СТЕРОЙДТАР Стероидтар жалпы құрылыс қаңқасында көміртегінің 17 және сутегінің 29 атомы бар органикалық қосылыстар.
Кортикостероидтар гликолиіге әсер етеді, гликогеннің бауырға жинақталуын қамтамасыз етеді, қаң құрамында қант, кальцииу тиамин және аскорбин қышқылының мөлшеріп арттырады, лимфоциттердің қан тамырларында айналуын жақсартады, дәнекер ұлпасының өсуін тежейді, гиалуронидазанын активтілігі» төмендетеді, капиллярлардың өткізгіштігін төмендетеді.
Оларды пайдалану ревматизм, полиартрит, лейкемия, гломерулонефрит ауруларында, бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының қызметі әлсірегенде, ұйқы безінің, бауырдың қызметі төмендегенде, әртүрлі тері ауруларында және операция кезінде, естен тану мен есеңгіреудің алдын алуда тиімді әсер береді. Стероидтік препараттардың әсер eтyi ұқсас болады, бірақ кейбіреулері жергілікті әсер беру үшін, ал кейбіреуін сіңірілуде әсер ету үшін тағайындаған ыңғайлы.
Kopтизон-Cortisonum.Суда ерімейтін, спиртте еритін ақ түсті кристалды ұнтақ суспензия түрінде: бұлшық етке енгізуге және ішкізу үшін тағайындалады.
Гидрокортизон –hydrocortisonum. Қасиеттері, әсер етуі кортизон тәріздес, бірақ оған қарағанда күштірек әсер етеді. Бұлшық етке енгізу үшін жәңе теріге жағу үшін тағайындалады.
Преднизолон-Prednisolonum. Кортизоннан 3-5 есе күштірек әсер етеді. Қолданылуы: ішкізеді және теріге жағады.
Гликокартикоидтардың салыстырмалы түрдегі белсенділігі
Инсулин-lnsulifium, Үйқы безіндегі Лангергано аралшықтарының В торшаларында түзілетін гормон. Химиялық құрылысы жағынан бұл 51 амин қышқылдары қалдығынап тұратын, молекулярлық салмағы 6000-ға жуық, полипептидке жатады.
Иньекция үшін дайындалатыи препарат сыртқы түрі бойынша мөлдір, түссіз немесе аздап сарғыштау қышқылдық реакция көрсететін сұйықтық
Инсулин қанттың ыдырауын тездетіп немесе оның гликоген мен майға алмасуын жылдамдата отырып, көмірсулар алмасуына әсер етеді: гликогеңнің ыдырауын тежейді. Гипергликемия құбылысының пайда болмауына ықпал жасайды.
Тері астына жіберілген препараттың әсері 10-16 минуттан кейін басталады да, 1-2 сағаттан кейін әсер етудің жоғарғы шегіне жетеді және узақтығы 4-6 сағатқа дейін болады. Инсулин асқазан сөлінің бөлінуі және оның қышқылдығының артуына айтарлықтай әсер етеді.
Инсулинді аз мөлшерде қолданғанда ас қорыту жолының моторлық белсенділігін жоғарылатады, тәбетті жаксартады, дене азуын аз мөлшерде төмеңдетеді, ас қорыту ферменттерінің (липаза, энтерокиназа, сілтілік фосфотаза) белсенділігін күшейтеді.
Инсулин қорғасынмен уланғанда және арық малдардың ұйқы безі қызметінің бұзылуы кезінде қолданылады. Емдік мақсатен оңы тері астына азық берер алдында пайдаланады.
Емдік мөлшерлері: жылқыға-100-200 ӘБ, ірі қара малға - 150-300 ӘБ, иатерге-5-2 ӘБ, Соңғы кездері инсулинді шошқа мен ірі қара малдың бордақылануын жетелдету үшін пайдалану ұсынылды (дозасы 0,1-0,5 ӘБ 1 кг.)
Қазіргі кезде инсулиннің әртүрлі препараттары- инсулиннің майлы суспензиясы, протаминцинк-инсулин, инсулин-цинк-суспензиясымен бірге жартылай ұзақ әсерлі (12-18 сағ) инсулин препараттары қолданылады.
Липокаин- Lipocainum. Ұйқы безінің липотроптық затынан дайындалған препарат. Құрамында 0,1 гр лепокаин бар таблетка түрінде немесе ұнтақ түрінде өндіріледі. Қоңырсалқын (18°С) және құрғақ орындарда сақталынады. Кетоз, бауыр циррозымен бауырдың май дистрофиясы, генатиттер кезінде, сонымен қатор фосфолипидтер алмасуын жақсарту мен бауырда май қышқылдарының тотығуын жеделдету мақсатында қолданылады. Мөлшері: иттерге 0,05-0,2 гр, сиырға 0,5-3,0 гр.