Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022


Аңдыздың тамыры мен тамырсабағы (корень и корневище девн-сила) – Radix et ehizoma InuIi heIenii



бет133/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   143
Байланысты:
369577-1

Аңдыздың тамыры мен тамырсабағы (корень и корневище девн-сила) – Radix et ehizoma InuIi heIenii. Оның тамыры мен тамырсабағының құрамында инулин, ащы заттар, эфир майлары және басқа да заттар болады. Негізінен қақырық тастатқыш және диуретикалық зат ретінде қолданылады. Оның кұрамындағы алантолактон сантонинге өте ұқсас келетіндіктен гельмииттерге қарсы қолдануға да болады.
Еркек усасырдың тамырсабағы (корневище мужского паноротинка) – Rhizoma maris. Еркек усасыр көп жыдық. Шөптесін өсімдік. Күзде жиналған тамырсабактары әсер ететін заттарға бай келеді. Құрамындағы әсер ететін заттарға: аспиадинофилицин, фнликс қышқылы, флафаспидин қышқылы, альбастидин және эфир майлары жатады. Бұлардың басым көпшілігі флороглюциннің туындылары. Олар өз бетінше фармакологиялық тұрғыдан белсенді емес, бірақ оларға сүтек атомдарын енгізу арқылы өте күшті әсер ететін қосындыларды алуға болады. Бұл қосындылардынң, ішінде аспидинолта және филикс қышқылына ыдырайтын аспидинофилициннің маңыздылығы өте зор.
Филикс қышқылы (еркек усасыр қышкылы, филинин) кристалды және аморфты түрде кездеседі. Антигельминтгік әсер тек аморфты препараттарында ғана болады. Қышқылдар аморфты күйінен өсімдік ферменттерінің әсерінен кристалды күйіне ауысады да, өзінің антигельминттік әсерін әлсірете бастайды.
Еркек усасыр тамырсабақтарының құрамында флаваспидин қышқылының өте аз мөлшерде болуы және олардың антигельминттік әсері анықталған жоқ. Филикс қышқылын алкогольмен араластырып қайнатқанда альбасиндин түзіледі. Оның фармакологиялық белсенділігі онша емес. Тамырсабақтардың құрамында болатын эфир майлары (0,05 % дейін) гельминттерге қарсы әсер етеді және филикс қышқылының әсерін күшейтеді
Еркек усасыр тамырсабағының препараттары барлық, жануарлар мен құстардың таспа құрттарына, фасциололарға және кейбір басқа да трематодтарға қарсы өте белсенді әсер етеді.
Еркек усасыр препараттары гельминттердің жүйке-бұлшық ет жүйесіне уытты әсер етеді. Препараттар паразиттерге сіңе бастағаннан кейін, олардың бұлшық еттерінің ширақтығын төмендетеді, ферменттік белсенділігін әлсіретеді, соның салдарынан паразит салданады. Бұл әсер өтпелі келеді, өйткені біраз уақыт өткеннен кейін паразиттер қайта тіріле бастайды. Препараттың улы затына карсы әсер ететін паразит организмде кейбір химиялык, заттар түзілетіндіктен еркек усасыр тамырсабағының осері онша үзақкя созылмайды.
Гельминттер салданған күйінде ішектердің кілегейлі қабығына жабысып тұратын қасиетінен айырылып қалады. Сол -себепті мұндай кезде іш айдағыш заттарды қолданып, шалажансар паразиттерді асқорыту жүйесінен айдап шықса, дегельминтизациялық шаралардың нәтижелілігі өте жоғары болады. Іш өткізгіш заттар ретінде көбінесе тұздар (натрий, магний сульфаттары), ал кейбір жағдайларда алоэ, мысыр жапырағы қолданылады. Мұндай мақсат үшін үпілмәлік майын қолдануға болмайды. Өйткені ол препараттың организмге сіңімділігін шектен тыс жылдамдатып, жануарларға уыттыльнығын арттырып жібереді. Оның жоғарғы мөлшерінен жануарлардың ас қорыту жүйесі тітіркеніп, қабынады, қан қысымы төмендейді, шеттік қан тамырларындағы қанның мөлшері азаяды, жүрек жұмысы нашарлайды, бауыр мен бүйрек қабынып, орталық жүйке жүйесі әлсірейді, және басқа да өзгерістер пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет