Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет24/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   143
Байланысты:
369577-1

Марал шөбі тамырының экстракті. Спирттегі (1:1) қызыл-қоңыр түсті, ащы дәмді сұйық. Улылығы төмен, орталық нерв жүйесін қоздыратын, наркотикалық және ұйықтататын дәрілерге қарсы әсері бар препарат. Малдың қан қысымы аздап көтеріледі, қан айналу жылдамдығы артады, миокардтың жирылуы күшейеді, әлсіреген еттердің қызметі жақсарады.
Малдәрігерлік тәжірибеде ауыз қуысы арқылы орталық нерв жүйесі қажығанда, еттердің қызметі әлсірегенде, ішкі; ағзалардың қызметтері төмендегенде қолданылады.
Қытай лимонигінің тұнбасы. 95 % спирттегі ерітіндісі қызғылт түсті, ащы-қышқыл дәмді мөлдір сұйық. құрамында схизандрин, эфир майлары, органикалық қышқылдар, көміртегі, С витамині бар. Орталық нерв жүйесін қоздырады, жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйелерінің қызметтеріне дем береді, оңды шартты рефлекстерді үдетеді, гипотония кезінде артериялық қысымды жоғарылатады, организмнің физикалық әлжуаз кезінде оның жұмысқа қабілеттілігін арттырады. Ауыз қуысы арқылы береді.
Женьшень тұнбасы - Раnах Сіnseng. (қытайша «жень» - адам, «шень» - тамыр. Адам тәрізді тамыр). Аралий тұқымына жататын көп жылдық өсімдік. Препарат дайындаута өсімдіктің тамыры қолданылады. Тұнбасы сарғыш түсті мөлдір сұйық. құрамында эфир, майлар, пектиндер, көміртегі, гликозидтер, В тобының витаминдері, аскорбин мен фосфор қышқылдары, темір, марғанец және т.б. заттар бар. Олардың ішіндегі ең маңыздылары: папацен, панакси және гинзенин. Панацен бас мидың сыртқы тітіркендіргіштерге сезімталдығын төмендетеді; панаксут - керісінше нерв жүйесінің, бұлшық еттердің тонусын әлсірегенде оның жақсартады;гинзенин - зат алмасу процессіне, әсіресе көміртегінің алмасуына жақсы әсер етеді. Препараттың құрамында радийдің ізі бар, ол күшті стимулятор.
Орталық, вегетативті нерв жүйелерінің реакциялары төмендегенде; организім жалпы әлсірегенде; бауыр, бүйрек, жүрек, ішкі секрет бездерінің қызметтері нашарлағанда спирттегі тұнбасы жиі қолданылады. 50 мл-лік шыны ыдыста шығарылады, жарық түспейтін жерде сақтайды.
Бемитил - Веmithylum. Организмге дем беруші дәрі ретінде әсер етеді. Организмнің оттегінің жеткіліксіздігіне тұрақтылығын жоғарылатады, күш түскенде жұмысқа қабілеттілігін арттырады. Иммундық жүйенің қызметін жақсартады. Препаратты малды азықтандырғаннан кейін береді. Бемитилмен емдеу кезінде малды көміртегі мол азықтармен азықтандырады. Иттердің қозуы мүмкін.
Гипогликемияда қолдануға болмайды.
0,125 - 0,25 г таблетка түрінде шығарылады. «Б» тізімі бойынша сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет