Сілтілер (шелочи) - АІсаІіа - дегеніміз сулы ерітінділерінің құрамында сілтілік қасиет беретін гидроксилді анионы бар қосылыстар.Оның құрамындағы теріс электр заряды сулы ерітінділерінің күйдіргіш дәм, электр өткізгіштік, қышқылдармен әсер ететін, қызыл түске) қасиеті болады, сонымен бірге көптеген органикалық қосылыстардың гидролизі кезінде катализатор ретінде әсер етеді.
Сілтілердің әсер ету күші оның құрамындағы гидроксиль ионының және аздаған мөлшерде металл иондарының концентрациясына байланысты болып келеді. Сондықтан да ең күшті әсер ететіндері гидроксидтер, белсенділігі төмендеулері- карбонаттар, ал ең әлсіздері гидрокарбонаттар болып табылады.
Сілтілердің әсер ету механизмі өте күрделі және бірдей емес -ол әсер ететім заттарға және әсер ету ортасының қасиетіне байланысты болады. Қышқылды ортада олар қышкылдарды бейтараптап белоктарды ыдыратады. Сілтілер суда ғана емес, сонымен бірге организм сөлдерінде де оңай еріп ұлпаларға терең сіңеді. Ұлпадарға олардың әсерінен сілтілік альбуминаттар дамиды, майларды ерітіп көмірсутектерді ыдыратады, қанның жабысқақтығын арттырады. Бұл өзгерістердің барлығы айтарлықтай болатындығы соншалықты, көптеген мүшелердің қызметі күрт өзгереді, ал кейде тіптен тоқтап қалады.
Теріге жақканда олар төменгі концентрацияларында теріні залалсыздандырады, кірдең тазартады, эпидерцисті жұмсартып, көптеген дәрілердің сіңірілуін жеңілдетеді, сондықтан да ол қотырға және де басқа тері ауруларына қарсы қолданылатын дәрілердің құрамына кіреді.
Натрнй гидрототығы (күйдіргіш натр) - (Натрия гпдроокись) –Natrii hydrooxydatum gusum.NaOH. Ақшыл сарғыш-түсті кесек заттар, ауадағы ылғалды өзіне тартып алып, оңай ериді, ауадағы көмір қышқыл газымен әрекеттесіп карбонаттар түзеді.
Ерітінділерінің реакциясы негізді 1 % дейінгі концеитрациясы ұлпаларды жайлап тітіркендіреді, үлкен концентрацияларда (3-5 %) қолайсыз әсер етеді, ал өте жоғары концентрацияларда (10 % жоғары) ұлпаларды некрозға ұшыратады.Натрий гидроксидінің бактерицидтілігі айтарлықтай жоғары, дезин-фекциялық әсері өте тереңге тарайды (10 см-ге дейін). 4 % ерітіндісі 260С-да топалаң ауруының спорасыи 2 сағатта; 20 % ерітіндісі5 минутта; 10 % ерітіндісі туберкулез таяқшасын 1 соткеде: стафилакоккты-5 минутта өлтіреді;оның 1:650-1:1500 арақатынасындай ерітіндісі дифтерия және топалаң ауруы таяқшаларының