Сена жапырығы(лист сенны)-Folium Sennae. Таяу уақытқа дейін сенаны Мысырдың «Александр жапырағы» деген атпен экспортқа шығарып келді. Үшкір жапырақты (африкан) кассиясы және жіңішке жапырақты (үнді) кассиясы негізгі дәрі өндірілетін өсімдіктер болып табылады.
Кассиялардың барлық түрінің жапырағы олардың құрамындағы антрагликозидтердің есебінен іш өткізгіштік әсер етеді. Сеннаның іш өткізгіштік әсерінің күші ішектің жиырылуын болмашы түрде күшейтіп , іш өткізгіштік әсер туындатады. Емдік мөлшерде кқп қолданғанда ішекті қабындыруы мүмкін. Қуаттандырғыш ,іш өткізгіштік және уытты мөлшерінің арақатынасы 1:4:10. Мұндай мөлшер ауқымында дәрігердің сеннаны қуаттандырғыш дәрі ретінде де , іш өткізгіштік дәрі ретінде де қолдануға толық мүмкіндігі зор.
Сенна жапырағын тұндырма және ботқа түрінде қолданады.
Итшомырт қабығы (кора крушины ломкой)-Cortex Frangulae-итшомырттың жас бұталарының діңі мен бұтақтарының кептірілген қабығының құрамында оның іш өткізгіш әсерін туғызатын антрагликозидтер 5 жуық ,сондай-ақ илік заттар мен крахмал бар, жас жиналған қабығында күшті тітіркендіретін гликозид болады, ол құстыртып, асқазанның кілегейлі қабығын қабындырады.
Бұл гликолиз тұрақсыз және қабықты 100 -қа дейін қыздырғанда және оны бір жыл бойы сақтағанда тез бұзылады.
Итшомырт қабығы әсері жөнінен сеннаға ұқсас және оны қуаттандырып сенна қолданылатын ауруларда тұнба немесе тұндырм атүрінде қолданады. Итшомырттың сұйық сығындысы қолдану үшін неғұрлым қолайлы.
Рауғаш тамыры (корень ревеня)- Radix Rhei.Әсер ететін заты бір жағынан хризофан қышқылы мен эмодиннің ыдырауы кезінде пайда болатын антрагликозидтер , екінші жағынан рауғаш илік және эмодин қышқылының ыдырау өнімдері болып табылатын – таногликозидтер.
Аз мөлшерде қолданылғанда дәм сезгіштік жүйкелерді тітіркендіреді. Рауғаштың мөлшерін көбейткенде едәуір тқтқырлық әсер ете отырып секрецияны едәуір азайтады және ішектің жиырылуын біршама тежейді. Мұндай жағдайда антрвхинон туындыларының мөлшері олардың әсер етуі үшін әлі жеткіліксіз болады,ал илік заттардың әсері жеткілікті болады. Мөлшерін оңай әрі көбейткенде илік заттармен қатар антрахинонды туынды заттар да әсер етеді, олар тоқ ішектегі сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіреді, сөйтіп ішектің қаусырылуын күшейтеді.
Аталған әсер тұтқырлық әсерден асып түседі, сондықтан жануарларда іш өткізгіштік әсер пайда болады. Антрохинондық туынды заттардың әсері ұзақ емес (1/2-1 сағат ) және тік ішекті нәжістен 3-5 қайтара тазартады. Бұған қарама-қарсы түрде ішектегі илк заттар өзінің белсенділігін ұзақ сақтайды,соның нәтижесінде іш өткізгіш әсерден кейін тұтқырлық әсер байқалады. Тұтқыр дәрі ретінде арнаулы түрде рауғашты қолданбайды. Ішекті босатқаннан кейін ішектің перистальтикасын баяулату қажет болған жағдайда ,немесе қабынуға және быршуға қарсы әсер ету қажет болған жағдайда іш өткізгіш дәрі ретіндпайдаланады. Әсіресе жас төлде тышқақ болғанда осындай әсерлерді ұштастыру пайдалы.
Рауғаш қайнатпа түрінде өттің бөлінуіне септігін тигізеді. Сондықтан оны холициститтерде және гепатиттерде қолданады.Тамырын тұндырма , болюстер және ботқа түрінде де қолдануға болады. Сондай-ақ оның официналды түрде шығарылатын тұндырмасы мен сығындысы қолданылады.