Ф 03-18 Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А


тарау Экономика қызмет етуінің негіздері және заңдылықтары



бет3/89
Дата10.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#42120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
Байланысты:
ЭТН дәріс қаз

1 тарау Экономика қызмет етуінің негіздері және заңдылықтары


Тақырып 1 Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері
1.1 Экономикалық теория пәні. Экономикалық категориялар мен заңдар.
1.2 Экономиканы ғылыми танудың әдістері мен құралдары. Позитивті және нормативті талдау.
1.3 Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері.


1.1 Экономикалық теория пәні. Экономикалық категориялар мен заңдар
Экономикалық теория адамзат қоғамының тарихи даму сатыларында ерекше орын алады. Себебі адамдар өмір сүру үшін алдымен материалдық, рухани игіліктер өндіруі қажет. Басқаша айтқанда өмірге қажетті азық-түлік, киім, тұрғын үй, отын, т.с.с. тұтынуға жарамды заттар өндірілуі керек.
Қоғамның өндіргіш күштері даму барысында алдымен адамдардың еңбекке қабілеттері өсуіне байланысты алғашқы қауымның өзінде қосымша өнім пайда болуына сәйкес тайпалар арасында тікелей өнім айырбасы, кейіннен ақша арқылы айырбас жүргізіліп экономикада тауар-ақша немесе нарық қатынасы пайда болды. Бұл нарықтық, тауар-ақша қатынастарының тарихы кем дегенде 5-7 мың жыл бұрын болғаны белгілі. Мәселен экономика жөнінде алғашқы ғылыми мәліметтер ерте заманғы Вавилония, Египет, Индия, Қытай, Грек ойшылдарының еңбектерінде кездеседі.
Біздің дәуірден бұрын 430-355 ж.ж. өмір сүрген Ксенофонт «Экономикс» (грек тілінде «шаруашылық туралы заң» деген ұғым береді) атты еңбегінде сол заманғы құл иеленуші үй шаруашылығын басқару жөнінде нұсқаулар жазылған. Жаңа дәуірде көпшілік елдерде кең тараған ғылымның аты сол грек сөзі «Ойкономия» - «шаруашылық және басқару» сөзінен алынып, француз экономисті Антуан Монкретьеннің «Политэкономия трактаты» деген еңбегі арқылы бекіді. Сонымен ХҮІІ ғасырдан қазіргі уақытқа шейін «политэкономия» деген ғылым қалыптасты.
Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы рөлі ерекше. Экономикалық теорияның ғылым ретінде қалыптасуы мен оның даму кезеңдері тарихи бірнеше бағыттарды қамтиды (кесте 1).
«Экономика» ұғымы ежелгі грек сөзінен («ойкос» - үй, үй шаруашылығы, «номос» - заң, заңдылық) аударғанда үй шаруашылы-ғын жүргізу және басқару заңдылықтары дегенді білдіреді. 
Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырда экономикалық ойлар ғылым ретінде қалыптаспады. Оның себебі ол заманда тауар-ақша қатынастары,рынок дамымады. Экономикалық білім алғашында жалпы ғылымның бөлек элементтері ретінде қалыптасты. Экономикалық теорияның өз бетімен дамуы ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда капиталистік қатынастардың туындау дәуірінде басталды.

Кесте 1 Экономикалық теорияның негізгі бағыттары





Мектептер

Даму кезеңі

Сипаттамасы

Өкілдері

1

Меркантилизм

XV-XVII ғ.ғ.

Байлық көзі сауда-айналым сферасы деп қарастырды.

Томас Ман, Антуан де Монкретьен

2

Физиократтар

XVII- XVIII ғ.ғ.

Байлық көзі өндіріс деп есептеді. Бірақ оның ішінде ауылшаруашылығы өнімді деп түсінді.

Франсуа Кенэ, Анн Робер Жак Тюрго

3

Классикалық саяси экономия

XVIII-XIXғ.ғ.

Қоғам байлығының жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы дәлелдеді. Материалдық және материалдық емес салаларында жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген қағида берік қалыптасты. Классикалық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады.

Уильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо, Джон Стюарт Милль, француз экономисі Жан Батист Сэй

4

Марксизм

XIXғ.ғ.- XXғ.ғ.

Шаруалар мен жұмысшылардың мүддесін қорғайтын теория болды.

Карл Маркс, Фридрих Энгельс

5

Маржинализм

XIXғ.ғ.- XXғ.ғ.

Маржиналистер саяси экономиканың міндеті -шектеулі ресурстарды бөлу мен шаруашылықтарды жүргізудің ең тиімді тәсілдерін зерттеу екендігін айтты.

Карл Менгер

6

Неоклассикалық

XIXғ.ғ.- XXғ.ғ.

өз зерттеулерінің басты пәні - өндірістің ұйымдастырылу сипаты, оның қоғамдык формаларына ешқандай байланысты емес «таза экономика» деп жариялады, ал қызметтерінде тек қана өз мүдделерін (табыстарын көбейтуді және шығындарды азайтуды) көздейтін «экономикалық адамның» (homo economicus) қызметі мен субъективтік негіздерін өз зерттеулерінің бірден-бір нысаны ре

Альфред Маршалл, Артур Пигу

7

Кейсиандық

XIXғ.ғ.- XXғ.ғ.

өз зерттеулерінің өзегі ретінде, халық шаруашылығын біртұтас алып зерттеді. Осылайша макроэкономикалық көзқарастар қалыптасты. Оның іргетасы «Жұмысқа қамтудың процент пен ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегінде тұжырымдалып, оны Кейнстік теория деп атайды.



Джон Мейнард Кейнс

8

Институционалды- әлеуметтік

XIXғ.ғ.- XXғ.ғ.

әлеуметтік мәселелерді шешуде қабілетсіздігіне байланысты институционалды-социологиялық (латынша institutun - мекеме) теориясы қалыптасты.

Торстейн Веблен, Джон Коммонс, Уэсли Митчелл, Джон Гэлбрейт





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет