Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет79/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   143
Викасол – Vicasolum. К витаминінiң алмастырғышы. Ақ түстi, ащы дәмдi суда еритін иiссiз, қиыршық ұнтақ. Таблетка, ұнтақ және 0,3 % ампулада ерiтінді (5мл) түрiнде дайындалады.
Викасол жараның тез жазылуына да септiгiн тигiзеді. Ішкізілу мөлшерi: сиырларға 0,1 г-нан күнiне 2-З рет, иттерге 0,02-0,04 г, мысықтарға 0,005-0,01 г.


Бақылау сұрақтары:

1 Витаминдік препараттар


2.Майда еритін витаминдік препараттар
3. Суда еритін витаминдік препараттар


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Тулеметова С.Е. Фармакология: оқу құралы / С.Е. Тулеметова.- Алматы: Эверо, 2015. - 332 бет.


2.Тулеметова С.Е. "Ветеринарлық фармакологиялық және токсикология" пәніне 5В12100 - "Ветеринарлық медицина" мамандығы студенттеріне арналған дәріс жинағы I-бөлім Шымкент : ОҚМУ, 2016
3.Кухар Е.В., Есжанова Г.Т. Основы фармакогнозии. – Алматы: Эверо, 2018. – 284 с.
4. Тулеметова С.Е. «Ветеринариялық фармакология» пәнінен 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау/ Шымкент : ОҚУ, 2021.
5.Тулеметова С.Е. Ветеринариялық фармакология пәнінен Видеолекция 2020ж.
Дәріс №17 Гормон препараттары.
1Гормон препараттары.
Гормон дегеніміз - ішкі секреция бездерiнде түзілетін және қанға, лимфаға немесе ішкі ағыс жолдары арқылы тиiстi организм қуысына бөлiнетін заттар.
Жануарлар ұлпаларының көптеген биологиялық заттар гормондар тәріздес әсер етедi олар гормоноидтар деп аталады. Мысалы: адреналин, серотонин, ангиотензин, гистамин, кинетин т.б. Аигиотензин бүйректе бетаглобулиннен пайда болады. Ол бүйрек қан тамырларының куыс көлемін кiшiрейтедi де сол арқылы бүйректегi қан қысымын көтередi. Калий йондарының торшаға өтiуiне әсер етедi.
Кинетан организмдегi болатын ашытқы заттарынан түзiледi де, нуклейн қышқылдарымен белок синтезiн күшейтедi.
Ветеринария практикасына көптеген табиғи немесе жасанды жолмен алынатын гормондық заттар қолданады. Оларды негізінен төрт топқа жатқызуға болады:
1. Жануарлардың эндокриндік бездерiнен бөлiнiп алынатьн препараттар, экстрактілер. Көптеген препараттар (инсулин, адреналин, эстрон) өте таза күйiнде алынады, ал бiрақ препараттар құрамында органикалық қосындылар болады. Мысалы: питиутринде 5%- ға дейін, ал гонадотропинде 20 %-ға дейiн органикалық қосындылар болуы мүмкін.
2. Табиғи гормондарға құрылысы жағынан өте ұқсас, жасанды жолмен алынатын гормондар әдетте олар өте таза күйiнде алынады әрi дәл мөлшерлеуге өте қолайлы. Бiрақ мұндай препараттар жоқтың қасы, себебi оларды дайындауда бiршама қиыншылықтар бар және алыну технологиясы өте күрделі.
3. Гормондық әсерi бар өсiмдiк тектес заттар. Окiнішке орай, бұл заттар өте аз зерттелген. Алайда, кейбір заттар, мысалы: жоңышқадан алынған кумэстрол және тб.-дың фармакологиялык әсерiнiң өте жоғары екендiгi белгiлi болып отыр.
4. Жасанды (табиғи синтетикалық) гормондар. Гормоналдык препараттар организмдегi физиологиялык құбылыстарда ерекше әсер етедi. Әсiресе барлық зат алмасу құбылыстары, жыныстық белгiлердiң жетiлуiне, бұлшық еттің дамуына басымырақ әсер етедi.
Мал дарiгерлiгi тәжібиесінде таза (табиғи немесе жасанды жолмен алынган) гормондармен қатар эндокриндік деп аталатынын стандартталған немесе стадартталмаган құрамына гармондық заттар бар препараттар колданылады. Стандартталған эндокриндік препараттардың белсендiлiгi белгiлi және оларды дәл мелшерлеуге болады, ал стандартталмаған препараттардың белсендiлiгi анықталынбаған.
Стандарттау әрбiр гормон үшiн спецификалық фармакологиялық обьектiде стандарттық препараттармен зерттелiнуші препарат әсерiн салыстыру арқылы жүргiзiледi.
Препараттың фармакологиялық белсендiлiгi әсер ету бiрлiгi бойынша белгiленедi, себебi бiр тектес гормональдық препараттардың әсер етуi олардың құрамындағы негiзгi әсер етушi заттардың концентрациясына байланысты әртүрлi болуы мүмкiн.
Гормоналдық заттардың организге жетiспеушiлiгi көптеген жүйелер мен мүшелер қызметiнiң бұзылуына, ауыр науқастарға соқтырады. Мысалы: қалқанша без қызметiнiң төмендеуi терi асты клетчаткасының iсiнуiне, терiнiң қабынуына, орталық жүйке жүйесiнiң қызметiнiң төмендеуiне, организмнiң қоршаған орта әсерiне төзiмдiлiгiнiң әлсiрсуiне әкеп соқтырады. Ал осы без қызметiнiң қалыпты жағдайдан тыс жоғарылауы да жағымсыз әсерлерге душар етедi. Кей жағдайларда . гормондық заттардың шамадан артық болуы пайдалы да. Мысалы: ұрғашы жыныстық гормондар еркек жас малдардың өсiп жетiлуiн тездетедi, кейбiр гормондар жыныс бездерiнде пайда болатын қатерлi iсiктердi болдырмайды. т.б.
Гормондық заттардың организмде жетiспеушiлiгi әр түрлi себептi болуы мүмкiн сондықтан да кез-келген жағдайда жетiспеушiліктiң негізгi себебi анықталуы тиiс.
Гормондық препараттардың фармакодинамикасындағы өзiне тән қасиеттерiне байланысты олар көбiнесе мынандай жағдайларда пайдаланылады: организмдегi жетiспейтiн витамандердің орнын толтыру үшiн, ал гормондар шамадан тыс көп мөлшерде болған жағдайларда әдетте гормондарға қарсы әсер етуші фармокологиялық заттар немесе гормондық бездер қызметi шектеуші заттар пайдаланылады (антигормондар).
Бұл бағыттағы жетістіктерге көптеген жаңа гормондық препараттардың ашылуы және жасанды жолмен алынуы, олардың әсер етуi химиялық құрылыстарына тәуелдi екендiгі фармакодинамикасындағы биохимиялық негiздердiң ашылуы дәлел бола алады. Гормондық зат құрамындағы химиялық топтар,тіптен жекелеген элементтердің маңыздылығын анықтау оларды алмастыруға немесе толықтыруға мүмкіндік берді.
Мысал ретiнде окситоцин мен вазопрессиннiң әсер ету механизмін қарастыруға болады. Екеуi де бiрыңғай салалы бұлшық еттiң жиырылуын күшейтедi бiрақ окситоцин жатырға, ал вазопрессин қан тамырларының бұлшық ет қабатына әсер етедi. Сонымен бiрге окцитоцин жануарлар организiмiне сүт бездері қызметiн жақсартса, ал вазопрессин бүйрек түтікшелеріндегі судың қайта сiңiрiлуін күшейту арқылы зәр бөлiну процесiн төмендетеді.
Соңғы кездерде зерттелген және жасанды жолмен алынған гормондар iшiнен простогландиндер (ПГ) туралы да айта кетелiк. Бұл препарат физиологиялық белсендi заттар iшідегi жаңа класқа жатады. Қазiрге дейiн 14 табиғи простогландиндер алынады: соның 13-шi уры сұйығынан бөлiнiп алынған.
ПГ тек қана бiр ұлпада ғана кездеспейдi. Мысалы: ұрық сұйықтығының простогландиндері қанда, мида, жемсау безiнде,қалқанша,ұйқы бездерінде, бүйректе, ішекте, жатырда т.б. жерлерде кездеседi, бұл құбылыс простогландиндердің жануар организміндегі биологиялық құбылыстар үшiн қандай маңыздығы бар екелдiгі айқындалады.
Құрылысы жағынан ПГ қанықпған май қышқылдарына жатады және құрамында көмiртгінің 20 атомы, простан қышқылы және т.б. заттар бар. Е және F2 α простогландиндердің ерекше қызметі сол олар жатырдың әртурлi күшпен жиырылуы физиологиялық күйiне (тумаған туған, буаз мал) қарамастан қамтамасыз етедi. простогландиндердің жоғарғы активтілiгiмен қатар кейбiр жағымсыз жерлерi бар екендiгiн еске ұстау қажет. Қазiргi кезде дәл осындай әсер ететiн, бiрақ тұрақтылығы жоғары препараттар iздестiрілуде.
Барлық гормоналдық препараттардың уытты әсерi болады. Уыттылық әсер көп жағдайда бiрден емес бiрте - бiрте немесе препараттарды қолданғаннан кейiн ұзақ уақыт өткеннен кейін білінуі мүмкін. Уыттылық әсердің өзіне тән ерекшеліктері бар, сондықтан да оны алдын-ала анықтау үшін арнайы тәжiрбиелiк тәсiл қолданылуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет