Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет65/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   143
Байланысты:
369577-1

Альдостеронның антагонистылары: Калийді сақтаушы препараттар қатарына жатады, оның әсерінің бар мәні, оның натрий ионының сыртқа шығарылуын арттырып, калий иондарының бөлінуін азайтады.
Спиронолактон – Spironolactonum.
Форма выпуска: таблеткалар 0,025 г.
Әсері: Бүйректің сыртқы қабатының гормонына антагонисты әсер етеді. Натрийдің несеппен бірге бөлінуін күшейтеді, бірақ калийдің несеппен бірге бөлінуін азайтады, несептің қышқылдығын азайтады. Ішке қолданады.
Дозасы: Иттерге – 0,025 – 0,05г.
Пурин туындылары: Несеп айдаудың күшеюі мынаған байланысты: бүйректің қан тамырларының кеңейуі әсерінен, қан айналу процесінің жылдамдығының артуы, сүзгіш ойықшалардың санының көбеюі, ондағы филтрацияны күшейтеді және каналшалардағы реабсорбция процесінің азаюына алып келуі.
Эуфилин – Euphyllinum. Ақ немесе сарғыш ақ түсті, аздаған аммиактың иісі бар кристаллды ұнтақ.
Форма выпуска: порошок, 0,15 г таблеткалар;12% ерітінді 2 мл ампуладағы (тері астына және бұлшық етке); 2,4% -10 мл (қан тамырға).
Әсері: эуфилин жүрек жұмысын қоздырады, жүрек тамырларын кеңейтеді, қан айналу процецін күшейтеді, және бронхтар мускулатурасын босаңсытады. Эуфилиннің әсерінен судың нессеппен айдалу процесін күшейтеді, яғни сумен бірге натрий мен хлор электролитттердің организмнен шығу процесі күшейеді.
Дозасы: Жылқыларға және ірі қара малға – 0,5-2 г; ұсақ малдарға және шошқаларға – 0,2-0,3 г; итттерге – 0,05-0,1 г тері астына енгізіледі.
Осматикалық диуретиктер. Әсері плазманың осматикалық қысымының күшейуіне және су реабсорбциясын төмендеуіне байланысты болады. Диуретикалық әсері бүйректің концентрациялық жүйесінің өзгеруіне, су мен натрий иондарының реабсорбциясының төмендетуіне және нефронның дистальды арнасына түсетін судың көлемінің көбейюіне байланысты болады.
МаннитMannitum. Медициналық қолданыстағы инекцияға арналған (Mannitum pro injectionibus). Суда еритін ашық сары түсті масса.
Форма выпуска: Флакондардағы 500 мл (30г препарат); 15% ерітінді 200 мл, 400 мл және 500 мл. Флакондағы.
Әсері: Диуретикалық әсерін артық судың көп бөлінуімен сипаттаймыз, осы әсерінің арқасында маннит басқа осматикалық препараттардан ерекшеленеді. Бұл препарат ойық филтрацияларға әсер етпейді, ал диурез калийге еш әсерсіз натрийдің көп бөлінуі әсерінен пайда болады.
Дозасы: Жылқыларға, КРС – 0,15-0,2 г; ешкіге, қойларға – 0,5-1 г; иттерге – 1-1,5 г; қан тамырға (г/кг массаға) салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет