Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет78/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   143
Байланысты:
369577-1

Цихоль - Cicholum. Холеқышқыл натрий мен цитральдiң қоспасы. Судағы ерiтiндiсi сары, мөлдiр сұйықтық, құрамында 0,2 % цитраль бар. Офтальмологияда анальгетикалық және қабынуға қарсы әсер ететiн дәрi ретiнде қолданады.
F витамині. Қанықпаған алифатты қышқылдар арасында линол, линолен және арахидон қышқылдарының алар орны ерекше. Бұл 3 қышқыл F витамини деп аталады.
F витаминi қан тамырлары берiктiгiне, пиридоксин, тиамин, аскорбин қышқылы және де басқа суда еритiн витаминдердiң метоболизмiне тигiзетiн фармакологиялық әсерi өте зор.
Өз кезегiнде кейбiр витаминдер(тиамин) F витаминiнiң метоболизiмiне ықпал жасай отырып жануарлар организiмiнiң F гиповитаминозынан сақтайды.
F витаминін күмбағыс, мақта, күнжара, кендiр, күнжiт майлары және малдың iш майдарының құрамынан кездестіруге болады. Оны дерматиттi емдеу және алдын алу үшiн, радиоактивтi және рентгендiк сәулелерден қорғану үшiн, май алмасуын жеделдету үшiн және терiге әртүрлi қабынуларға қарсы зат ретiнде тағайындайды.
Токоферол (Е витаминi) – Tocofherolum (Vitaminum E). Сарғыш түстi май тәрiздес зат, суда ерiмейдi, майларда оңай еридi, организмде спермиогенез құбылысына қатысады, ұрықтың дамуына әсер етедi. Еркек малдарда спермиялардың дегенеративтiк бұзылуы кезiнде, спермиялардың пайда болуы бұзылған кезде, iштегi ұрықтың жақсы дамуы үшiн, жынысқа тән белгiлердің бұзылуы кезiнде жақсы әсер етедi. Ұрғашы малдарға ұрықтануын жақсарту, іштегi эмбрионның жетiлуi үшiн тағайындалады. Мұнан басқа токоферол жүрек және қаңқа бұлшық етіндегi әртүрлi дегенеративтiк өзгсрiстерге (бозеттену ауруы) да емдiк және профилактикалық әсер етедi, капиллярлардың жиырылғыштығын күшейтедi.
Е витаминi әртүрлi астық тұқымдастарында, көкөністерде, сүтте, мақта майында, шошқа майында болады, оны бидайдың ұрығынан немесе жасанды жолмен алады.
Ішке мына мөлшерде тағайындайды: ірі малдарға 0,01-0,03 гр, иттерге 0,001-0,002 гр, түлкілерге 0,0005-0,001гр.
Е витаминiнiң жетiспеушiлiгi жартылай селенмен толықтырылады. Е витаминi шырғанақ майында (Oleum Hippophae ) көп болады. Шырғанақ майында Е витаминi (110-165 мг %), каротин (40-100 мг %), каротиноидтар (180-250 мг %) кездеседi. Терi зақымданғанда және кілегейлі қабық қабынғанда қолданады.
К витамині. Қандағы протромбин құрамына әсер етеді,сондықтан да ол антигемарраргиялық немесе коагуляциялық витамин деп аталады. Витаминнің К1 және К2 деген түрлері бар. К1 өсімдіктерде кездеседі,ал К2 жануарлар организміндегі әртүрлі микроорганизмдер бөліп шығарады. К витамині жетіспеушілігі ас қорыту жолдарының қабынуларында бауыр, жүрек, қан жүйесi ауруларында байқалады. Фармакологиялық препарат ретiнде викасол тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет