Ф 03-18 Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А


Экономиканы ғылыми танудың әдістері мен құралдары. Позитивті және нормативті талдау



бет5/89
Дата10.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#42120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
Байланысты:
ЭТН дәріс қаз

1.2 Экономиканы ғылыми танудың әдістері мен құралдары. Позитивті және нормативті талдау
Экономикалық теория, басқа кез-келген ғылым сияқты танымның әртүрлі формалары мен әдістерін қолданады.
Экономикалық процестерді зерттеу әдістеріне:

  • ғылыми абстракция

  • анализ және синтез

  • тарихи-логикалық

  • позитивті, нормативті

  • экономикалық- математикалық моделдеу

  • индукция, дедукция

  • графикалық

Жалпы ғылыми әдіс -бұл ежелгі грекфилософтарының негізі мен кейінгі дамыған ғылымдардың ұрпағындағы диалектикаматериалдық принцип. Осыәдіске байланысты барлық экономикалық процестер үнемі қозғалыста болады.
Бұл процестерді оқып білуде тарихи және логикалық әдіс қолданылады.
Тарихи әдіспайда болған, дамыған және бірін-бірі ауыстырған дәйектілік көрінісіне талдау жасауға көмек көрсетеді.
Логикалық әдіс осыкөріністі зерттеуде оның тарихижолындағы айнадай бейнесіне қызмет етпейді. Ол бар, таныпбілген көрініске және абстрактіге енуді болжамдайды.
Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі – ғылыми абстракция. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Абстракциялау нәтижесінде экономикалық құбылыстардың жекелеген жақтарын сипаттайтын ғылыми ұсыныстар пайда болады және логикалық түсініктер немесе экономикалық категориялар қалыптасады. Мысалы, тауар, баға, ақша, бәсеке және т.б.
Экономикалық ғылымда қолданылған алғашқы тәсіл- бұл формальды логика. Формальды логика – бұл ойдың оның құрылымы, формасы жағынан зерттелінуі. Формальды логиканың қарапайым категориясы - түсінік. Ол зат жөніндегі ойды белгілейді. Формальды логиканың әдіс-тәсілдеріне қадағалау, синтезжәне анализқұралдары бойынша алынған материалдық өңдеу, индукцияжәне дедукция, салыстыру, ұқсату, гипотеза, дәлелдеме,заңдар мен категорияларжүйесінің конструкциялануы, оларды тексеру, жүргізілген эксперименттер, модельдер және т.б. жатады.
Анализ – бүтінді құрамдас бөліктерге бөліп қарастырудан тұратын танымның тәсілі,синтез– жекелеген бөліктерді бүтінге біріктіруден тұратын тәсіл. Алайда анализ де, синтез де заттың ішкі қайшылығын ашпайды, демек зерттелетін обьектінің қозғалысын көрсетпейді.
Индукция– жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарады. Дедукция керісінше жалпы қағидалар негізінде экономикалық обьектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктерін сипаттайды. Индукцияның әлсіздігі жиынтықтың бөліктерін қарастырғандықтан жалпыны негіздей алмайды. Ад дедукцияның кемшілігі жалпы алғышарттарды негіздей алмауында. Формальды логикада маңызды рольді -салыстыру, яғни құбылыстар мен процестердің айырмашылығы мен ұқсастығын анықтайтын тәсіл алады. Ол түсініктерді жүйелеу мен жіктеуде кең қолданылады. Салыстыру зерттеудің небәрі алғашқы қадамдарын көрсеткенімен ұқсатуды (аналогия) жүргізу үшін алғышарттар дайындайды. Ұқсату (аналогия)– бұл белгілі құбылыстың бір немесе бірнеше қасиеттерін белгісіз құбылысқа ауысыруға (өзгертуге) негізделген таным тәсілі. Саяси экономияда көптеген жаңалықтар аналогия бойынша ашылған. Мысалы, Ф.Кенэ адам организміндегі қан айналымы мен әлеуметтік қоғамдағы тауарлы және ақшалай ағымдардың қозғалысы арасындағы ұқсастықты ұсынуы оған алғашқы ұдайы өндірістің макроэкономикалық моделін құруға мүмкіндік берді. Механикалық тепе-теңдікті зерттеу А.Курноны экономикалық тепе-теңдік идеясына алып келді. Аналогия сондықтан да жаңа идеялардың тууы мен гипотезаны қалыптастыруда маңызды роль ойнайды. Ол күрделі процестерді түсінуді елеулі жеңілдетеді.
Математикалық модель графиктер мен математикалық теңестірудің көмегімен қалыптасады. Алайда, мынаны ескеру қажет, абстрактылық математикалық тексерудің көбеюі шын экономикалық жағдай жөнінде жалған түсініктеме беруі мүмкін, әсіресе егер модельде сапасыз экономикалық көрсеткіштер болса.
Егер макроэкономика жеке оқиғалардың саяси шешімдермен байланыстарын қарастырса, онда ол позитивті экономикалық талдау болады. Позитивті талдауда экономикалық саясаттағы өзгерістерді өндіріс, сауда-саттық, баға сияқты факторлардың өзгеруімен түсіндіруге тырысады. Осы позитивті талдау арқылы “егер… болса, онда…болады” деген секілді тұжырымдар жасалады. Содан кейін бұл тұжырымдар фактілермен және сандармен салыстырылу арқылы расталуы немесе жоққа шығарылуы мүмкін. Талдаудан шыққан балама қорытындылардың қайсысы салыстырмалы түрде бағалылырақ екенін білу үшін оларды бағалау қажет.
Балама шешімнің негізгі шешіммен қаншалықты дұрыс не теріс екенін нормативті экономикалық талдау бағалайды. Нормативті талдауды не болуы мүмкін деген сұраққа салыстырмалы түрде дұрыс жауап алу үшін қолдануға болады. Нормативті тұжырымдар тек кеңес береді және оларды фактілермен растау немесе жоққа шығару қиын, себебі олар негізінен бұйрық түрінде болады. Сонымен нормативті талдау нақты экономикалық шарттардың, экономикалық саясаттың жақсы не жаман екендігі туралы қорытынды шығаратын экономикалық талдау десе де болады.

Экономикалық теория ғылымы мынандай қызметтерді атқарады:



  • танымдық (бұл қоғамның экономикасын оқытуға және түсіндіруге арналған);

  • әдіснамалық (бұл экономикалық ғылымның барлық жүйесі үшін теориялық және әдіснамалық базасы болып қызмет етеді);

  • тәжірибелік (бұл қоғамның дамуының экономикалық жолын көрсетіп, адамдардың мақсаттарына тәжірибе жүзінде қызмет көрсетуі тиісті).

Экономикалық талдаудың позитивті (оң) талдау және нормативті (реттеушілік) талдау деген түрлері де бар:
1. Позитивті экономикалық талдау – бұл қазіргі экономиканың дәл өзін сипаттайтын нақты қалыптасып отырған құбылыстар мен дерек негізінде алынған шындық жайттар. Талдаудың бұл түрі субъективтік бағалауға ие болмайды.
2. Нормативті экономикалық талдау – бұл қандай да бір елдің экономикасы туралы субъективтік бағалауларды қарастыру негізінде экономикалық саясатты іске асырудың кепілдемелері. Талдаудың бұл түрі кезінде орын алатын субъективтік бағалаулар экономика үшін қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін.
Позитивті және нормативті талдаудың арасындағы айырмашылық оларда субъективтік бағалаулардың орын алуынан көрінеді. Бұл айырмашылықты дәлме-дәл көрсете білген ағылшын экономисі Джон Невилл Кейнс (Джон Мейнард Кейнстің әкесі) болды. Оның ойынша, позитивті экономикалық ғылым не бар деген сұраққа жауап береді. Ал нормативті экономикалық ғылым экономика қандай болуы керек және мақсаттарға жету үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап іздейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет