Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет141/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143
Зоокумарин -Soocumarinum. Суда өте нашар еритiн (1:16000) ақ түстi, дәмсiз ұсақ кристалды ұнтақ. Ас қорыту жүйесiнде баяу ерiп, ұзақ сiңедi. Қанның ұюын баяулатып, капиллярды бүлдiредi, соның салдарынан қан кетiп, жануарлардың өлiмiне әкелiп соғады.
Препараттың уытты әсерi тышқандар тәрiздi кемiрушiлермен күресу үшiн қолданылады. Зоокумариннiң уытты әсерi препараттың төменгi мөлшерiнен-ақ пайда болып, баяу дамиды да 7 күнге дейiн созылады. Сұр егеуқұйрықтарды жою үшiн препаратты 0,6 граммнан 7-8 рет қолдану керек; бір рет берiлетiн летальдiк дозасы 12-15 мг. Зоокумариннiң өте жоғары уыттылығы ескерiлiп, оны ұнтақ тәрiздi қоспа түріне крахмалмен араластырады да (1:200), азықтық заттарға қарсы бередi. Зоокумарин барлық жануарлар үшiн өте уытты препарат. Малдың 1 кг тiрiлей салмағына шаққандағы оның летальдік мөлшерi: шошқаларға 1,0-1,2 мг; иттерге 6 мг; мысықтарға 60 мг; тауыктарға 500 мг.
Варфарин – Varfarinum. Кумарин тобының препараты. Азықтықзаттарға араластырып 0,05-тен 0,025 % дейiнгi концентрацияларында қолданылады.
Крысид. Суда ерiмейтiн, ашық-сұрғылг түстi ұнтақ зат. Сақтауға өте төзiмдi. Егеуқұйрықтар үшiн летальдiк мөлшерi 0,0045,ал үй тышқандары үшін летальдiк мөлшерi 0,0005-0,0007. Препаратқа организм үйренiп қалуы мүмкiн, сол себептi дератизациялы шаралар үшін оның летальдiк мөлшерiн қолданғанымыз жөн. Препаратты дұрыс қолдана бiлсе, басқа жануарлар үшiн онша қауiптi емес.
Мырыш фосфиді - Zinci Phosphidum. Суда ерiмейтiн қарасұр түстi ұнтақ зат. Ас қорыту жүйесiнде ерiп, өте улы фосфор қосындыларына дейiн ыдырайды. Препараттың 3-5 % концентрациясы өсiмдік майына араластырылады да азықтық заттарға қосылып берiледi. Егеуқұйрықтар үшiн летальдік, мөлшерi 0,015-0,03 г, ал тышқандар үшiн-0,0005 г. Препарат басқа


Бақылау сұрақтары:

1 Инсектицидтік,


2 Акарицидтік заттар
3 Дератизациялық заттар


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Тулеметова С.Е. Фармакология: оқу құралы / С.Е. Тулеметова.- Алматы: Эверо, 2015. - 332 бет.


2.Тулеметова С.Е. "Ветеринарлық фармакологиялық және токсикология" пәніне 5В12100 - "Ветеринарлық медицина" мамандығы студенттеріне арналған дәріс жинағы I-бөлім Шымкент : ОҚМУ, 2016
3.Кухар Е.В., Есжанова Г.Т. Основы фармакогнозии. – Алматы: Эверо, 2018. – 284 с.
4. Тулеметова С.Е. «Ветеринариялық фармакология» пәнінен 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау/ Шымкент : ОҚУ, 2021.
5.Тулеметова С.Е. Ветеринариялық фармакология пәнінен Видеолекция 2020ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет