Байланысты: Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі
Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі 1. Меңгеріле байланысу дегеніміз: A) Баяндауыштың бастауышпен байланысы B) Ілік септігі мен тәуелдік жалғауының байланысы C) Барыс септігі мен тәуелдік жалғауының байланысы D) Орын тәртібі амалы арқылы байланысу E) Атау мен іліктен басқа септік жалғаулары арқылы байланысу F) Бағыныңқы сыңар барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септікте тұруы 2. Меңгеріле байланысып тұрған сөз тіркесін табыңыз: Қалжырап жеткен кісілер қараңғы бараққа кіре сала киімшең қисая-қисая, ұйқыға кетеді. A) Киімшең қисая-қисая кетеді B) Кісілер қисая-қисая кетті C) Бараққа кіре сала D) Қараңғы бараққа E) Қалжырап жеткен кісілер F) Ұйқыға кетеді 3. Орын тәртібі арқылы байланысқан тіркесті табыңыз: A) Жазғы демалыс B) Тойды өткізді C) Жазға дайындық D) Үйге дейін жүгірді E) Қайрат – студент F) Салқын кеш 4. Қиыса байланысқан тіркес қайсы: A) Қоян жүрек В) Бүгін келді С) Сіз білесіз D) Алғашқы таныстық E) Менің еңбегім F) Қайрат баяндады 5. Қиыса байланысқан тіркес қайсы:? А) Мен сөйлеймін В) Ауылға бару С) Асанның кітабы D) Алтын сағат Е) Қызық әңгіме F) Сіз айтасыз 6. Атаулы сөйлемді табыңыз: А) Күн жылы екен В) Сізге сәлем айтты С) Түн. Вокзал. Жүргіншілер D) Астана қаласына келдім Е) Көңілді кеш болды F) Жарық ай 7. Сұраулы сөйлемді табыңыз: А) Үйден шықпыңыздар В) Сен Сабындыкөлденсің бе? С) Жоқ, қайнаға, өтірікке мөр баса алмаймын. D) Сайлау қорытындылары демократиялық оң өзгерістердің бар екендігін байқатты. Е) Жастықтың оты қайдасың? F) Әй, Қақтұғыл, жөніңе жүрсеңші! 8. Бұйрықты сөйлемді анықтаңыз:. А) Өзі үлкен қызметкер, қиналған жерінің сиқын В) Неге қоямын, қоймаймын С) Өзеннің ағысының қаттысын-ай D) Түс, қане, аттан Е) Жастықтың оты қайдасың F) Әй, Қақтұғыл, жөніңе жүрсеңші 9. Хабарлы сөйлемді көрсетіңіз А) Кенеттен артиллерия бұрқыратып берді В) Балалар жүлделі орынға ие болды С) – Қапан «Қараойға» жетті ме D) Жап-жас адам осы іске барушы ма еді Е) Әй, Қақтұғыл, жөніңе жүрсеңші F) Үйдегілер сыртқа шығып кетті 10. Лепті сөйлемді табыңыз: А) Балам-ау! Мені Тасқұдыққа жеткізіп тастайсың ба В) Не деген әдемі өлең С) Мен саған келіп отырған жоқпын ба D) Сәулеш, сен кімге ызалысың, маған ба Е) Алыстан көгеріп тау көрінді. F) Шіркін,қандай тамаша! 11. Альтернативті сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемді табыңыз: А) – Келгеніңе екі ай болды, не істедіңіз? В) – Оның сілесін кім қатырыпты? С) – Қайда әлгі Мырзаш? D) – Осы да жөн бе? Демесін бұрын Бәленді теңеп пе еді! Е) Осы сөзге тоқтайсың ба, тоқтамайсың ба? F) Сәулеш, сен кімге ызалысың, маған ба? 12. Еліктеуіш сөзі бар сөз тіркесін көрсетіңіз: А) Құрымбай үйге асықпай кірді В) Нәзік би тал шыбықтай бұраңдаған С) Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады D) Аспан салдыр-гүлдір құлап келе жатқандай болды Е) Абай түнді ұйқысыз өткізді F) Шәу-шәу еткен күшік дауысы естілді 13. Үстеулі сөз тіркесін табыңыз: А) Айналасында құлын-тай, Айнала шауып бұлтылдап В) Мылтық даусы гүрс-гүрс шықты С) Ұрыны ұрып-ұрып үйден қуып жіберіпті D) Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетеді Е) Жомарт Жанардың жоспарын үш күн ұстады F) Елсіздегі қарақшылар тунде бейқам, күндіз сақ 14. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркесін анықтаңыз: А) Қызыл отау көшін қазақ қызы бастап келеді В) Жақсы – ісімен жақсы С) Бүгін онда бір сергектік бар D) Айтатын арызымыз бар Е) Қазір ол – мал бригадирі F) Сыйлағанға құл, келгенге рахмет, келмегенге салауат 15. Матаса байланысқан зат есімді тіркесті табыңыз. А) Ұзын бойлы, талдырмаш жігіт – Айдарбек В) Қолында – алтын сағат С) Мына екі-үш қараны бағып отырмыз D) Қолдан келер жәрдемді көрсеттік E) Айранбайдың жасы қазір қырықта. F) Ауылдың басы – терең сай. 16. Есімшемензатесімненқұралғансөзтіркесінанықтаңыз: А) Береген қолым – алаған В) Бидай өңді, үріп ауызға салғандай келіншек есік ашты С) Бөлмеге жаңа екі қонақ келіп кірді D) Тағы әңгімесі ұзаққа созылды Е) Айтқан сөзі дұрыс F) Тастан сарай салғызды 17. Табыс жалғаулы сөз тіркесін анықтаңыз: А) Тастан сарай салғызды В) Елін ері қорғаса, ерін де елі қорғайды С) Тағы әңгімесі ұзаққа созылды D) Қисық ағаш жапырағы Е) Олар осы түні Семей түсеміз деп келе жатты. F) Балаларды уйге қайтарды 18. Тұрлаусыз мүше қызметінде тұрған сан есімді табыңыз А) Жәудір көзінде бұрынғыдай наз жоқ В) Оның әрекетінен байыпты іскерлік байқалады С) Отызды елуге қос D) Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ Е) Балаларды үйге қайтарды F) Бесті екіге көбейт 19. Бастауыш қызметін атқарып тұрған есімшелі етістік қай сөйлемде тұр: А) Мекеме бастығы орнынан ұшып тұрды. В) Балалар шуы су сепкендей басылды. С) Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. D) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Е) Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі. F) Отырғандар шығып кетті 20. Баяндауыштың етістіктің қалау райынан болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз: А) Арманы орындалса игі еді В) Айжан оған Айболдан кем болған жоқ С) Парторг Иванов ойланып қалды D) Ауылымыз бұл арадан он – он бес километр Е) Абайдың түсі құп – қу F) Әні шырқалса екен 21. Төл сөзді сөйлемді табыңыз: А) Асқар дүйсенбіде келмек ойы бар В) Асқар дүйсенбіде келмекші С) Асқар дүйсенбіде келмек D) Асқар «дүйсенбіде келем», - деді. Е) Асқар дүйсенбіде келетінін айтты F) Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар деген нәрселермен озады»,-деген ұлы Абай 22. Сөйлемді табыңыз А) Қой аузынан шөп алмас В) Бес жылда С) Елді мекен D) Биыл қыста қар қалың түсті Е) Күміс ер F) Балалар мектепке келді 23. Қаратпа сөзді сөйлемді табыңыз: А) Көктем келді В) Балалар мектепке келді С) Балам, бері келші D) Менің балам бесіншіде оқиды Е) Менің балам F) Ұстаз, жауап берсем бола ма 24. Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз: А) Әкең Мұқан біздің ауылға жиен еді В) Айналада көз тоқтатар бір қара қалмапты С) Ол киім киді D) Қазақстанның екі астанасы бар Е) Ел сөзі әрі мақтан, әрі міндет F) Құрылысшылар үйді салып бітірді 25. Анықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз: А) Құрылысшылар үйді салып бітірді В) Шелпектерін пісіріп, дастархандарын жайып тастапты С) Ортада отырған сәлделі кісі бата жасады D) Салқында кісі сусынды шайқап ішеді Е) Сексенде қайта жасардым F) Көкте әдемі жұлыздар жарқырап тұр 26. Мекен пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз: А) Адам қуаныш үстінде қайғырып, қайғы үстінде қуана алмады В) Жау әскерлері бірте – бірте шегіне бастады С) Жақын ауылдарға тегіс ат шаптырыңдар D) Мұғалім сабақ білмегені үшін балаға қатты ұрысты Е) Бала бір шақырым жүгірді F) Алыстан адамдар бейнесі көрінді 27. Одағай сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз: А) Қалай, құлағың шалды ма В) Біз, осы, қайтеміз С) Әй, сен, осы, не деп отырсың D) Жалпы алғанда, бағыт дұрыс Е) Ой! Ұмытып кетіппін ғой F) Япырмау,жастық деген қандай қызық?