М-Н холиноблокаторлар Холинэстеразаның ингибиторлары(қарсы әсер ететін заттар). Бұл топтаты препараттар ацетилхолинэстеразаның әсерін жоятындықтан, олар ацетилхолинге әсер ете алмайды. Ацетилхолин холинергиялық синапста шоғырланады да, өзінің холиномиметикалық әсерін тигізеді.
Ацетилхолинэстераза - белокты зат, көбінесе ацетилхолин бар жерлерде шоғырланады. Фермент ацетилхолинмен молекуланың екі бөлігінде әсерлеседі: анионда және эстераза орталықтарында. Осының салдарынан ацетилхолиннің мускариннің әсеріне ұқсас әсері пайда болады. Онда брадикардия; гипотензия; көздің қарашығының кішіреюі; жадатай етті ағзалардың еттерінің тонусының күшеюі; бронхы, «сілекей және тер бездерінің секреттерінің бөлінуінің ұлғаюы байқалады. Препараттың аз дозасында никотиннің әсеріне сәйкес әсерлері білінеді. Онда бүйрек үсті безіне, қаңқа бұлшық еттеріне импульстың келуі жеңілдейді. Ал үлкен дозасы мұндай әсерін тежейді, орталық нерв жүйесін қажытады.
Физостигмин салицилаты - Калабар бұршақтарынан алынатын алкалоид. Суда, спиртте жақсы еритін, түссіз, жылтыр призма тәрізді кристалл. ¥нтақ түрінде шығарылады, «А» тобына жатады. Көптеген препараттармен (йод, ауьтр металлдар, сілті, қышқыл, диуретин, уротропин) қосылыспайды. Жарықтың, ауаның әсерінен тотытады, ұнтақ қызыл түске айналады. Ондай жағдайда препараттың белсенділігі жойылады. Сондықтан оны қара түсті ыдыста сақтайды, ертіндісін қолданар алдында дайындайды.
Препарат бронхылардың, ас қорыту жүйесінің ағзаларының, зәр шығару—жыныс жүйелерінің, өт жолдарының жадағай еттерінің, көз еттерінің жирылуын күшейтеді. Әсіресе көздің қарашығы кішірейеді, ішкі қысымы төмендейді, жақыннан көрушілік дамиды. Аз дозасы брадикардияны, ал үлкен дозасы - тахикардияны туғызады. Холинергиялық иннервацияны белсендендіреді, холинэстеразаны нейтралдайды, ацетилхолиннің түзілуін жақсартады, ас қорыту жүйесінің ағзаларының жирылуын, секрет бөлуін үдетеді.
Прозерин — Proserinum. Синтетикалық жолмен алынатын антихолинэстеразалық препарат. Негізгі әсерлері физостигминдікіндей, бірақ жылқылар мен ірі қара малына күштірек әсер етеді. Суда жақсы еритін, иіссіз, ащы дәмі бар, ақ түсті ұнтақ. Ұнтақ ретінде, немесе 0,05 % -ды І мл ампулада шығарылады. «А» тобына жатады.
Бас ми, көз, сиырлардың гинекологиялық ауруларында қолданады. Малдың қозғалысы бұзылғанда, асқазан мен ішектердің атония құбылысында, қуықтың жирылуы нашарлағанда терінің астына жіберу арқылы қолдануға болады. Антидоты - атропин.
М-холинорецепторларға әсер ететін дәрілік заттар.