Меркузал – Merkusalum. Меркузал өте күшті несеп айдағыш дәрі. Оны орташа емдік мөлшерде бір рет енгізу жылқыда диурезді тәулігіне 50 литрге дейін жеткізеді. Препараттар енгізілгеннен кейін 2-3 сағат өткенбір соң ,әсер ете бастайды және 1-2 тәулікке созылады. Бұл, жағынан ,ұлпаларда сұйықтың жиналуына байланысты,екінші жағынан бүйрекке тікелей әсер етуінде. Бірінші бағыттағы әсер, тегінде,бүйрек арқылы болатын сияқты, онда меркузал жиналады.Бұл орайда судың едәуір мөлшерін тек бүйрек қана емес,сонымен бірге тері және тыныс жолдары арқылы сыртқа шығаратын ауа бөліп шығарады.Бүйрекке әсер негізінен сукциндегидраздың инактивтенуіне байланысты. Соның нәтижесінде сутек иондары түзілмейді,олар натрий ионына алмаса алар еді. Өзекшелердің эпителий торшаларында сіңірілмеген натрий несеппен тез бөлініп шығады,сонымен бірге су, хлоридтер,калий де бөлініп шығады.
Меркузалды жүректен декомпенсациясы салдарынан болатын ісіктерде, бүйректің функциялық ақауы жоқ болса қолданылады.
Бүйрек ақаулы болғанда сынап бөлініп шықпайды,организмге уытты әсер етеді. Препарат тек перифериялық ісіктерде ғана емес, сонымен бірге ентікпеде, қайталмалы қабынуларда,өкпенің домбығуында және іркілуінде шипалы әсер етеді. Бауырдың цирозына және асциттерде өте жақсы әсер етеді. Меркулазды гломерулдік аппаратты зақымдайтын нефроздарда, сондай-ақ семірудің ауыр формаларында да қолдану шипалы.
Хлорлы кальцийді немесе хлорлы аммоний орташа мөлшерде 3-5 күн бойына алдын ала берудің меркузалдың несеп айдағыш әсерін едәуір күшейтеді. Меркузалмен енгізілген хологон да осы бағытта әсер етеді. Натрий бикарбонаты меркузалдың несеп айдағыш әсерін бәсеңдетеді,ал орта тұздар елеулі әсер етпейді.
Меркузалды жіті және созылмалы гломерулонефритте, ауыр анемияда,кахексияда ,жоғарғы температурада,тышқақта қолдануға болмайды. Препаратты вена тамырына немесе бұлшық етке мына мөлшерде енгізеді:жылқыға 3-10мл,итке 0,5-3мл,сиырға малдың 100 кг салмағына шаққанда 2мл, вена тамырына енгізеді. Сынаптық несеп айдағыш дәрілерден промеран новуритте назар аударуға лайық.
Эндогендi сипаттағы уытты өнімдердің жиналуын туғызатын әртүрлi аурударда несеп айдағыш дәрi ретiнде кеңiнен қолданады. Әсiресе әртүрлi жағдайда пайда болған шемендерге кеңiнен пайдаланылады. iшкiзiлу мөлшерi: жылқы мен сиырға 5,0-10,0 г, есекке 2,0-4,0 г, қойға 0,5-1,0 г шошқаға 0,5-3,0 г, итке 0,1-0,3 г, тауыққа 0,05-0,1г. Кейде таза теоброминді (Тheobrominum) қолданады, бiрақ ол суда өте нашар еритiндігіне (1:700) байланысты қолдануға қолайсыз.