Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет40/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   143
Байланысты:
369577-1

Ментол Жалбыз эфир майының құрамында болады. Салқындатқыш дәмі бар, түссіз кристалдар, суда ерімейді спирттің 0,25, эфирдің 0,5, сұйық парафиннің 5 және сұйық майдың үш бөлігінде ериді.
Ментолды сіреспе шаншуларда ауырсыну сезімділігін әлсірететін және ішектің жиырлуын реттейтін дәрі ретінде, сондай-ақ, жүрек айнығанда және кейде ас қортуды жақсарту үшін ішкізу ұсынылады. Ларингиттерде, бронхидтерде, бронхоэктазия – ларда, өкпе және тыныс жолдары қабынғанда ментолдың зәйтүн майындағы 2-10 % ерітіндісін тік ішек арқылы енгізгенде жақсы нәтежелер береді.
Ментолдан басқа жалбыздың жапрақтарын және жалбыздың эфир майында да қолданады.
Эвкалпті теріге жарақатты дезодориацияланушы және дездинфекциялаушы дәрі ретінде де, сондай-ақ жаралардың жазылуын тездететін дәрі ретінде қолданады. Оның терінің мерез және паразитті ауруларын қолдануда жақсы нәтежелер береді. Эвкалипті жалпы қуаттандырғыш дәрі ретінде сондай-ақ қақырық түсіретін, ішектің свинктерлерін бәсеңдететін ас қорытуды жақсартатын және ас қорыту жолын дизинфекциялайтфн дәрі ретінде ішкізеді.
Анис жемісі (плоданиса) – Frucus Anisi шатырша гүлділер тұқымдасына жатады.
Анис жемісін ал кейде анис майының өзін де ас қорыту бездерінің секрециясын күшейту үшін және газдардың бөлінуіне жәрдемдесетін зат ретінде қолданады. Ішектің сіреспе түйілуінде анис майы ауырсынуды бәсеңдетіп,ішектің жиырылуын қалпына келтіреді.ол сондай –ақ қақырық түсіргіш дәрі болып табылады. Анис майы тері паразиттерін,биттерді, бүгелерді өлтіреді. Осы мақсатпен оның спирттегі және майдағы ерітінділерін (1:100) пайдаланады.
Анис майын көп мөлшеде пайдалану құстар үшін уытты. Анис жемісін көбінесе басқа дәрілік заттармен бірге, мысалы, хлорлы аммонимен немесе сүрме препараттармен (қақырық түсіретін дәрі ретіде) бірге қолданады. Сонымен бірге ол іш өткізгіш шайдың құрамына енеді.
Фенхел немесе волош ашкөгінің жемісі (Плод фенкеля или волошекого укроба) – Fructus Feoniculi. Құрамында 2-7% эфир майы, 15 %жуық сұйық май, белок және қант болады. Ашкөктің қолданылуы анис жемісіне ұқсас болады. Су буымен құрғақ айдау арқылы ашкөк суын алуға болады.
Зире жемісі (плод тмина) – Fructus Carvi – шатырша гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік – зиреден алынады. Зирненің жемісінде 4% жуық эфирлі зире майы болады. Зире ашкөк пен анис сияқты әсер етеді.
Кориандр жемісі (Плод кориандра) – Fructus Coriandri. Шатырша гүлділер тұқымасына жататын бір жылдық шөптесін өсімік. Жемісінің құрамында эфир майы – 0,8-1%, сұйық май – 10-13% және белоктық заттар болады. Организмді қуаттаныратын зат ретінде, сонадай-ақ дәм келтіретін және ас қорытуды жақсартатын дәрі ретінде қолданады.
Арша жемісі (Плоды межжевельника) - Fructus Juniperi. Кипарис тұқымдасына жататын кәдімгі аршадан алынады. Орманды аймақта таралған.
Піскен жемістің – арша жидегінің құрамында 0,5-2,0% эфир майы, қант - 40% және роганикалық қышқыл болады. Жидекті несеп айдағыш дәрі, ас қорытуды жақсартатын, ішектің жиырылуын күшейтетін және бронхы бездері секрециясының бөлінуін күшейтетін зат ретінде қолданады. Сонымен бірге эфир майы ашу процесіне қарсы әсер етеді, сфинктерлерді бәсеңдетеді және газдардың бөлініп шығуына көмектеседі.
Қыша дәні (Семя горчицы) – Semen Sinapis. Қосжарнақты гүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік – қара қышадан алынады. Дәннің құрамында 20-30% сұйық май, синигрин гликозиді және мирозин ферменті болады. Дене температурасында (30-45%) және су қосылғанда мирозин синигринді ыдыратып қант, ащы күкірт қышқылды калий және эфир майын түзеді. Бұл май ( Oleum Sinapis aethereum) кейде синтетикалық жолмен алынады.
Дәрілік мақсатпен әдетте таза майды емес қыша дәнінің ұнтағын қолданады. Қыша дәнінің теріге жағырған жағындысы сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіреді. Жергілікті қан кернеулігінің артуы осының салдары болып табылады. Сонымен қатар мүшелердің қабынуына қарсы реакциясы рефлекторлы түрде күшейтіледі.
Ұзақ әсер еткенде қыша майы күшті тітіркендіреді және тек теріні ғана емес, сонымен бірге тері астындағы терең қабаттарды да қабындырады. Ішкізілген қыша майы аз мөлшерде қарын сөлін бөліп шығаруды күшейтеді, көп мөлшерде гастроэнтерит туғызады.
Қыша дәнін қыша қағаз ретінде теріге ішкі мүшелері қабынуында, атап айтқанда, жарғақта және өкпе қабынуында тітіркендіргіш рретінде қолданады.
Сондай-ақ, қызыл бұрышты, түйе жоңышқаны да қыша дәні сияқты пайдаланады.
Тимол – Thimolum. Тимиан өсімдігінен синтетикалық әдіспен алынады. Өзіндік иісі, дәмі бар, түссіз ірі кристалды ұнтақтар. Спиртте (1:1), хлороформда және сұйық майларда жақсы ериді. Жарық түспейтін жерде жақсы жабылатын ыдыстарда сақталады.
Кілегейлі қабыққа жағылған тимол ерітіндісі баяу тітіркендіріп әсер етеді. Ішкізілген тимол ерітіндісі бездердің секрециясын және ішектің жиылылуын күшейтеді. Көп мөлшерде қолданғанда тітркену неғұрлым күшті болып, іш өткізеді, иттер мен мысықтарды құстырады.
Тимолдың антимикробдық және антигельминттік әсері маңызды әсер болып табылады. Оны жергілікті жерге спирттегі немесе майдағы 5-10%-дық ерітінді түрінде пайдаланады, Антигельминттік дәрі ретінде оны медицинада антикилостоминдке, трихостронгилидке және острицаларға(ішек құртқа) қарсы қолданады. Ветеринарияда жылқының стронгилидоздарында (ұйқы безінің гельминтозы) және иттің анкилостомидозында пайдаланады.
Түймедақ гүлдері ( цветки ромашки) – Flores Chamomilae. Қарапайым түймедақ гүлінен жинайды. Дәрілік мақсатпен гүл күлтелерін қолданады.Шешек ата бастаған кезде жиналған гүлдердің құрамында 0,1-0,2% эфир майы, кілегейлі заттар, алманың кальцийлі тұзы, ақшылтым және илік заттар болады.
Эфир майы қою консистенциялы, көкшіл түсті және өзіндік иісі болады. Илік заттармен қосылғана ол ауырсынуы төмендетеді және қабынуға қарсы әсер етеді. Қабынған ұлпалардың асқынуын бәсеңдетеді, капиллярлардыбіраз тарылтады, бактериялардың дамуына бөгет жасайды. Ас қорыту жүйесінде ол быршып-ашуды тежейді, уытты заттарды бейтараптандырады, ауырсыну сезілталдығын тияды, сфинктерлерді бәсеңдетеді, қабыну құбылысын жеңілдетеді.
Эфир майын ішінара бүйрек бөліп шығарады.(бұл орайда оның несеп айдағыш қасиеті бар), негізінен тер бездері бөліп шығарады (тері айдағыш әрі ретінде әсер етеді).
Түймедақ гүлдерін қабынуға қарсы дәрі ретінде теріге жағады, ауыз шаяды, дымқылдайды, булайды және ванна түрінде қолданады, қабынуға қарсы және боржып – ашуға қарсы дәрі ретінде асқазан- ішек жолының кілегейлі қабығы қабынғанда, ішек түйілулеріне және уланғанда ішкізіледі.
Батпақты жерде өсетін ақшайыр, орманда өсетін ақшайыр және киік оты шөбі де түймедақ гүлдеріне ұқсас әсер етеді.
Құстыратын және қақырық түсіретін дәрілік заттар.
Құстыратын және қақырық түсіретін заттар бір топқа біріктіріледі, өйткені олардың көбісін аз мөлшере қолданғанда қақырық тастатады, ал көп мөлшерде- құстыртады.
Бронхы бездерінің қақырық түсіртетін әсері мен секрециясын күшейтудің жөтел мен тыныс алу жолдарының қабынуында үлкен шипалық мәні бар. Жөтелде тыныс жолдары қабыну өнімдерінен, микробтардан және әртүрлі тітіркендіргіштерден тазарады және жөтел ылғалды түрде болады, мұндай жөтелде кілегей көп бөлінеді. Құрғақ жөтелдің қауіпті болатын себебі оның эмфиземаны туғызып, жүрек – қан тамырлары жүйесінің және басқа жүйелердің жұмысын бұзуы мүмкін. Қақырық түсіртетін дәрілер бронхы бездерінің секрециясын күшейтеді. Осының нәтижесінде жөтел жұмсарып, жайлы түрде өтеді. Бронхы бездерінің секрециясымен бірге кілегейлі қабықты тітіркендіретін, сөйтіп қабынуды бәсеңдету үшін қолайлы жағдай жасайтын заттар бөлініп шығады. Қабынуда секреттің бағалы болатын себебі ол кілегейлі қабықты бүркей отырып, оның ауамен бірге енген тітіркендіргіштерге қарсы сезімталдығын төмендетеді.
Қақырық түсіретін заттар көп, бірақ олардың ішінен қабынуды күшейтпейтін, жанама әсер етпейтін, баяу да ұзақ түрде қақырық түсіртетін заттардың ғана зор мәні бар. Сондықтан пилокарпин сияқты заттар бронхы бездерінің секрециясын күшейткенімен, қақырық түсірететін дәрі ретінде қолданылмайды. Олардың секреторлық әсері өте күшті, бірақ ұзаққа созылмайды. Бронхы бездері секретінің көп мөлшерде түзілетіні сондай, өкпе мен жарғақтың кейбір ауруларында қақырық бөлініп үлгермейді, бронхыны және қолқоны бітеп тастап, қабынуды ұшықтырыды. Баяу әсер ететін қақырық түсіргіш дәрілерден биокарбонаттардың зор мәні бар, олар секрецияны күшейтеді,қанның қасиетін және безді торшалардың өзіндегі ортаны өзгертеді. Көптеген заттарды бронхы бездері бөліп шығара отырып, әлсіз тітіркендіріп әсер етеді. Заттардың көбісі бөлініп шығу кезінде әлсіз бактерицидті түрде де әсер етеді, ал мұның зор мәні бар хлорлы аммоний, аммиак, анис, ашкөк және зире жемістерінің эфир майлары, скипидар, камфора, йод осындай әсер ететін заттарға жатады.
Ішектің кілегейлі қабығын тітіркендіруде рефлекторлық әсер ететін қақырық түсіргіш дәрілер- ипекакуана тамыры, үш және бес күкіртті сурьма және басқаларының зор мәні бар. Бұл дәрілер үш бағытта әсер етеді. Аз мөлшерде қолданғанда олар асқазан мен ішек бездерінің секрециясын рефлекторлы түрде күшейтеді, ал көп мөлшерде құстыртады. Оларды көбінесе қақырық түсіргіш дәрілер ретінде қолданады.
Қабынудың әсіресе жас жануарларда болатын қабынудың кейбір түрлерінде ішектегі сезімтал жүйкелерің ұзақ тітіркенуі бронхы бездері секрециясының нашарлауының себебі болып табылады. Мұндай жағдайда қақырық түсіргіш дәрі ретінде әртүрлі шырышты заттар пайдаланылады, олардың ішінде дәрілік жалбызтікентамырының мәні неғұрлым зор.
Құсу – асқазандағы және ішектің басқа бөлігіндегі күшті тітіркендіргіштерден босатуға бағытталған қорғаныс реакциясы.
Мал дәрігерлігінде қоланылатын құстырғыш дәрілер құсу орталығын тікелей немесе рефлекторлы түрде қоздыратын дәрілер болып бөлінеді. Бірінші топқа апоморфин, екінші топқа вератрин, ақ тамыр дәрі, ипекакуан тамырының алколоидтары, құстырғыш тас, мыс тотияины, хлорлы натрий, жасыл сабын жатады.Қақырық түсіретін дәрілердің көбісі көп мөлшерде қолданғанда құстыртады.
Ипекакуана тамыры (құстырғыш тамыр- корень ипекакуаны)- Radix ipecacuanhae. Бұл тропикалық өсімдіктің тамыры. Оның құамына эметин және цефаелин алколоидтері бар. Эметиннің маңызы ерекше, оны аз мөлшерде қолданғанда құстыртады. Эметине ащы дәм болады, сондықтан оны ашқылтым дәрілік зат ретінде ас қорытуы жақсартуға қолданады.Сонымен бірге ол асқазан мен ішектің шырышты қабығындағы сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіреді, мұның өзі бронхы бездері секретінің бөлінуін рефлекторлы түрде күшейтеді.Эметин ас қорыту жолында неғұрлым ұзақ болса, оның қақырық түсіргіш әсері де соғұрлым ұзағырақ болады. Іс жүзінде эмитиннің өзі емес, баяу және ұзақ әсер ететін ипекакуана тамыры соғұрлым бағалы. Эмитил ішектегі сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіргенімен ол ішектің жиырылуын күшейтеді, өйткені асқазан мен ішектің бірыңғай салалы бұлшық етін әлсіретеді.
Күйіс қайыратын жануарлар үшін ипекакуана жақсы руминаторлық дәрі болып табылады. Ол таз қарын толғанда ғана емес, сонымен бірге оның әлсіреуінде де тиімді әсер етеді. Көп мөлшерде қолданғанда әртүрлі қабыну құбылысын туындатады.Ипекакуана тамырын Б тізімі бойынша сақтайды.
Өкпедегі және тыныс жоларындағы ылғалды қабыну құбылыстарына қақырық түсіретін әрі ретінде қолданады.
Қазіргі кезде ипекакуана тамырының орнына хлорды-сутекті эметин(Emetini hydrochloridum) де кеңінен пайдаланылуда.Эмитин амебалық дизентериялық балантидиозда,гепатохолециститте,гепатохолотитте шипалы әсер етеді.Тері астына және бұлшық етке енгізу мөлшері қойға 0,003г/кг,ешкіге 0,002г/кг препаратты 1-2% ерітінді түрінде араға 2-3 күн салып 2-3 рет қолданады.
Хлорлы аммоний (мүсәтір) Ammoni Chloridum NH4Cl.Суда (1:3)оңай,спиртте (1:50) біршама нашар еритін ақ түсті кристалды ұнтақ.Қыздырғанда буланып ұшады.
Ұлпаның құрамында хлорлы аммоний ыдырайды,сөйтіп оның ыдыраған өнімдері баяу тітіркендіріп және дезинфекциялап әсер етеді.Бұл заттар бронхы бездерінде бәрінен де көп түзіледі.Сондықтан хлорлы аммоний өте шипалы қақырық түсіргіш дәрі,сонымен бірге бронхылардың жиырылуын күшейтіп бактериостатикалық әсер етеді.
Хлорлы аммониді тыныс жолдары мүшелерінің ауырсыну түрінде өтетін құрғақ жөтелде қақырық түсіргіш дәрі ретінде қолданады. Жоғары температурада хлорлы аммоний хлориді жеңіл айдалады және аса майда бөлшектер түрінде (065-2 мкм) ауада 1-1,5 сағат бойына тұрақты түрде сақталады. Бұл қасиетін пайалана отырып, хлорлы аммоний түтінін тыныс мүшелерінің ауруларын топтап емеу кезінде қолануға болады. Бөлменің текше метріне шаққанда хлорлы аммонийдің мөлшері 0,5 г, ал емдік уақыты 60 минут.
Терпенгират- Terpinum hydratum. Скипидарды суда ұзақ ұстағанда немесе скипидарға азот қышқылын қатыстыра отырып спиртпен әсер ету арқылы алады. Суда нашар еритін (1:250), алкогольда жақсы еритін (1:10) түссіз кристалдар, әсері жөнінен скипидарға ұқсас, уыттылығы төмендеу, бірақ тыныс жолдарының және бүйректің кілегейлі қабығын күшті жанданырады. Оның негізінен ұсақ жануарларға тыныс жолдары ауруларында қақырық түсіретін әрі ретінде (0,1-0,5) және сирек жағдайда несеп айдағыш дәрі ретінде (0,2-0,8 ) қолданады.
Сурьма препаратын қазіргі кезде шектеулі түрде – бронхы бездерінің секрециясын күшейтуші, гельминтоздарға қарсы және пироплазмидозға қарсы дәрі ретінде пайдаланады. Жалпы әсері және қан паразиттеріне әсер етуі бойынша сурьма организмнен біршама тез бөлініп шығады және қысқа мерзімде әсер етеді.
Сурьманың ерімейтін қосылыстары ішектегі асқорыту бездері сөлінің әсерімен бірте- бірте ериді және рецепторларды тітіркендіреді. Бұл тітіркену әдетте баяу болады, бірақ ұзаққа созылады және бронхы бездерінің қызметін рефлекторлы күшейтеді. Сурьма препараттары қан паразиттеріне және асқазандағы аскаридаларға күшті әсер етеді. Іс жүзінде бұл үшін бес валентті сүрменің ерімейтін қосылыстары неғұрлым қолайлы. Сурьманың организмге жалпы әсері емдік мақсатта қолданылмайды. Ол үлкен мөлшерде уытты әсер етеуі мүмкін. Сурмеден уланғанда ас қорыту жолдарының кілегейлі қабықтары күшті тітіркенеді(тоқтаусыз құстырады және іш өткізеді) және малдың жалпы жағдайы төмендейді.
Үш күкіртті сурьма (антимоний, сурьма жарқырауығы) – Stibii sufuratum nigrum,Sb2S3 кристал құрылымдағы бозғылт – қара түсті ауыр кесектер немесе иіссіз және дәмсіз ұнтақ, суда ерімейді.Асқазан мен ішекте антимоний өте баяу ериді және әлсіз тітіркендіргіш қасиет көрсетеді, соның нәтижесінде ас қорыту және бронхы бездерінің секрециясы рефлекторлы түрде күшейеді. Әсері баяу және 8 сағатқа дейін созылады.
Антимонийдің жылқыға, ірі қара малға, шошқаға және сирек жағайда ит пен мысыққа қақырық түсіргіш дәрі ретінде қолданады.
Бес күкіртті сурьма – Stibium sufuratum aurantiacum Sb2S5 – иіссіз, дәмсіз, суда ерімейтін аморфты қызыл – сары түсті ұнтақ. Жарықта ұзақ сақталғанда және ылғалда тотықтанады. Үш күкіртті сурме сияқты әсер етеді, бірақ едәуір әлсіз сіңіріледі және баяуырақ тітіркендіреді, қақырық түсіргіш дәрі ретінде қолданылады.
Антимоний – калий тартраты (шарап-сурьма-калий тұзы, құстырғыш тас) Stibio Kalii tartras. Түссіз кристалдар немесе ақ түсті кристалды ұнтақ, иіссіз, дәмі метал татиды, желге ұшпайды,суық судың 17, қайнаған судың 3 бөлігінде, глицериннің 20 бөлігінде ериді, спиртте ерімейді. Суағы ерітіндісінің әлсіз қышқыл реакциясы бар. Сақтықпен сақтайды(Б тізімі).
Ерітінді түрінде ішкізілген құстырғыш тас аз мөлшерде кілегейлі қабықтың рецепторларын әлсіз тітіркендіреді. Соның нәтижесінде бронхы және асқазан бездерінің секрециясы күшейеді. Мұндай әсер 1-2 сағатқа созылады және ас қорыту жолының қозғалыс – қимыл функциясын баяу күшейтуүшін пайдалануы мүмкін, бірақ кілегейлі қабықтың қабынуына құстырғыш тас жағымсыз әсер етіп, қабынуды күшейтеді.
Препараттың мөлшері неғұрлым көп болса және оның ерітіндісі неғұрлым концентрацияланған болса, оның тітіркендіргіш әсері соғұлым күштірек болады. Соның нәтижесінддежануарлардда ұзаққа созылған және ауырсыну түрінде өтетін құсу пайды болады(сондықтан препаратты құстырғыш тас деп атайды ). Жылқының ішіндегі препарат аскаридаларды өлтіреді. Күре тамырға енгізгенде кейбір трипоноздарды өлтіреді, бірақ бұл мақсатта қолданылмайды, өйткені сурменің басқа қосылыстары неғұрым шмпалы және жануарлар үшін уыттылығы неғұрлым төмендеу.
Аммоний – каллий тартраты жылқының аскаридозында, оксиурозында және парааскаридозында антигельминт ретінде қолданылады. Төлге, кәрі және арық малға препаратты қолдануға болмайды. Оны сондай-ақ шошқа, ит пен мысық үшін құстырғыш және руминаторлық дәрі ретінде, қақырық түсіргіш дәрі ретінде пайдаланады.
Солюсурьмин – Solusurminum, кейде триостам деп атайды. Бес валентті сурьма мен глюконды комплексты қосылысының натрийлі тұзы, суда еритін ақ түсті ұнтақ. Құамында 21-26% сурьма бар.Ыстыққа төзімді, сақтықпен сақтайды(Б тізімі).Солюсурьмин- леишманиозға қарсы шипалы дәрі.
Вератрин – Veratrinum. Америкада өсетін сабадилла деп аталатын өсімдіктің дәнінен алынатын алколоидтардың қоспасы.Ұсақ аморфты ұнтақ, суда ерімейді, спиртте (1:4), хлороформда және эфирде ериді. А тізімі бойынша сақталады.
Вератрин сезімтал жүйке ұштарын күшті тітіркендіреді. Оның көзге түскен болмашы мөлшері өте күшті ауыртады, өйткені ол коньюнктивті сұйықтығында өте баяу еритіндіктен, оның тітіркендіргіш әсері ұзаққа созылады (1-2 сағат).
Вератриннің спиртті ерітіндісін бұлшық етке енгізгенде, ол бұлшық етте жинақталады, одан еру дәрежесіне қарай вератрин баяу сіңіріледі және бұлшық етке ерекшке әсер етеді, оның жиырылғыштығын жақсартып арттырады. Бұл әсер кофоиннен өзгеше түрде бүкіл бұлшық етке ғана таралмай ,тек 10-20 см шеңберіндегі шағын учаскеге ғана таралады. Бұлшық ет тобының жұмысын бұлайша күшейту бұлшық еттің шектеулі семуінде (атрофия) өте маңызды. Үй жануарларында, әсіресе жылқыда еттің жиырылуы нашар болғанда сему өте тез дамиды. Мұндай жағдайда жылқыны күш көлік ретінде пайдалану үшін бұлшық еттің қоректенуін жақсарту және оның қуаттандырылуын арттыру қажет, бұған көбінесе вератриннің көмегімен қол жеткізіледі.
Вератриннің сіңірілгіш әсері жағымсыз. Ол тамыр соғуының баяулауынан және нашарлауынан, жүрек бұлшық етінің әлсіреуінен, қан қысымының төмендеуінен, қан тамырларының әлсіреуінен және басқа жағымсыз белгілерден көрініс табады.
Уытты әсер асқазан мен ішектің кілегейлі қабығының күшті тітіркенуі нәтижесінен пайда болады, соның салдарынан малдың құсуы, сілекей ағуы, шашалу пайда болады, тынышсыздануы, сондай-ақ жүрек қызметінің, қан қысымының төмендеуі мүмкін.
Вератринді көлденең жолақты бұлшық еттің қызметі әлсірегенде, төлегеннен кейін талықсуда, бұлшық еттің семуінде бұлшық етке және тері астына егеді. Сондай-ақ күйіс қайыратын малдарда қосалқы қарынның әлсіреуінде(атония) қуаттандырғыш дәрі ретіндеде қолданады.
Ақ тамыр дәрінің тамырсабағы (корневище белой чемерицы) – Rhizoma Veratri. Вератрин тектес өсімдіктердің кептірілген көпжылдық тамыр сабағы. Ол орманды алқаптарда, шалғындарда, өзен жағалауында кеңінен таралған, сақтықпен сақтайды(Б тізімі). Оның әсер етуші негізгі –алколоидтар (1,5%-ға жуық)олардың ішінде протовератрин мен невриннің маңызы зор. Тамыр дәрі алколоидтары вератрин сияқты сезімтал жүйкелердің ұштарын тітіркендіреді. Тозаңын ішке жұтқанда жануарлар түшкіріп, жөтеледі. Ішкізілгенде алколоидтар құстыртады. Шөп қоректі жануарларда тазқарынның жиырылуын күшейтеді.
Ақ тамыр дәрінің тамырсабағын шошқалар мен иттерге қайнатпа түрінде құстырғыш дәрі ретінде қолданады. Ірі қара малға тамырсабақты күйіс қайыруды күшейту үшін және тазқарынға жын толып, шірігенде, сондай-ақ созылмалы іш кебуде руминаторлық дәрі ретінде қолданады. Теріге оның майа ұнтағын тері паразиттеріне: битке, бүргеге, жануарлар мен құстарың жүн битіне қарсы күресте пайдаланады. Уқорғасынның(аконит) түйнектері (клубни оконита) – Tuber Aconiti. Орта Азияда және Сібірде таралған сәндік мақсатта өсірілетін уқорғасынның жас түйнектері. Аконит сарғалдақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Түйнекті тұнбаша және сұйық май түрінде ревматизмге қарсы және ауруды тыныштандыратын дәрі ретінде теріге жағады. Аконти түйнектері және бүкіл өсімдіктің өзі тым улы екенін ескеру керек және оны сақтықпен қолдану керек. Улы заттар кілегейлі қабық және тері арқылы оңай сіңіріледі және организмді селсоқ халге түсіріп, сілекей ағызады,бұлшық етті қалтыратып құрыстырады. Уға қарсы дәрі ретінде тері астына камфора майын, кофейінді қолданады, іш өткізгіш, құстырғыш, адсобциялағыш дәрілерді ішкізеді.
Акониттің түйнектері шектеулі түрде қолданылады. Жоғары мөлшері : жылқыға 5,0г, ірі қара малға 10,0г, уақ малға 1,0г, шошқаға 0,5г. Акониттің официнальды тұнбасы – Tinctura Aconiti.
Бензой қышқылы – Ас. Benzoicum C6H5COOH. Түссіз кристалдар, суда нашар (1:495), спиртте (1:2) және эфирде (1:1,6) жақсы ериді. Тез сіңіріледі. Шағын мөлшерінің сіңірілу әсері елеусіз, негізінен бронхы бездері, ішінара бүйрек, сүт және тер бездері арқылы бөліп шығарылады. Бөліну кезінде баяу тітіркендіріп және микробқа қарсы әсер етеді.
Апоморфин – Apomorphinum . Жиынтық формула бойынша морфиннен H2O бойынша ғана айырмашылығы бар. Бірақ бұл молекуланың қайта құруымен және әсердің өзгеруімен ұштастырылады.
Апоморфин – өте тұрақсыз, оңай тотықтанатын және боялған өнімдер түзетін зат. Апоморфиннің тотығуы кезінде жануарлар үшін тым улы заттар түзіледі. Олар құстыру әсерін әлсіретеді. Маужырап ұйықтауды күшейтеді, жүрекке жағымсыз әсер етеді. Апоморфин гидрохлоридін – Apomorphini hydrochloridum қолданады. Ақ немесе аздаған бозғылт түсті кристалды ұнтақ, судың 60 және спирттің 50 бөлігінде ериді. Бейтарап реакциядағы судағы ерітіндісі сәуленің және ауадағы оттегінің әсерінен тез жасыл түске боялады. А тізімі бойынша сақталады. Ерітінді түрінде тері астына қолданады, сирек жағдайда ішкізіледі.
Жылқыда апоморфинді тері астына енгізгеннен кейін шамамен морфинді енгізгендегідей тыпыршу және тынышсыздану белгілері байқалады, бірақ ол тез дамып, тез өтеді. Әдетте 3-5 минуттан кейін үркектік, тыпыршу пайда болады. Тыныс алу жиілейді. Бірақ 20-30 минут өткеннен кейін жануарлар тынышталады. Мөлшерін көбейткенде тынышсыздану белгілері қатерлі сипатқа айналады, құтырғандағыдай белгі пайда болады. Апоморфиннің әсерінен қозу кезінде жануарлар азықты еркін жұтып, қомағайлана жейді, жақын маңдағы заттарды жалайды.
Ірі қара малға шамамен жылқыға әсер еткендей әсер етеді. Қозумен қатар, оларға жалағыштық және аллотрофагия белгілері тән. Апоморфиннің аө мөлшерінен-ақ сиырлар өзінің жүнін жалап, кез-келген басқа денелерді(тастарды, теміді, ағашты, шүберекті) жей бастайды. Апоморфинді тек инъекция түрінде қолданғанда ғана осындай әсер байқалады, ал оны тіпті көп мөлшерде ішкізгендеқозу және жалағыштық құбылыстарының болмайтыны қызық. Жас жануарлар апоморфинге аса сезімтал емес.
Күйіс қайыратын жануарларда зат алмасудың бұзылуына, ірі қарада жалаңаштық құбылыстардың және қойда жүн жегіштіктің пайда болуына байланысты аурулардың болатыны белгілі. Егер зат алмасудың бұзылуында жануарлардың тері астына апоморфиннің ең аз қоздырғыш мөлшерін енгізетін болсақ, онда қозу құбылыстары байқалмайды.
Қойдың апоморфинге сезімталдығы аздау, ал ешкінің сезімталдығы одан да төмендеу.
Шошқаға апоморфин шөп қоректі жануарларға әсер еткендей әсер етеді, бірақ онда қозу құбылысы біршама көп мөлшерде(0,3-0,5) басталады.Апоморфинді шошқа үшін жақсы құстырғыш дәрі деп есептейді.
Апоморфин итке мүлдем ерекше әсер етеді. Тері астына препараттың 0,002-0,003 грамын енгізгенде 1-2 минуттан кейін-ақ сілекей көп шұбырып, ентікпе пайа болады, тамырдың соғуы жиілейді,жалпы әлсіздік басталады. Сонан соң құса бастайды. Құсу 3-5 минуттан кейін пайда болып, бірнеше рет қайталанады. Сонан соң жануар тез тынышталады. 10-20 минуттан кейін аталған белгілер қайталанады, бірақ маужырап ұйқыға кетеді. Құстырғыш дәрілерді ұзақ уақыт бойына күн сайын қолдану(бір ай және одан да көп) жануарлардың денсаулығына ешқандай жағымсыз әсер етпейді. Апоморфин итке ішкізілгенде құстыртады, бірақ бұл үшін тері астына енгізілгендегіден гөрі 5-10 есе кем мөлшер қажет, сонымен бірге құсу біраз баяу (15-30 минуттан кейін)басталады.
Мысықтын апоморфинге сезімталдығы итке қарағанда төмендеу 0,02-0,05г, қолданылғаннан кейін (тері астына) құса бастайды.0,3-0,8г мөлшерден қозу пайда болады. Апоморфинді ірі қара малдың жалағыштығында, қойдың жүн жегіштігінде, құстың қауырсындарын жұлуында емдік мақсатта қолданады. Сонымен бірге апоморфин ит үшін шипалы құстырғыш дәрінің бірі болып табылады, ол құстыру орталығына тікелей қозырып әсер етеді.
Жоғарыда айтылған құстырғыш, қақырық айдағыш заттармен қатар, қазір ветеринария саласында бромгексин, амброксол, бронхистал, фитоангин, броникум, бронхолитин және т.б қолданылады.
Тәтті заттар.
Тәтті заттар дәрілік заттардың дәмін жақсарту үшін қолданылады. Оның кейбіреулері ұлпалардағы осмостық қысымды өзгерту үшін азықтық зат ретінде пайдаланылады.
Мияның тамыры (солодковый корень) – Radix Clyeyrrhizae. Көпжылдық шөптесін өсімдік. Тамырының тәтті дәмі ыдырағанда глюкурон қышқылын беретін глициризмге байланысты. Сонымен қатар, тамырының құрамында глюкоза, сахароза, сапониндер, белоктық заттар және басқалар бар. Бұл препаратты қақырық түсіргіш зат ретінде қолдану жақсы нәтиже береді.
Мал дәрігерлігінде мия тамырының препараттарынан мия тамырының экстракты (Extractum Clycyrrhizae), шырыны(Sirupus Clycyrrhizae) және ұнтағы(Pulvis Clycyrrhizae compositus) қолданылады. Мөлшері : жылқыға 10,0-75,0г; ірі қара малға 15,0-100,0г; қой мен ешкіге 5,0-15,0г; шошқаға 5,0-10,0г; иттерге 0,03-2,0г; мысыққа 0,02-1,0г. Ұнтақтың мөлшері тамырынікіне қарағанда 2-3 есе көп.
Қант – Saccharum. Ақ түсті ұсақ кристалды қатты немесе ұнтақ түріндегі тәтті зат. Суда жақсы ериді. Қант организмге өте қажет қоректік зат және қуат көзі. Оны дәрілік заттардың дәмін жақсартуға, ұнтақ дәрілер жасағанда форма түзгіш зат ретінде, акшерлік тәжірибеде қиын толғақтар кезінде жатырдың жиырылуын жақсартатын зат ретінде қолданады.
Ішке бергендегі мөлшері: ірі қара малға 100,0-500,0г; шошқаға 3,0-200,0г; итке 10,0-100,0г. Сауын сиырлардың рационына қантты немесе қант қызылшасын қосу сүттің майлылығын едәуір көтереді.
Қантты сүт –12 витаминдері, ферменттер, гормондар және антибиотиктер бар.
Жергілікті жерге бал өте қолайлы әсер етеді. Жіті қабынулар кезінде ол ұлпалардың қоректенуін жақсартып, уытты заттарды бейтараптайды. Соның салдарынан ауру сезімі жойылып, қабыну құбылысы азаяды.
Бал асқорыту жүйесінің созылмалы ауруларында, әсіресе созылмалы гастритте өте күшті емдік зат. Бал сульфаниламидтер және органикалық бояулар тәрізді заттардың әсерін күшейтеді. Оны терлететін зат ретінде қолдану жақсы нәтиже береді.
Ішке бергендегі дозасы: ірі қара малға 200,0-400,0г, иттерге 20,0-60,0г.
Сахарин – Saccharum. Өте тәтті дәмі бар, ақ түсті кристалды ұнтақ. Салқын судың 350, ыстық судың 28 бөлігінде ериді. Организмнен несеп бөлуді күшейте отырып, бүйректер арқылы бөлінеді. Өте арзан форма түзгіш зат(corriqens) ретінде қолдануға болады. Дәрілік заттарға дәм беру үшін, оны қантқа қарағанда 350-550 есе аз мөлшерде қолданады. Ішке бергендегі мөлшері шошқаларға 0,001-0,05г; иттерге 0,001-0,005г.
Ашқылтым заттар.
Малдың тәбетін ашу және көп мөлшерде қабылдаған азықты қорытуы үшін едәуір мөлшерде ас қорытқыш шырын мен ферменттер қажет болады. Ас қорыту жолындағы секреторлық немесе фермент бөлгіш қызметінің болашы бұзылуы ас қорытуды едәуір бұзады. Сондықтан мал азығын дәмдейтін заттардың мал шаруашылығы практикасында зор мәні бар. Оларға тұздар, эфир майлары, ашқылтым заттар жатады.
Ашқылтым заттар (горечи )- Amara- дегеніміз дәмі өте ащы дәрілік заттар. Ащы заттар бейтарап,құрамында азот болмайды, құрылымы жағынан гликозидке жақын. Олардың ащы дәмі аз мөлшерде- ерітілгеннің өзінде-ақ (1:60000-80000) сезіледі. Ашқылтым заттар ауыз қуысындағы дәм сезгіш жүйкелердің ұштарын тітіркендіреді, нәтижесінде асқазан бездерінің секреторлық қызметін және асқазан сөлінің ас қорыту жүйесінің қызметін рефлекторлы түрде күшейтеді.
Ашқылтым заттардың секреторлық әсер ету механизмін И.И.Павлов анықтады. Бұл заттар И.И.Павловқа дейін ұзақ қолданылғанымен,олар үстіртін түрде пайдаланылды, сонымен қатар олардың жағымды әсерімен бірге ас қорыту функциясына жағымсыз әсер ететіндігі анықталды. И.Павлов ашқылтым заттардың әсерінен байқалған әртүрлі себептерді анықтау үшін жануарларды жалған азықтандыра отырып, тәжірибелер жүргізеді. Осы мақсатпен эзофаготомия жасалған жануарлар ашқылтым заттармен азықтандырылды,бірақ олар асқазанға түскен жоқ, өңеште жасалған арнайы тесік арқылы сыртқа шығарылды. Белгілі болғандай ашқылтым заттардың секреторлық әсері жануарларды табиғи түрде азықтандырғанда да пайда болады екен, ал олар асқазанның бездеріне тікелей әсер етпейді де.
Осынау біршама қарапайым, бірақ өте сенімді тәжірибелерден кейін И.Павлов ашқылтым заттар асқазан бездерінің секрециясын рефлекторлы түрде күшейтетінін, ауыздағы сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіретінін дәлелдейді. Олар тікелей асқазанда интерорцепторларды әдеттен тыс тітркендірушілер ретінде әсер етеді және сондықтан ұзақ әсер еткенде асқазанның кілегейлі қабығын қабындыруы мүмкін. Олар асқазан сөлінің бөлінуінің рефлекторлық кезеңін күшейтеді және дәм сезгіштік жүйкелерм ен неғұрлым ұзақ жанасқан сайын, секреция да соғұрлым ұзақ мерзімге күшейеді.Ас қорыту жүйесінің әртүрлі патологиясында жануарларға қолданылған кейін тәжірибелер ашқылтым заттарың әлсіреген секрециясындағы әсері қалыпты секрециядағыдан күштірек пайда болатындығын, әсірісе олардың секреторлық қызметі созылмалы бұзылғанда жағымды әсер ететіндігін көрсетті.
Ашқылтым заттар сілекейдің бөлінуін де күшейтеді, бұл шөпқоректілер үшін ерекше маңызды. Шөпқоректілер жеген азықтың көп мөлшерін асқорыту кезінде ас қорыту жолының сөлі мен ферментері көп мөлшерде қажет етіледі, сондықтан азықты дәмдендіру ұшін қолданылатын заттар асқорыту бездерінің қалыпты жұмысының барлық бұзылуында өте пайдалы.Секрецияны күшейту мен бірге ашқылтым заттар асқорыту жолының қозғалыс-қимылын да баяу жандандырады, сондықтан ас қорытуды жақсартуға септігін тигізеді.Практикада химиялық жағынан таза ашқылтым заттар емес, өсімдік шикізаты немесе құрамында осындай шикізаты бар препараттар қолданылады. Өсімдіктерде ашқылтым заттармен қатар құрамында эфир майлары жиі кездеседі, олар өінен – өзі секреторлық заттар болып табылады. Осыған байланысты таза ашқылтым заттар (Amara Pura) және хош иісті ашқылтым заттар (A.aromatica) түлеріне бөлінеді.
Таза ашқылтым заттар.
Шерменгүл тамыры (корень горечавки) - Radix Gentianae .Шерменгүл тұқымдасына жататын көжылдық шөптесін өсімдік. Әсер етуші заты – генциопикрин (0,1%-ға жуық) болып табылады. Сонымен бірге, тамырдың құрамында қантты заттар (15%-ға жуық)шырыш, шайыр бар. Ашқылтым зат ретіне тамырын немесе тұндырманы қолданады. Шерменгүлдің ұнтағы мен сығындысын пайдаланады.
Бақ-бақ шөптің тамыры (корень одуванчика) – Radix Taraxaci.Бақ-бақ күрделігүлділер тұқымасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Ащы тараксацин гиозиді әсер етуші бастамасы болып табылады. Сонымен бірге, тамырының құрамында инулин, иілік заттар, балауыз, белок, калий және әк тұздары болады. Бақ-бақтың тамырын және онан алынған қою сығындыны (Extractumm - Taraxaci) қоланылады.
Жоңышқаның жапырағы (лист трилистинка) – (трифоли жапырағы) – FoliumTrifolii. Шерменгүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік. Ащы мениантин гликозиді әсер ететін негіз болып табылады. Жапырақ және олардың қою сығындысы пайдаланылады.
Хош иісті ашқылтым заттар. Құрамында ащы заттарымен қатар хош иісті заттар- эфир майлары болады. Жоғарыда айтылғандағыдай эфир майлары ауыз қуысындағы дәм сезгіштік жүйкелерді тітіркендіреді, сол арқылы асқорыту бездерінің секрециясын рефлекторлы түрде кұшейтеді, ал асқазанға түскеннен кейін интеререцепторларды тітіркендіреді, сөйтіп аз мөлшщерде қолданғанда секрецияны рефлекторлы түрде күшейтеді.
Эфир майлары оңай сіңіріледі және организмге жалпы түрде әсер етеді. Таза күйінде эфир майларын секрецияны күшейту және асқорытуды жақсарту үшін қолданбайды, бірақ эфирмайлы шикізат- ашкөк, анис,зире, арша, қыша жемістері(эфир майларын қараңыз) – көбінесе секреторлық және асқорытуды жақсартатын заттар ретінде пайдаланылады.
Ащы жусан – ермен (горькая полынь) – Artemisia Absinthium – күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Жусанның құрамында өте ащы абсинтин гликозиді және эфир майы болады, оның жапырақтардағы, дәлірек айтқанда жусанның шешек атқан бөлігіндегі мөлшері кемінде 0,5% болуы тиіс. Жусан шөбін одан алынған қою сығындыны(Exir. Absinthii) және тұндырманы(Tincturae Absinthii)ащы дәмдеуіш дәрілер ретінде қолданады.
Аңдыз немесе иіртамыр (аир болотный) – Acorus Calamus – өрмелегіш тамырсабақты көпжылдық шөптесін өсімдік. Емдік зат ретінде иіртамырдың тамырсабағын (Rhizona Calami) пайдаланады. Оның құрамында эфир майы (165-5%), крахмал, ащы акарин заты және болмашы мөлшерде каламин алколоиды болады.
Сабас жусан немесе мыңжапырақ (тысячелистник ) – Achillea millefolii – күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Ветеринария мен медицинада сарбас жусан шөбін ас қорыту жолының және жатырдың әртүрлі ауруларында, сондай-ақ пироплазмидоз ауруын емдеу үшін пайдаланады.
Ащы тұнбаша - Tinctura amara. Ащы- қышқылтым дәмді бурыл-сары түсті сұйық. Толғақ шөптен (4 бөлігі)иіртамыр тамырсабағынан (2 бөлігі),үшжапырақ жапырақтарынан (4 бөлігі),жусан шөбінен (2 бөлігі), манарин немесе апельсин қабығынан (1 бөлігі) және 40% (65 бөлігіне жуық) дайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет