) және әртүрлі қосылыстардағы ауыр металдарды тұнбаға айналдырады. Жануарлардың іші кепкенде, қышқылдығы артқанда және ауыр металлдармен уланғанда қолданады. Ішке бергендегі мөлшері: жылкылар мен сиырларға 10,0-25,0 г: қойларға .5,0-10,0: шошқаларға -2,0-5,0: иттерге 0,2-1,0; түлкілер мен бұлғындарға 0,5-2,0.
Сабындар-Sароnеs.Пальмитин, стеарин, олеин және басқа да қаныққан және қаныкпаған жоғары молекуларлы май қышқылдарының тұздары. Сабындардың ең негізгі қасиеті-жуатын қасиет, ал бұл қасиет Nа, К тәрізді бір негізді ауыр металдарға ғана тән.Екі негізді металдардың тұздары сабынданбайды. Қазіргі кезде сабындарды тұрмыста және емдік заттар ретінде қолданады. Бұл мақсаттар үшін оларды тоң майлар, өсімдік және жануар тектес майларды негіздерімен майластыру арқылы алады.


Бақылау сұрақтары:

1 Сілтілік тұздары


2. Натрий гидрокарбонаты, калий гидрокарбонаты
3. Кальций гидрокарбонаты




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет