Тетрациклиндер – төрт ядролы гидроароматты қосындылардың конденсациялық туындылары. Бұл топтың негізін тетрациклин, хлортетрациклиң және окситетрациклин тәрізді үш антибиотик құрайды. Олардың барлығы да құрылысы, бактерияларға қарсы және жануарларға қарсы әсері жөнінен бір-біріне өте жақын. 1 мг -да 1000 Ә.Б, бар. Бұл заттардың негізінде тетрациклиннің бірқатар тұздары мен туындылары алынды.
Тетрациклиндердің микробтарға әсер ету ауқымы өте кең: олар көптеген оң және теріс грамды микробтардың өсуі мен уытты қасиетін әлсіретеді,сонымен бірге кейбір қышқылға төзімді бактериялардың риккетсилардың және кейбір ірі вирустардың өсіп-өнуні баяулатады Олар протозойларға, көк іріңді таяқшаларға, ұсақ вирустарға және саңырауқұлақтардың көпшілігіне әсер етпейді.
Оның бактериолитикалық концентрациясы бактериостати -калық концентрациясына қарағанда 10 есеге жуык жоғары.
Тетрациклиндердің әсер ету механизміне келетін болсақ, олардың әсерінен микроб торшасындағы газ алмасу мен энзиматикалық фосфорлану құбылыстары бұзылады және олар белоктар мен дезоксирибонуклеин қышқылдарының пайда болуына кедергі жасайды.
Негізгі үш антибиотиктің ішінен хлортетрациклин күштірек әсер етеді, бірақ ол басқа препараттарға қарағанда уыттылау келеді. Окситетрациклин хлортетрациклинге қарағанда жылдам, бірақ қысқа мерзімді әсер етеді. Тетрациклин окситетрациклинге қарағанда біршама әлсіздеу келеді.
Тетрациклиндер жануарларға ерекше әсер етеді. Олар 7-10 күндей кейбір аурулар кезінде- иммунитеттің дамуына қолайыз әсер етеді, 3-4 күндей орталық жүйке жүйесіндегі тежелу құбылыстарын күшейтеді, қанның ұю қасиетін арттырып, аскорбин қышқылының қан сарысуындағы құрамын төмендетеді.
Тетрациклиндер ас қорыту жүйесінің моторлы қызметін баяулатады, ішектердің сөліндегі энтерохиноза және фосфотоза ферменттерінің мөлщерін едәуір мерзімге дейіи арттырады, қоректік заттардың қорытылуын жақсартып, сіңімділігін күшейтеді.
Төменгі мөлшерінде олар тек организмнің өсуін ғана жақсартып қоймай, олардың ішкі мүшелерінің дамуын жылдамдатады, жануарлардың жалпы төзімділігін арттырады және жас малдардың: торайлардың, бұзаулардың, қозылардың, бағалы терілі андардың, балапандардың және үйректердің өсуін күшейтеді.
Уытты мөлшерінде олар ас қорыту жүйесінің қызметін күрт өзгертеді, бауыр мен бүйректерді май басады. Бірақ бұл құбылыс 4-12 күннен кейін жойылып кетеді. Тек паталогиялық өзгерістер кезінде ғана қауіп тудырады. Тетрациклиндерді ұзақ уакыт қолдана берсе микроорганизмдер де, жануарлар организмі де үйреніп қалу құбылысы пайда болады.
Гидрохлорлы хлортетрациклин- Сһlortetracyclini hуdrochioridum. Хдортетрациклин-сарғыш, адтын түстес, ащы дәмі, бар кристалды ұнтақ. Судың 77 бөлігінде ериді. Қышқылдар мен негіздерде ыдырап бүлінеді. Бір Ә.Б. 1 мкг хлортетрациклинге тең келеді (1 мг-да 1000 Ә.Б.). Преларатты тамырға ету үшін хлорлы сутектің тұздары түрінде, ауыз қуысы арқылы, беру үшін ұнтақ және таблетка түрінде, сонымен бірге май, сүртпе май күйінде шығарады.
Ас қорыту жүйесінде ол бүлінбейді, жақсы сінеді және организмге тез тарайды.Қандағы емдік концептрациясы 7-8 сағат шамасында сақталады. Организмнен бүйректер арқылы бөлінеді.
Төменгі емдік- мөлшерінде жануарларға қолайлы әсер етеді: фагоцитозды күшейтеді, өкпедегі газ алмасуды жақсартады; ал жануарлардың өсуін арттыратын мөлшерде бұл әсерлер күштірек болады.
Жас төлдердің дизентериялық ауруларында, бұзаулардың паратифі мен уытты диспепсиясында, жіті және созылмалы өтетін ас қорыту жүйесінің және тыныс жолдарының ауруларында, балапандардың пуллорозы мен кокцидиозында, құстардың тырысқақ, ларинготрахеит және сүзек аруларында препараттың өте жоғары емдік және профилактикалық белсенділігі анықталды.
Сонымен бірге препаратты қойлардың агалактия, сібір жарасы, қатерлі ісік, анаплазмоз, қарасанында, солтүстік бұғыларының некробацилезінде, лептоспирозында, кулихорадкасында, шошқалардың атрофиялық ринитінде, бал араларының кейбір ауруларында және басқа да ауруларда қолдану өте үлкен емдік нәтижелік көрсетеді. Хлортетрациклии жануарлардың өсуін куаттандыратын өте күшті препарат.
Жануарлардың 1 кг тірілей салмағына 0,01-0,02 г. қойларға 0,007-0,01; шошқаларға 0,015-0,025; тауықтарға 0,02-0,03 г. препарат тәулігіне екі рет беріледі.