Магний сульфаты (ащы тұз, Сібір тұзы) – Magnesii sulfas, MqSO47H2O. Судың бір бөлігінде еритін ащы-тұздылау келген, призма тәрізді, түссіз кристалдар. Сонымен бірге құрғатылған магний сульфатыда қолданылады. Ол судың үш бөлігінде еритін ақ түсті ұнтақ зат. Әртүрлі жаралар мен асқорыту жүйесіне магний сульфаты, натрий сульфаты тәрізді әсер етеді, қолданылатын кездері мен мөлшері ұқсас.
Парентальды жолдар арқылы еккенде ұйқы келтіріп және миорелаксанттар тәрізді әсер етеді. Күре тамырына еккенде, ешқандай қозу сатысынсыз организм бірден қатты ұйқыға кетеді, кейде тіпті наркозданады. Ең бірінші үлкен ми, соңан соң жұлын наркозданады. Тыныс алу мен қан айналуды реттейтін орталықтар әлсіреп, мөлшері көбейіп кетсе салданады. Қан қысымы төмендеп, диурез күшейеді, оның салдандыратын әсері жүйке бағаны мен бұлшық еттерге тарайды. Бүйректер арқылы бөліне отырып, диуретикалық әсер етеді.
Хлорлы кальций магний сульфатынын антогонисі болып саналады. Оны күре тамырына еккенде магнийдің әсерінен болған наркоз бірден жойылады. Магний сульфаты натрий сульфаты тәрізді ас қорытуды жақсартуға, іш өткізгіш ретінде; бауырдың және өт жолдарының ауруларымен спазмасында; бауырдың және өт жолдарының аурулары мен спазмасында; жатыр мойнының спазмасында; сынап, мышьяк және браий мен созылмалы түрде уланғанда қоладынлады. Мөлшері натрий сульфатына ұқсас. Құрғатылған тұздарының мөлшері кәдімгі тұздарына қарағанда мөлшері аз.
Магний корбанаты – Maqnesii subkarbonas. Ақ түсті борпылдақұнтақ немесе кесек зат, суда ерімейді, әлсіз қышқылды, ерітінділерде көмір қышқыл газын (СО2) бөліп ериді. Дозасына байланысты магний сульфаты тәрізді іш өткізіп әсер етеді. Оны гиперациядоз кезінде және қышқылдармен уланғанда қышқылдарды бейтерептау үшін қолданады.
Мөлшері: жылқыларға 10,0-15,0 г; сиырларға 10,0-15,0; қойларға 5,0-10,0; шошқаларға – 2,0-5,0; иттерге – 0,2-1,0; тауықтарға 0,1-0,2 г.
Бақылау сұрақтары: