1. Тулеметова С.Е. Фармакология: оқу құралы / С.Е. Тулеметова.- Алматы: Эверо, 2015. - 332 бет.
2.Тулеметова С.Е. "Ветеринарлық фармакологиялық және токсикология" пәніне 5В12100 - "Ветеринарлық медицина" мамандығы студенттеріне арналған дәріс жинағы I-бөлім Шымкент : ОҚМУ, 2016
3.Кухар Е.В., Есжанова Г.Т. Основы фармакогнозии. – Алматы: Эверо, 2018. – 284 с.
4. Тулеметова С.Е. «Ветеринариялық фармакология» пәнінен 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау/ Шымкент : ОҚУ, 2021.
5.Тулеметова С.Е. Ветеринариялық фармакология пәнінен Видеолекция 2020ж.
Дәріс №18 Фермент препараттары Фермент препараттары
Ферменттер, немесе энзимдер - биохимилық құбылыстардың катализаторлары. Олар жануар, өсімдік, және микробтардың тірі клеткаларында пайда бола-отырып әсер етеді және олардан бөлініп алынған бөліктері ас қорыту, зат алмасу жүйесінің жұмыстарын жақсартатын дәрілік заттарға айналып емдік мақсаттар үшін қолданылады.
Әрбір фермент өздеріне ғана тән белгілі бір химиялық құбылыстарды ғана күшейтеді. Қазіргі таңда 1800 дей фермент түрі (Шын мәнінде бұл көрсеткіштен бірнеше есе көп) бар екені белгілі.
Ферменттерге тән тағы бір ерекшелік, олар химиялық құбылыстарды бірнеше миллиондаған есеге дейін жылдамдатып, өздерінің күшін және қасиетін жоймайды.
Ферменттердің құрылысы өте күрделі және бір-бірінен айырмашылығы өте үлкен. Мысалы, ең жақсы зерттелген фермент-лизоцимнің құрамында 129 түрлі амин қышкылдары бар.
Барлық ферментердің негізін белоктық заттар құрайды. Олардың кейбіреулері ешқандайда қосымша агенттерсіз (себепкерлерсіз) әсер ететін болса, ал енді біреулері апоферменттер тәрізді төменгі молекулярлы органикалық құрылымдармен (коферменттер) қосылғанда ғана күшті әсер етеді. Мұнымен бірге, құрамында металл иондары болғанда ғана нәтижелі әсер ететін ферменттерде бар.
Ферменттердің әсер ету механизмі толық зерттелген жоқ, бірақ олардың әсерінің ең негізгісі-катализаторлық әсер. Ферменттердің белсендінігі белгілі бір температуралық диапазонда ғана байқалады. Ферменттердің әсері белоктык заттарды синтездеуге және ыдыратуға бағытталған.
Ферменттердің әсері өте төменгі мөлшерінің өзінде байқалатындықтан, оларды өлшем бірлігі тек мөлшерлеу мүмкін емес, тек қана (ӘБ) әсер ету бірлігімен ғана мөлшерленеді.
Малшаруашылығында ферменттер өте көп қолданылады, себебі жануарлар азықтық заттарды экзогендік және эндогендік ферменттердің көмегімен ғана қорыта алады. Ең бірінші әсер сілекейде басталады оның құрамындағы амилаза ферменті крахмалды (күрделі көмірсу) мальтозаға дейін ыдыратады, ас қорыту жүйесінде (қарында) пепсин және басқада ферменттері әсерінен белокты заттар альбумоздарға және пептондарға дейін ыдыраса, нуклеоальбуминдер мен протеидтср нуклсиндерге және нуклеин қышқылдарына, ал глюкопротеидтер көмірсуларға ыдырайды: Қарында басталатын майлардың гидролизі іщектерде аяқталады.
Тоқ ішекте бактериальды құбылыстар күшейе түседі, себебі мұнда анаэробты жағдай және бірқалыпты температура жақсы сақталған. Қарында крахмалдың 95 % - ды, азотсыз заттардың 80 %- ды және қанттың 100 % -ға жуығы қорытылады. Еактериальды ферменттердің әсерінен, сонымен бірге қарында протеолитиқалық, құбылыстарда күшейе түседі. Азықтық заттардың құрамындары белок гидролизденеді де лодипептидтерге, соңынан, амин қышқылдарына айналады.
Ферменттік препараттарды жануарлардың мүшелерінен, микроорганизмдер және өсімдіктерден алады. Соңғы кездері-малшаруашылығында микроорганизмдерден алынған ферменттік препараттар көптеп қолданылып жүр. Мұндай препараттарды алу оңай және олардың құрамында комплексті ферменттер болады (амилаза, декстриназа, мальтаза, гемицеллюлоза, ңеллюлаза, пектиназа,..протеаза; липаза және т.б.).
Малшаруашылығында қабынуға қарсы, ас қорытуды, зат алмасуды және қоректік заттардың сіңірілуін жақсартатын ферменттердін маңызы зор. Кейбір фсрменттердің әсері жан-жақты келеді, сол себепті оларды жануарлардың өсімталдығы мен өнімділігін, салмағын арттыруға және көптеген аурулардың алдын алуға қолданады.
Практикалық тұрғыдан ең маңыздыларына мыналар жатады: Амилоризин Пх (оризии) - келтірілген Asperq, огухаа зең саңырауқұлағының өсіндісі. Құрамында а-амилаза, декстринаэа, мальтаза, глюкоамилаза және протеиназа ферменттері бар.: Препаратң құрамында мөлшері 150 ӘБ АС/2 болуға тиісті а-амилаза бойынша стандартталады, Ірі қараға берілетін мөлшері рациондағы құрғақ заттың 0,005-0,01 % - ды болуы тиіс.
Глюкаваморин Пх (аваморин П) - кегітірілгн Asperq avamori зең саңырауқұлағынын өсіндісі. Құрамыда: а-аамилаза, декстриназа, мальтаза, глюкоамилаза, қышқылды протеаза және гемиоцеллюлоза ферменттері бар. Препараттың құрамында мөлшері 0,12 ӨІБ/AC/z болуға тиісті декстрицаза бойынша синтезделеді. Ірі қараға берілетін мөлшері рациондағы құрғақ заттың 0,2-0,3' % ды болуы тиіс.
Пектаваморин Пх (аваморим ПП)-кептірілген Aspcrq avamori зең саңырауқұлағының өсіндісі. Құрамында полиметилгадактуроназа, полигадактуроназа, пептиэстераза бар. Құрғақ рационның құрамындағы дозасы 0,015.
Пектавамории Гзх. Құрамында полигалактуроназа, пентинэстераза, қышқылды протеаза, гемицеллюлаза және басқада ферменттер бар. Ірі қараға берілетін мөлшері рациондағы құрғах заттың 0,01 % болуы тиіс.
Протосубстилин Гзх (бактериальлы нротеаза] құрамында амилосубстилиннің құрамындай фермеиттер бар құрамындағы протеаза ферменті бойынша стандартталады. Ірі малға берілетін құрғақ рациондағы 0,01 % - дық мөлшері протеиннің торшалардың және басқада заттардың корытылуын жақсартады.
Ксилаваморин - кептірілген Asperq avamori зен саңырауқұлағының өсіндісі, құрамында негізінен гемицеллюлоза және пектиназа ферменттері болады.
Әртүрлі патологиялық жағдайларда емдік және профилактикалық мақсаттармен мына төмендегідей препараттар қолданылады.
Трипсин - ірі қара малдың ұйкы безнен алынады. Негізінен кристалды трипсин қолданылады. Ақ түсті иіссіз ұнтақ, сілтілі және нейтральды бейтаран ортада оңай ыдырайды. Ол өте күрделі қосылыстар деп саналатын белоктар, пептидтер және аминқышқылдарындағы пептидті байланыстарды ыдыратады. Трипсинді ас қорытуды жақсартуға, қабынуға қарсы зат ретінде, қанның ұйындысын және жабықақ Секреттерлі сұйылтуға қолданады Бұлшықсеке еккендегі мөлшері 0,14), 15 мг/кг.
Амиидікапрон қышқылы. Иіссіз, дәмсіз, ақ түсті кристалды ұнтақ, суда оңай ериді. Плазминды бейтараптап,профибринолизинді блокадалайды.
Кристалды а-химотрипсин, Ірі қара малдын ұйқы безінен алынады.: Ароматты аминқышқылдарының қалдықтарынан пайда болған байланыстарды ыдырататың протеолитикалық фермент. Ампулаларда 5- және 10 мг-нан және гермсгикалык жабық шыны ыдыстарда шығарылады. Қолданылуы трипсинге ұқсас.
Химопсин; Борпылдақ (аморфты) химотрипсин трипсин мен а-химотрипсиннің қоспасы Суда оңай еритін ақ түсті ұнтақ, Әcepi трипсин мен а-химотрипсинге ұқсас.... Ішке беріп және сыртқы ағзаларға қолданады. Ішке трипсин тәрізді беріледі. Сыртқы ағзаларға күйгеңде, іріңді жараларда, ойық жараларда, кератиттерде қолданылады:
Аболин. Күйіс қайыратын малдардың жұмыршақ қарынынан жасалады Бір килограмында 250000 ӘБ бар. Қарын және ішек сөлдерінің ас қорыту қасиетін жақсарту мақсатымен гастрит, эитерит және энтероколиттердің алдын-алу үшін қолданылады. Ішке бергендегі мөлшері торайларға 3000-5000 ӘБ; шошқаларға 50000-80000 ӘБ.
Панкреатин. Ұйкы безінен жасалыматын препарат. Құрамында ұйқы безінің көптеген ферменттері болады, ең негізгілеріне трипсин және амилаза жатады. Препараттың 1 грамында 25 ӘБ бар сарғыш түсті, суда нашар еритін борпылдақ ұнтақ, Қарын, iшек, бауыр және ұйқы безінің жұмысын жақсарту үшін қолданылады. Мөлшері: шошқаларға 1,0-1,5 г; ірі қара малға 2,0-7,0 г.
Дезоксирибонуклеаза, Суда жақсы еритін, ақ түсті ұнтақ. ірі қара малдың ұйқы безінен алынады. Дезоксирибонуклепротеидтер дезоксирибонуклеин қышқылын ыдыратады. Кератитгер, коньюнктивиттер және аденовирустардың әсерінен болған тыныс алу жүйесінің жіті ауруларында қолданылады. : Лидаза. Бұқалардың аталық безінен жасалынатын препарат. Әсер ететін ферменті гиалуронидаза болып табылады. Дәнекер ұлпаларын босаңсытуға және дәрілік заттардың сіңірілун жақсарту үшін қолданылады. Бұл тұрғыдан ронидаза мен фибролизинде лидаза тәрізді әсер етеді.
Малшаруашылығында ферментгік препараттар азықтық заттарды толық пайдалануға және зат алмасуды жақсартуға кеңінен қолданылып келеді. Мұның өзі жануарлардын өсімталдығын 8-12 % - ға арттырып, азықтық заттардың шығынан 6-14 пайызға кемітуге мүмкіндік береді.
Бұзауларға энтерокиназа ферментін қолданатын болсақ, крахмалдардың қорытылуы жақсарады, осы бағытта амилаза және-амилоглюкозидаза ферменттеріде әсер етеді. Амилоризин бұзаулардың белоктық заттарды қорытуын жақсарттып, олардың өсімталдығын 4-8 % - та дейін арттырады.:
Ферменттік препараттардың қуаттандырғыш әсері 2-айга дейінгі төлдерде жақсы байқалады. Торайлардың рационына протеолитикалық ферменттерді қосу арқылы олардың өсімталдығын 18-19 % - ға"дейін арттыруға болады. Тораилардың жасы ұлғайған сайын, ферменттік препараттарды қолдану нәтижелігі төмендей береді.
Ферменттік препараттарды қойларды азықтандыруда қолданғанда да жақсы нәтиже береді, әсіресе қозыларға қолданудың нәтижелігі өте жоғары. Қозыларға қолданған глюкаваморин мен амилоризиннің әсері өзара ұқсас, бірақ амилоризиннің нәтижелілігі глюкаваморинге қарағанда әлдеқайда жоғары. Бұл ферменттік прпараттармен қатар, "Эквин" табиғи қарын сөлі, эңтерофарм -иитохром энзистал секілді препараттарды қолдануға болады.