Бензилпеңициллиннің новокаинді тұзы- Benzylpenicillinum - novocaium (новокаинді бензилпенициллин). Иіссіз, ащы дәмі бар ақ түсті кристалды ұнтақ. Препарат суда өте нашар ериді. Натрийлі және калийлі тұздарына қаарағанда баяу сіңеді. Оның бұлшық етке 1 рет егілгн емдік концентрациясы қанда 15 сағатқа дейін сақталады.
Микробтарға қарсы әсер ету ауқымы пенициллиннің басқа да тұздарына ұқсас, бірақ натрийлі тұзына қарағанда әсері әлсіздеу-Бұлшық етке егіп қолданады. Мөлшері бензилпеницидлиннің натрийлі және калий тұздарына қарағанда 20-50 % жоғары.
Феноксиметилпеницнллин - Рһеnoxymethylpenicllinum. Жартылай синтетикалық препарат. Бактерияларға қарсы әсер ету ауқымы бензилпенициллинге ұқсас. Айырмашылығы оған қарағанда қышқылдарға төзімдірек және организмде көп уақықа дейін тұрақталады. Суда ерімейді.
Калий және натрий- тұздары түрінде шығарылады. Бұл екі тұздарыда суда жақсы еритін кристалды ұнтақтар. Оныц 1 мг-да 1600 Э.Б. пепициллин болады. Қолданылуы бензилпенциллинге ұқсас. Жем-шөппенқосып күніне 3-5 рет, малдың 1 кг тірілек салмағына сиырларға 4 мг, бұзауларға 10 мг, қойларға 10 мг, . қозыларға 20 мг, шошқаларға 10 мг, торайларға 15 мг мөлшерінде беріледі.
Бициллин-1-ВісШіпит-І.Бензилпенициллиннің !ч\^ дибензилэти-лендиаминді т^зы. Препараттың ! мг-да кемінде 1000 Ә.Б. бар. Ақ немесе аздан сарғыштау түсті үнтак зат.
Суда ерімейді, спиртте жақсы ериді. Сумен эмульсия тәрізденіп жақсы араласады. Әсері жөнінен пенициллиннен айырмашылығы жоқ, бірақ оған қарағанда өте тұрақты келеді. Бұлшық етке еккенде оның қандағы емдік коннентрациясы 3 күннен көпке сақталады. Сонымен бірге бициллин 2,3 және 5 препараттары шығарылады.
Бициллин 3 құрамының бір бөлігі бензилпенициллиннің натрийлі немесе калийлі тұзынан, бір бөлігі бензилпенициллиннің новокаинді тұзынан, бір бөлігі бициллин 1-ден тұрады. Қолданылуы бензилпенициллинге ұқсас. Бұлшық етке егіледі немесе жануарлардың өсуіп жылдамдату үшін ішке беріп қолданады.
Биииллии - 5 - қолданылуы және құрамы. Бициллин - 1.3 секілді, бірақ әсер ету уақыты ұзақтау.
Малдың 1 кг тірілей салмағына Ә.Б. бойынша мөлшері: сиырларға 5000-8000, қойларға 10000-20000, шошқаларға 10000-20000, жылқыларға 10000-12000, тауықтарға 100000. Препаратты 5-6 күнде 1 рет егеді.