Дихлорофен-DichIoeophenum.Суда нашар еритін ақ түсті кристалды ұнтақ. Құрамында 50 % - антигельминтті әсер ететін заты бар ұнтақ күйінде шығарылады Цестодалардың құрылымын 6үлдіріп,қызметін бұзады. Иттер мен мысықтарға бергендегі мөлшері 0,18 г/ кг. Кейде дихлорофен қойлардың мониезиозында (0,2-0,3 г/кг) және үйректердің полиморфозында (0,38-0,5 г/кг) қолданылады. Трихофитоз кезінде 7 % сүртпе май түрінде пайдаланылады.
Камала-КаmaIа. Иіссіз, дәмсіз қоңыр қызғылт түсті ұнтақ зат. Эфир немесс негізді ерітінділермен араластырғанда қызыл түсті ерітінді пайда болады.Суда ерімейді. Камаланың құрамы 80 % қарашайырдан және 10 % негізгі әсер ететін зат- ротлериннен тұрады. Бұл хиииллық тұрғыдан еркек усасырдың әсер ететін затына өте жақын келеді. Камала гельминттерді уақытша салдандырады; Камаладан кейін іш айдағыш заттарды берудің қажеті жоқ. Өйткені оның өзі ас қорыту жүйесінің перистальтикасын күшейтіп, гельминттерді іштен айдап шығады.
Цестодоза, строигилидоза және анкилосоматидозаларда қолдану жақсы нәтиже береді.Фасциелездерде қолдануға болады, бірақ ол үшін препараттың өте үлкен мөлшері қажет болады: қойларға 15,0-25,0 г; сиырларға 100,0-150,0 г: Препараттыың уытты әсері онша емес. Камала ішектерді тітіркендіріп, сауын малдарының суттілігін кемітеді. Камаланы иттерге, шошқаларға, мысыктарға, құстарға ауыз қуысы арқылы береді. Кейде саятоникмен арадастырып береді. Сүтпен қосып берсе жасуарлар жақсы ішеді, Жануарлардың тірілей салмағына қарай мөлшері мынадай болады: қойларға 4,0-30,0 г; шошқаларға 5,0-20,0 г; иттерге і,0-6,0 г; мысықтарға: 0,5.-1,0 г; тауьықтарға 0,5-1,0 г; үйректерге 1,0-2,0 г
Асқабақ дәні (сыртқы қабығынан тазартылған) - семена тыквы –Semina Cucurbitae decorticata. Оны халықтық медицина мен малдәрігерлігінде таспа кұрттарға қарсы қолданады. Тәжірибелер арқылы оның 90 % острицалар мен аскаридаларды өлтіретіндігі дәлелденді. Үйректердің дрепаңидотениозына қарсы өте күшті әсер етеді нәтижелігі жөнінен арекодинге ұқсас. Дегельмиктизация үшін екі жылдан көп сақталмаған асқабақ дәні қолданылады. Асқабақ дәнінен жасалған ұнтақты 6-8 көлемдегі сумен араластырып, бір сағат бойы қайнатады. Ол ботқа тәрізді затқа айналады. Суығаннан соң оның бетіне майы қалқып шығады.Майды алып тастағаннан кейін оны кұрама жеммен бірдей мөлшерде араластырады. Осы алынған затты жануарларға береді. Асқабақ дәнінің жасалған ұнтақты 6-8 көлемдегі сумен араластырып, бір сағат бойы қайнатады.Ол ботқа тәрізді затқа айналады.Суығаннан соң оның бетіне майы қалқып шығады. Майды алып тастағаннан кейін оны құрама жеммен бірдей мөлшерде араластырады.Осы алынған затты жануарларға береді.Асқабақ дәнінің мөлшері мынадай болады. Үлкен үйректерге 50,0; 6-8 айлық үйректерге 20,0-30,0. Дегельминтизациилық шараларды ашқарыңда жүргізеді. Суды препаратты қолданғаңға дейін де, кейін де қажетінше бере береді.
Хенонодий майы – Оіеum СҺеnopodii.Гелъминттерге қарсы қолданылатын марк өсімдігінен алынатын эфир майы. Сарғыш түсті, ароматты иісі, жағымсыз дәмі бар зат.Негізгі әсер ететін
заты-аскаридол (66-80 %). Ол аскаридалар мен анкилостомидтерге өлтіре әсер етеді, ал оксиуридтерге қарсы әсері онша емес. Препараттын бағалылығы сол, ол тек толық дамыған гельминітерге ғана емес, сонымен бірге оның личинкаларына да (балапан құрт) өлтіре әсер етеді. Препараттың әсерінен гельминттер алғашқыда қозып, соңынан есінен танып қалады. Сол себепті, дегельмиитизациялық шаралар нәтижелі болу үшін, препаратты қолданғаңға дейін де, кейін де қажетінше бере береді.
Препаратты дұрыс мөлшерлемегенде жануарларға уытты әсер етуі-мүмкін. Ол ас корыту жүйесінің кілегейлі қабықтарын қатты тітіркендіреді. Сол себепті алғашқыда құсу пайда болып,соңы гастрит және энтерриттерге ұласуы мүмкін. Ішектер арқылы организмге оңай сіңіп, резорбтивті әсер ете бастайды. Оның мұндай әсерінен орталық жүйке жүйесі алсірейді, тыныс алуы нашарлап, жүрек жұмысы баяулайды. Препараттағы әсер ететін заттың біраз мөлшері бауырға заласызданады, ал енді біраз бөлігі өкпе және бүйректер арқылы сыртка шығарылады. Кейде улану өліммен аяқталуы мүмкін. Ипер мен мысықтарда клиникалық сіре сулер жиі байқалады, ал қояндар алғашқыда өлсіреп, соңынан қозады. Мөлшері: жылқыларға 4,0-12,0 г, 1 айға дейікгі күшіктерге 0,03 г.