Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет97/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   143
Байланысты:
369577-1

Қорғасын ацетаты. Plumbi acedas. Суда жақсы еритін, ауада ұшып кететін, аздып сірке суының исі бар, түссіз, жылтыр кристалдар. Судағы ерітінділердің дәмі тәттілеу келетіндіктен, препаратты қантты қорғасын деп атайды. Бөлінбеген теріге қарағанда ацетат әсер етпейді, ол жараның бетінде, қою ерімейтін қабат түзіп, жараны сыртқы ортаның, микробтардың әсерінен қорғайды, қан тамырларын тарылтып, ұсақ қан кетулерді тоқтатады.
Қорғасындағы ацетатты сыртқы ағзаларға тұтқыр зат ретінде терінің қабынуларында, күйіктерде: жергілікті жердің қызуын төмендететін зат ретінде, соғылу – жаншылу кезінде, (2-3% ерінтінді), кейде метрит, вагинит, цистит және проктиттер (0,5-2% ерітіндісі) кезінде қолданады. Осы мақсаттар үшін қорғасынды ацетатпен қатар, оның офицальды ерітіндісі қорғасынды сірке екпіндісінде қолданады. Осы қорғасынды булау немесе сүртпе майлар түрінде пайдаланады.
Қорғасын тотығы – Plumbi oxudum, PвO. Сарғыш немесе қызғылт-сарығыш түсті ұнтақ. Суда ерімейді, сыртқа сүртпе майлар, пластырь түрінде тұтқырлық және қабынуға қарсы әсер ететін зат ретінде қолданады.
Висмут препараттары. Висмут препараттарының ішінен тек тұздарын ғана қолданады. Олар суда нашар ериді, еріген күйінде белоктармен жылдам әрекеттеседі. Сол себепті олар негізінен жергілікті жерге әсер етеді. Сонымен бірге көптеген миробтардың өсіп-өнуін тоқтатады.
Висмут тұздары қышқылды немесе негізгі ортада еритін болғандықтан, қарын мен ішектерде күшті әсер етеді. Жергілікті және тұтқырлық әсер етеді, бірақ әсері ұзаққа созылады, бұл кезде тітіркену байқалмайды. Түзілген альбуминаттар кілегейлі қабықтардағы сезімтал жүйке ұштарын қарын мен ішектердегі тітіркендіріп әсер ететін заттардан қорғайды. Сонымен бірге жүйке ұштарының сезімділігі төмендейді. Соның салдарынан рефлекторлы түрде қан тамырлары тарылады, секреция азаяды, перистальтика баяулайдыда, қабыну құбылысының әлсіреуіне қолайлы жағдайлар туады.
Осыларға негіздей отырып, висмут тұздарын мал дәрігерлерінде ас қорыту жүйесінің ауруларында тұтқыр, қабынуға қарсы және ауырсыну сезімін әлсірететін зат ретінде кеңінен қолданады. Сыртқы ағзалараға висмут тұздары тұтқырлағыш, құрғатқыш және дезинфекциялық зат ретінде әсер етеді.
Висмут тұздары негізінен жергілікті әсер етеді, ал кейде организмге сіңіп уытты әсер етуі мүмкін организмге жаралар арқылы және бүлінген ішектердің кілегейлі қабықтары арқылы сіңеді. Висмут негізінен ішектер арқылы, ал кейде бүйректер және кілегей бездері арқылы бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет