Ф 03-18 Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А


Ерекше экономикалық заңдар



бет7/89
Дата10.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#42120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   89
Байланысты:
ЭТН дәріс қаз

Ерекше экономикалық заңдар — бұл шаруашылықтың нақты тарихи формасының даму заңдары.
Жалпы экономикалық заңдар — бұл барлық тарихи дәуірле тән заңдар, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесіп процесс етіп байланыстырады. Бұған қоғамдық еңбек бөлу заңы, т.б. заңдар жатады. Экономикалық заңдар өздері, өз алдына әрекет ете алмаған экономикалық прогресс өзімен-өзі, өз алдына жүріп отырмақ Бұл үшін адамдардың, олардың қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеті қажет.
Экономикалық теория экономикалық заңдармен қатар экономиқалық категорияларды зерттейді.
Экономикалық категориялар — қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы: сұраныс, ұсыныс, қаржы, несие, меншік, жалақы, нарық, пайда, тауар, ақша т.б.


Экономиканы зерттеу төрт деңгейде жүргізіледі:

  • Макроэкономика- жалпы қоғамның экономикасын, немесе оның негізгі құрамдарын (жалпы мемлекет,жалпы үй шаруашылығы секторы және жалпы жеке сектор) қамтиды.

  • Медиум, немесе мезоэкономика – ұлттық экономиканың белгілі-бір ішкі жүйелерінің немесе халық шаруашылық салаларының іс-әрекеті мен заңдарын зерттейді.

  • Микроэкономика- жеке фирма, жеке сала, немесе жеке отбасының іс-әрекетін зерттеу.

  • Мегаэкономика- бұл жалпы әлемдік экономиканың әрекет ету механизмдері мен заңдарын зерттейді.

Экономикалық саясат - бұл экономикалық мәселелерді шешуде және олардың құралдарын жүзеге асыруда жүргізетін мемлекеттің іс-әрекеті.
Экономикалық саясат мынадай мақсаттарға жетуге бағытталады:

  1. Еңбекке кажеттілігі және қабілеті бар адамдарды толық жұмыспен қамтамасыз ету.

  2. Бағалар деңгейінің тұрақтылығын сақтау.

  3. Экономикалық тиімділік: ең аз шығын мен өнімділіктің ең жоғары деңгейіне жету.

  4. Адамдардың өмір сүруінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін экономикалық өсуге жету.

  5. Экономикалық еркіндік: кәсіпкерлер, еңбеккерлер мен тұтынушылар өздерінің экономикалық іс-әрекетін жоғары деңгейдегі еркінділікпен жүргізуі қажет.

  6. Табыстардың әділ бөлінуі: адамдар абыройлы өмір сүру үшін өздерінің еңбегіне лайықты еңбек ақы алуы қажет.

  7. Әлеуметтік-экономикалық қамтамасыз ету: мемлекет еңбекке жарамсыз, қабілеті жоқ, ауру, қартаң, жетім адамдардың өмір сүруін қамтамасыз етуі қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет