Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022


Қастауыш (спорынья) – Secale cornutum



бет61/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   143
Байланысты:
369577-1

Қастауыш (спорынья) – Secale cornutum. Дәндi - дақылдардан, көбiнесе карабидайдың түйініндегі саңырауқұлақтан алынатын перепарат.
Арнаулы алкалоидтар қыстауыштың фармакологиялық тұрғыдан белсенді бөлігi болып табылады. Оның жалпы мөлшер кемінде 0,05%. Эргометрин (эргоновин) олардың негiзгi әсер ететiн бастамасы болып табылады, ол суда ерiмейтiн зат, бiрақ спирт арқылы склероцийден оңай алынады. Құрамында 0,035 % - ға жуық эргометрин болады. Әсер етуi жөнiнен бұл зат жатырдың бiрыңғай салалы бұлшық етінің тонусын арттырады және сонымен бiрге адренергиялық иннервецияның әсерiн күшейтедi. Әсер етудің осындай екі түрінiң ұштастырылуы жатырдың жиырылуын күрт күшейтедi, ұзақ күш түсуден немесе уытты заттардың әсерiнен күштi әлсiреген жатырға да бiрдей дәрежеде әсер етедi.
Алкалоидтардың едәуір мөлшерi суда жақсы еридi. Мөлшерiн болмашы арттырғаннда олар жатырдың жиырылуын күшетедi және қан тамырларын тарылтады. Сондай-ақ вагубс орталығын қоздырады, жүрек бұлшық етiнiң қызметiн бұзады. Қастауыш алкалоитарының мұндай күрделi әсерi жекелеген заттардың әртүрлi жағдайда түрлiше әсер етуіне байланысты. Осындай қосылыстардың кейбiреулерi - дигидроэрготамин мен дигидроэрготоксин қазірдiң өзінде қан қысымын төмендету, қан тамырларының түйiлуiн бәсендету үшiн медициналық практикасында қолданылуда.
Қастауыштың құрамында сипатталған алколоидтардан басқа холин, гистамин, бетаин сияқты фармакологиялық жағынан активтi қосылыстар бар. Олардың кейбіреулерi синергистер ретінде, басқа бiреулері антогонистер ретiнде, үшінші бiреулерi негiзгi алколоидтардың пролонгаторлары ретiнде әсер етедi. Ал, дұрыс пайдаланбағанда жануарлар үшін уытты келеді.
Қастауыштың жатырға әсерi неғұрлым ерекше. Жатырдың жиырылуы 40-60 минутқа созылады. Содан соң ол әлсірей бастайды. Жатырдың мойыны өте күштi жиырылады, сондықтан толғақ кезiнде құрсақтағы шарананың тұншықпауы үшін жатырдың мойыны әлсіреген кезде кастауышты қолданбайды. 1-6 сағаттан кейiн нақ сол мөлшерде қайталап қолданса қастауыш әлсiздеу әсер етедi, ал одан кейiнгi әлсiреу өте күшті болады. Егер қастауышты қолданумен бiрге вена тамырға глюкозаны енгізетiн болса, онда несеп айдағыштық әсер күштiрек болады, ал кейiнгi әлсiреу – бәсеңдеу болады.
Қастауыш адренергиялық жүйкелердің және iшiнара бiрыңғай салалы бұлшық еттің жандануы себептi қан тамырларын тарылтып әсер етедi. Қастауышты шу бөлiнбегенде, жатырдың қайтамалы жиырылуын күшейту үшiн, төлдеу ұзаққа созылғанда толғақты күшейту үшін, жатырдан қан кетудi тоқтату үшін қолданады.
Препарат “Б” тiзiмi бойынша сақталады. Болюстер және тұндырмалар түрiнде қолданылады. Iшкiзiлу мөлшерi: жылқыға: 12,0-25,0 г, сиырға 15,0-50,0 г, қойға 5,0-1,0 г, шошқаға 4,0-12,0г, итке 1,0-33,0 г.
Эрготал - Ergotalum. Қастауыш алколоидтарының фосфадтармен қоспасы. Ашық бурыл түстi ұнтақ, аздап қышқыл қосылған суда баяу еридi. 1 мг таблетка және ұнтақ түрiнде шығарылады. Сақтықпен сақтайды. («Б» тiзiмі) бойынша. Қастауыш сияқты әсер етедi, бiрақ неғұрлым тезiрек және қысқа мерзiмде әсер етедi. Ішкiзiлу мөлшерi: сиырға 0,01-0,03 г, шошқаға 0,002-0,0005 г, итке 0,0006-0,001 г..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет