Ф.7.03-20.
«Микропроцессорлар және микропроцессорлық жүйелер»
пәні бойынша
cтуденттердің өзіндік жұмысын (СӨЖ)
орындауына әдістемелік нұсқау
Шымкент, 2020ж.
АКАДЕМИК А.ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ИНЖЕНЕРЛІ ФАКУЛЬТЕТІ
ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА кафедрасы
«Бекітемін»
кафедра меңгерушісі
____________Юнусов А.
«_____» __________2020ж.
«Микропроцессорлар және микропроцессорлық жүйелер»
пәні бойынша
cтуденттердің өзіндік жұмысын (СӨЖ)
орындауына әдістемелік нұсқау
Шымкент, 2020ж.
1. Студенттің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруы
Білім алушылардың өзіндік жұмыстары оқу жұмысының бір бөлігі ретінде, таңдалған мамандық бойынша тағайындалған біліктілікке ие болу үшін қажетті іс тәжірибелік дағдыны меңгеруге мүмкіндік береді.
СӨЖ-ді орындау барысында студент оқу процесінің белсенді мүшесі ретінде оқытудың максималды жекеленуіне қол жеткізеді.
СӨЖ-де мына мәселелер қамтылады:
- ғылыми және техникалық әдебиеттермен жұмыс істеу дағдысын меңгеріп, ақпаратты өз бетінше сараптап, ғылыми-ізденімпаздық, творчестволық қабілетін дамытады;
- еңбек сүйгіштікке тәрбиелеп, жұмыс уақытын жоспарлы ұйымдастыруға дағдыландырады;
- үй тапсырмасын, курстық және дипломдық жұмыстарын орындау кезінде практикалық сабақтарға, коллоквиум және семинарға дайындалуда оқу материалын тереңдетіп, бекітеді.
СӨЖ – бұл аудиторияда және аудиториядан тыс орындалатын ағымдағы тапсырмалар, жағдайларды талдау, жеке және топтық жобаларды даярлау. Бұл жұмыстың бір бөлігі аудиторияда оқытушының басқаруымен орындалады (ОЖСӨЖ). ОЖСӨЖ дәріс, зертханалық жұмыстағы қиындық туғызатын тақырыптар бойынша, СӨЖ түрлері бойынша кеңес беру ретінде, сонымен қатар СӨЖ-дін орындалу барысы бойынша, межелі сұрақтарды бақылау, қабылдау ретінде өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |