Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1.Саладағы жұмысшыларды даярлауда мемлекеттік білім беру стандартына қойылатын жалпы талаптарды атаңыз.
2. Мамандық бойынша жұмысшы кадрларды даярлаудың талаптарын сипаттаңыз.
3.Білім беру стандартының пәндік даярлығы циклы бойынша жалпы техникалық блоктер мен модульдерді атаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Профессиональная педагогика. - М.: Ассоциация «Профессиональное образов-е», 1999.
2. Қ.Құнантаева.Қазақстанда халыққа білім беру ісінің дамуы (1917-1990 ж.ж.). –Оқу құралы. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, -Алматы, 1998 ж.
3. А.Беспаева. Үлкен жауапкершілікті жүктейді.//Кәсіптік мектеп №4 (16), 2006.
4. К.Өстеміров Кәсіптік оқыту әдістемесі. Оқулық. –Алматы: «РАДиАЛ» баспасы, 2006 ж.
5. Өстеміров К., Шәметов Н., Васильев И. Кәсіптік педагогика:колледж, университет студенттеріне арналған оқулық / Алматы, ТОО «Наз-9» ЖШС, 2006 .
6.ҚалымбетоваЭ.К. Еңбек психологиясы: Оқу құралы–Алматы: Қазақ университеті, 2008–.
7. Б.Елеусінов, О.Маханбетов Кәсіби білікті мамандар даярлау –басты мақсат. // Кәсіптік мектеп журналы №6 (36), 2009
8. Ж.Сманқұлова.Білім мен кәсіптің жоғары сапасы. // Кәсіптік мектеп
5-Дәріс. Кәсіптік оқыту әдістері
Дәрістің мақсаты: кәсіптік оқыту әдістері, олардың жіктелуімен таныстыру, теориялық және өндірістік оқыту әдістерін талдау.
Негізгі ұғымдар:оқыту әдістері, мотивация (түрткі), өндірістік оқыту, жаттығу, өзін-өзі бақылау, жазбаша нұсқау, теориялық оқыту, репродуктивтік әдіс, проблемалық оқыту, практикалық әдістер, эвристикалық әдіс, зерттеу әдісі, модульдік оқыту,іскерлік ойындары, инструктаж.
Мазмұны:
1. Оқыту әдістері туралы түсінік. Оқыту әдістерінің жіктелуі. Оқыту әдістерін таңдау.
2. Теориялық оқыту әдістері.
3. Өндірістік оқыту әдістері.
Оқыту әдістері туралы түсінік. Оқыту әдістерінің жіктелуі. Оқыту әдістерін таңдау
Оқытушының барлық әрекетері оқытудың аталған және басқа да әдістерімен жүзеге асады. «Әдіс» сөзі не істеу керек, нені орнатуға талап ету керек, қалай жасау керек деген сөздерді түсінуде қолданылады. Әдіс - белгілі бір мақсаттарға жету жолдарын, амалдарын, құралдарын пайдаланып, нақты міндеттерді шешу болып табылады. Оқыту әдісінің тиімділігі ең алдымен табысқа жету негіздерін, оның көмегімен оқыту мақсаттарын, сондай-ақ уақыт шығыны мен оқытушы және білім алушылардың білімінің деңгейімен анықталады. Сондықтан сабақты түсіндіруде негізгі оқыту мақсаттары мыналар болып табылады: 1) оқушылар сабақтың белгілі бір бөлігін құрайтын, нысан мен іс-әрекет туралы білім мазмұнын түсінуі; 2) оқушылардың логикалық және шығармашылық іскерлігін дамытуға жағдай жасау; Мұндай жағдайда мақсатқа жету үшін ақпараттық және проблемалық баяндамалар, оқытушы арқылы жүзеге асатын дедуктивті бөлістер дайын білімді баяндау әдісімен тиімді болады. Басқа жағдайларда егер білім мазмұны толық және нақты болса, басқа әдістерге қарағанда, сабақты түсіну жылдам және жеңіл болуы мүмкін. Сондай-ақ логикалық біліктілікті дамыту үшін жағдайлар жасалады, өйткені түсіндірілетін мазмұнның әсерінен олардың репродуктивтілігімен негізделеді.
Кәсіптік оқыту әдістері. Әдіс–білім беру, тәрбиелеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге, ғылымда зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы.
Оқыту әдістерідеп оқу-тәрбие мақсаттарына жетуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара байланысты іс-әрекеттерінің тәсілдері.
Кәсіби оқыту әдістері–бұл арнайы жүйе және ол логикалық бірізділікпен іс-әрекет жасайтын инженер-педагог пен кәсіптік мектеп білім алушысының бірлескен қимылы. Осы арқылы білім алушылар кәсіптік білім негіздерін меңгеріп, білік пен дағды, шығармашылық қабілеттіліктерін дамытып, кәсіби шеберліктің қыр-сырын үйреніп, оның негіздерін қалыптастырады.
Дидактикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз етудегі түрлі іс
Логикалық біліктілікті белсенді қалыптастыру және шығармашылық амалдарды дамытуға дайын білімді хабарлауда жағдай жасалмайды, оқытудың екінші мақсатына жетуге аталған түсіндіру әдісі өте шағын мүмкіншіліктерді игереді. Логикалық және шығармашылық біліктілікті дамыту дедуктивтік және эвристикалық ізденіс әдістерін қолданғанда жүргізіледі.
Сонымен, сабақты түсіндіруде барлық әдістер әр түрлі жиілікте қолданылу керек. Ең бастысы дедуктивтік жаңалық және ақпараттық пен проблемалық мазмұндама әдісі дамыту бөлігі ретінде қолдану болып табылады.
Эвристикалық ізденіс әдісі сабақты ізденуде 15–20 % қатынаста қолданылады, бірақ ол шығармашылық ойлауды дамытуға жағдай жасауда басты рөл атқарады және сондықтанда теориялық оқыту сабағында міндетті түрде қолдану қажет. Ол үшін материалбөлігінің мазмұнын, нысан немесе олардың әрекетін анықтайтын мәні, себеп-салдары мен міндеттерді шешуші принциптері сипаттамасының өз бетінше басқаратын эвристикалық ізденісті ұйымдастыру жолдары берілетін оның бөліктері белгіленуі тиіс.
Оқыту әдістерін таңдау еркін болмауы тиіс. Объективті және субъективті себептері бар мүмкіншіліктердің кездейсоқ таңдау диапазоны ұлғайып, педагогқа санаулы жұмыс тиімділігінің амалдарын қалдырады. Оқыту әдістерін таңдауда педагог әр кез көп тәуелділікті ескеру қажет. Ең алдымен, сабақта шешілетін басты мақсаты мен нақты міндеттерді анықтап алу қажет. Олар белгіленген міндеттерге жетуге жарамды әдістер жиынтығын арнайды. Әрі қарай танымдық үрдісті жүзеге асыруды жақсартатын ұтымды амалдарды таңдау қажет. Әдіс таңдауды анықтайтын алты жалпы жағдайларды қарастыруға болады: 1) олардан шығатын оқыту заңдылықтары мен принциптері; 2) оқыту мақсаты мен міндеттері; 3) оқушылардың оқыту мүмкіншіліктері (жас ерекшелік, дайындық деңгейі, оқу ұжымының ерекшеліктері); 4) сыртқы жағдайлар (географиялық, өндірістік орта); 5) педагог мүмкіншіліктері (тәжірибе, дайындық деңгейі, оқыту процесінің әдеттегі жағдаяттар білімі).
Оқыту әдістерін таңдауда оқушылардың нақты оқу мүмкіншіліктерімен ара қатынасын белгілеу қажет. Топтың жоғары деңгейдегі дайындығы өзіндік жұмыс әдістерінің үлесін кеңейтуді, сондай-ақ әңгіменің басым болуы және әңгімелесу алдындағы түсіндіруді талап етеді. Керісінше топтағы дайындық төменгі деңгейде болса, әдістерді таңдауда басқаша тактиканы талап етеді; мұнда әңгімелесу, көрнекілік әдістер басым болып, өзіндік жұмыс үлесі төмендейді. Жұмыс күнінің соңына дейін білім алушылардың жұмысқа қабілеттілігінің төмендігі, әдістердің әр түрлілігі мен көрнекі құралдардан қажуы, оқушылардың қызығушылығын қолдауды талап етеді. Соған байланысты тек мазмұны ғана емес сонымен қатар аудиторияның қабілеттілігі оқыту әдісін таңдауға әсерін тигізеді. Сонымен бірге топ деңгейінің мүмкіншіліктері есебінен оған кез келген лайықтылықты білдіру қажет емес. Педагогтардың міндеті осы мүмкіншіліктерді дамыту болып табылады.
Оқыту әдістері оқытушы мен оқушының жұмыс істеу тәсілдері ретінде анықталып, білім, біліктілік және дағдыларды игеруге жету арқылы жеке тұлғаның дүниетанымы қалыптасып, қабілеттіліктері дамиды. Оқыту әдістері, педагогикалық ережелері, оқытушы мен оқушы әрекетін реттеу принциптерінен, оларды ұйымдастыру, білместіктен білуге апаратын орынды жолдарынан, оқытудың дидактикалық құралдарын қолданудан құралады.
Оқушыларды жалпытехникалық дайындықта оқытудың белсенді әдістері қолданылады: техникалық және технологиялық міндеттерді шешу (өңдеу, реттеу режимінің есептері, басқару бағдарламаларын жасау, кинематикалық және динамикалық сипаттамалар, конструкциялық бұйымдарды жасау, технологиялық үрдістерді өңдеу және карталар, құрал-жабдықтарды конструкциялау және дайындау, өнімнің ұтымды конструкциясын таңдау және технологиялық үрдісте дайындау).
Кәсіптік оқыту әдістері: репродуктивті, проблемді, іздену, зерттеу, өзіндік жұмыс әдісі, практикалық, жобалау және т.б.Практикалықәдістер (жаттығу, зертханалықжәне практикалық жұмыстар, эксперимент). Көрнекілік әдістеріне жататындар: демонстрациялау, иллюстрациялау, бақылау, видеоәдіс, экскурсия). Сөздік әдістер (әңгімелесу, түсіндіру, дәріс, әңгіме, оқулықтар мен кітаптарды оқу).
Достарыңызбен бөлісу: |