Кәсіптік білім беру принциптері Жалпы дидактикалық принциптермен тығыз байланыстыра отырып, педагогикалық үрдіс заңдылықтарының талаптары бейнеленген кәсіптік білім беру қағидаларының да өзіне тән ерекшеліктері болады. Солардың негізгілерін қарастырайық.
Кәсіптік білім беруді ізгілендіру.Кәсіптік білім беруді ізгілендіру мәселесін кәсіби қызмет үрдісінде білім алушылардың қатынас жүйесін қалыптастыру ретінде қарастыруға болады: өзіне (кәсіби-эстетикалық тәрбие), басқа да адамдарға(кәсіби-этикалық тәрбие), қоғамға, өндіріске, (кәсіби-экономикалық тәрбие) мемлекетке(кәсіби-құқықтық тәрбие).
Кәсіптік білім беруді демократияландыру – қоғам, мемлекет, және оқу мекемелері, барлық деңгейдегі басқарушылар мен басшылар, педагог пен білім алушы, студенттер мен білім алушылар арасындағы байланысты қалыптастыруға көзқарас, барлық жағынан өткір, кәсіптік білім беруді дамытудың басты бағыты. Кәсіптік білім беруді демократияландыру принциптерінің бастыларына жататындар:«Мүмкіншіліктері тең»қағидалары. Демократиялы қоғамда әр азамат білім алу мүмкіншіліктерін жалпы, сондай-ақ кез келген жеткілікті деңгейде болуы қажет. Кәсіби білім беру жүйесінің әр түрлі принциптері - бұл білім беру бағдарламаларына төселгендігі, альтернативтілігі, оқыту мазмұны, формалары мен әдістерінің жан-жақтылығы, кәсіптік білім беру дербестігі. Бірлестік принципі— бұл білім беру мекемелеріндегі педагогтың білім алушылармен, студенттермен, тыңдармандармен педагогикалық талап, өзара түсіністік, сенімділіктің орнауы. Ашықтық принципі— кәсіптік білім беру мекемелеріндегі жабық, корпоративтік, ведомоствалы қатар мен рухани ерекшелікті игеріп алу. Қоғамдық-мемлекеттік басқару принципі — басқару құпиясын қамтамасыз ету және қоғамдағы барлық деңгейлі немесе қоғамды бақылаудағы білім берудің басқару қызметінің салаларға бөлу. Білім алушылардың оқу әрекетін өз бетінше басқару принципі - оқу-тәрбиелік үрдісте білім алушылар, студенттер, тыңдармандардардың өзіндік жұмысын жетілдіруге ерекше көңіл бөлінуі.
Кәсіптік оқыту принциптерінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Оқытупринципі - бұл бастапқы, негізгі дидактикалық ережелердің, оқыту үрдісінің талаптарын, оларды орындау тиімділігінің қажеттілігін қамтамасыз ететін нақты жүйе. Оқыту принциптері қоғамдық дамыту талаптарымен бекітілген, мақсат, міндеттерінен, оқыту үрдісінің нақты заңдылықтарынан, белгілі бір жағдайда осы заңдылықтарды пайдалану тәсілдерінен құралады. Олар оқыту мазмұнын іріктеуге белгілі бір талаптарды, оларды жүзеге асырудағы формалары, әдістері мен педагогикалық құралдарды дұрыс таңдауды ескертеді. Оқыту үрдісін табысты жүзеге асыру үшін білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің нақты үрдісінде педагог арқылы іске асырылу керек.
Оқыту принциптері тарихи сипатта болады, олардың кейбірі уақыт өте өзінің мәнін жоғалтады, басқалары қайта жасалады, қоғам, ғылым, оқыту техникасына жаңа талаптарына бағыттайтын жаңа қағидалар пайда болады.
Дидактикалықпринциптер өзара байланысты және жиынтық ретінде қолданылады. Сондықтан, оқыту мазмұнын анықтауда сабаққа дайындалуда, сабақ беруде, педагог көбінесе бір уақытта барлық қағидаларды басшылыққа алады.
Жалпы дидактикада оқытудың барлық білім беру жүйелері мен мекемелеріне жалпы болып табылатын, сондай-ақ кәсіби, әрі өндірістік оқытудың басты құраушықағидалары анықталған. Мұндай оқытудың жалпы дидактикалық принциптеріне жататындар: білім алушылардың білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешудегі өзара байланыс; оқытудың ғылымилығы; оқытудың жүйелілігі мен бірізділігі; оқытудың жеткіліктілігі мен мөлшерлілігі; оқытудың көрнекілігі; оқытудағы саналылық пен белсенділігі; оқытудағы әр түрлі әдістер, формалар мен құралдардың ұтымды үйлесімділігі; білім алушылардың білім беру, тәрбиелеу және дамыту нәтижелерінің беріктігі мен әрекеттестігі.
Аталған принциптер жалпытехникалық және арнайы пәндерді оқыту үрдісінде сондай-ақ өндірістік үйретуде, олардың мазмұны және оқу үрдісіндегі орны есебінен қолданылады. Бірақ өндірістік оқыту үрдісі жоғарыда аталғандай өзіне тән ерекшеліктері бар, соған ғана тән оқыту принциптерін қалыптастыруды анықтайды. Бұл өндірістік оқытудың ерекше принциптерінің жүйесін төмендегідей түрде ұсынуға болады. Оларға жататындар:
Қазіргі өндіріс талаптарына сай болуы. Бұл принцип ең алдымен білім алушыларды кәсіби даярлауда ғылыми-техникалық деңгейін жоғарылату қажеттілігін, қазіргі деңгейдегі техника мен технологияларға сай бағытталу ғана емес олардың даму перспективасында білдіреді. Өндірістік оқыту қазіргі құрал-жабдықтарды қолданумен, білім алушыларға қолайлы жаңа техникалар, ақпараттық-компьютерлік техника құралдарымен жүзеге асырылу қажет.Тек мұндай жағдайда кәсіптік оқыту мекемесін бітіруші жас маман толық сұранысқа ие болуы мүмкін, лезде жаңа өндіріске араласып, күрделі машиналар мен механизмдерді, техникалық құрылғыларды жүргізеді, технологиялық үрдістерді сенімді басқара алады. Қазіргі өндіріс талаптарына сай өндірістік оқыту сондай-ақ оқушыларға қолайлы озық еңбек тәсілдері мен әдістерін меңгеруге, оның сапасы мен өнімі жоғары өндірістік нәтиже беретін, олардың олардың парасаттылық пен өнертапқыштыққа, кең мағынадағы түсінікте техникалық шығармашылыққа тартуды жорамалдайды.
Аталған принципті жүзеге асыру тек қазіргі талаптарға оқыту мазмұнының сәйкестігі ғана емес, сондай-ақ оқытудың формалары, әдістері мен құралдарының соған сәйкестігін де талап етеді. Жаңа техника мен технологияны және оның даму перспективасынмеңгерудебілім алушылар, техникалық және технологиялық ойлауды игеру керек, өндірістік жағдайларда дәйектелген шешімдерді қабылдай алу, күрделі электронды сұлбаларды еркін талдауды, күрделі жабдықтардың техникалық диагностикасы мен дайындау дағдыларын игере алу қажет. Осының барлығы оқыту үрдісінде оқытудың проблемді-іздену әдістерін, зерттеудің зертханалық-практикалық жұмыстарын, шығармашылық сипаттағы жаттығуларды орындауға, оқытудың қазіргі техникалық құралдарын кең қолдануға қажеттілігін анықтайды.
Теория мен практиканың байланысы. Теория мен практика байланысының философиялықнегіздемесі таным үрдісіне ғана емес, сондай-ақ кең мағынадағы оқытуға да жатады. Өйткені ғылыми білім адамдардың өндірістік әрекетінің қажеттілігі негізінде пайда болады және осы әрекетке қызмет етеді, меңгерумен қатар, практикада қолдана алуға үйрену қажет.
Теория мен практиканың байланысыоқыту мазмұнымен қатар (оқу жоспарлары және бағдарламалары, оқулықтар мен оқу құралдарында) тікелей оқыту үрдісінде көрінеді. Оқыту мен еңбек, теория мен практиканың байланысы – екі жақты үрдіс. Білім алушылардың оқу және еңбек іс-әрекеті табиғи байланысты. Оқытушылар теориялық жағдайды үйренуде білім алушылардың өндірістік және өмір тәжірибесіне сүйенеді, қажетті көрнекіліктер мен дәйектемелер келтіріп, техника мен технологияларды қолдануы, өндірістік оқыту сабағындағы оқушылар орындаған еңбек әрекеті қажетті теориялық ережелер мен заңдылықтармен негізделеді.
Өндірістік оқытуға қатысу білім алушылардың білімге қызығушылығын оятып, оқытуды саналы және мәнді етеді. Олар меңгерген білім іс-әрекетке, қызметке жетекшілік ретінде сендіреді.Практикада алынған білім нақтыланып, бекітіледі. Білім алушылар практикада алынған білімін қолдана отырып, технологиялық үрдістер мен еңбек тәсілдерін меңгеруді түсінеді, оларды жоспарлауды, сын көзбен талдауды, әр түрлі еңбек үрдістерінің өзара байланысын көруді, өндіріс экономикасының негіздерін түсінеді.Қазіргі жағдайда теория мен практика байланысының негізгі өзектілігі – өндірістік практикаға жаңа техника мен технология, ақпараттық-коммуникациялық, компьютерлер белсенді енгізіледі, маманның, жұмысшының еңбек іс-әрекетінің құрылымы, алдыңғы жоспарға өндірістің автоматтандырылған құралдарын басқару мен жөндеу бойынша интеллектуалдық қызметі байқалады.
Білім алушылардың өндірістік еңбекпен оқыту байланысы. Берілген қағида (оны «өндірістік еңбек үрдісінде оқыту»деп атайды) кәсіби оқу мекемелеріндегі білікті жұмысшылар, мамандарды даярлайтын негізгі оқу-тәрбиелік жұмыстардың бірі болып табылады. Білім алушыларға оқыту үрдісінің мүмкіншіліктерін меңгермейінше, өндірістік кәсіби еңбек әрекетіне даярлау мүмкін емес. Сонымен бірге білім алушылардың еңбек өнімділігі ретінде оқу-тәрбиелік міндеттер де олардың кәсіби даярлық негізі болу қажет. Оларға мазмұны, дәреже күрделілігі, әр алуандылық, оқу-өндірістік жұмыстағы білім алушылардың орындау бірізділігі, өндірістік оқыту үрдісін ұйымдастыру мен әдістемесі бағынады. Бұл байланыстағы оқу міндеттерін бірінші орынға қоя отырып, қарастырылған қағиданы «өндірістік еңбек үрдісінде оқыту» ретінде қалыптастыру керек еді.
Кәсіптік-политехникалық білім - белгілі бір саладағы жалпы білім беретін мектептерде оқыған жастар, жалпы политехникалық білімде жалғастыруы, оны белгілі бір саладағы өндірісте жүйелеуі, халыққа қызмет көрсету ортасы болып табылады. Соған сәйкес жалпытехникалық және кәсіптік циклдер бойынша пәндердің мазмұны кәсіби даярлаудағыкәсіптік-политехникалық принципі - әр алуан өндірістік жағдаяттағы алынған білім мен біліктілігін қолдану мүмкіншіліктерін білім алушыларда қалыптастыру, нақты техникалық нысандар мен технологиялық үрдістерде жалпы және маңызды қасиеттер мен көріністерді байқау, бір нысаннан басқасына көшіруде жалпытехникалық білімдіберу анықталады. Өндірістік оқытуға сәйкес аталған принцип білім алушыларда жалпы еңбектік, жалпы өндірістік біліктілік пен дағдыларды жасауда байқалады: жоспарлау, әр түрлі стандартқа сай емес өндірістік жағдаяттарда практикалық міндеттерді шешу мүмкіншілігі, еңбек үрдісіндегі ұтымды режимдерді таңдау, өндірістік-техникалық құжаттарды пайдалану және жүргізу, диагностикалық аппаратура мен құрал-жабдықтарды қолдану, технологиялық үрдістердің тәсілдері мен нәтижелеріне бақылау жүргізу т.б.
Оқыту үрдісіндегі кәсіптік қызметтегі үлгілеу қағидасы. Оқыту үрдісіндегі кәсіптік қызметтегі үлгілеу қағидасыдегенде типтік міндеттердің байқалуы, олардың оқу-өндірістік міндеттерде өзгеруі, оқу үрдісіндегі және оқыту әдістерін ұйымдастыруда формаларды таңдау деп түсіндіріледі. Үлгілеудің міндеті – даярлауға ұсынылған өзара талаптардың сәйкестігін орнату және кәсіби білім мен біліктілікті әдеттегі көлемінен құрылады.
Кәсіби мобильділік принципі – адамның техникалық құралдарды тез меңгере алуға, техника,технологиялар мен еңбекті ұйымдастыруда, жаңашылдықтың пайда болуда технологиялықүрдістер мен жаңа мамандықтарды, өзінің білімі мен біліктілігін үнемі жоғарылату қажеттілігін тәрбиелеуді қарастырады.
Жүйелілік және бірізділік принципі. Бұл қағиданы жүзеге асыру мынадай шарттарды сақтауды талап етеді:кәсіптік оқыту үрдісін жоспарлау, өндірістік оқыту үрдісінде дағды мен біліктілікті бекітуде, бірізділікті қалыптастыруды қадағалау;өзара байланысты білімде тұтас жүйелі оқу материалын реттеу.
Оқыту ортасын жасау принципі. Оқыту ортасын жасау – ең алдымен, оқу мекемелеріндегі өндірістік оқыту және дидактикалық оқыту құралдарынан оқу-материалдық базаны жасау, техникалық, технологиялық, экономикалық, педагогикалық, санитарлық-гигиеналық, экологиялық талаптар, сондай-ақ білім алушылардың еңбек қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау талаптары.
Педагогикалық үрдісті компьютерлендірупринципі. Бұл принципөмірде барлық саладағы ақпараттық-коммуникациялық құралдарын енгізумен байланысты, басты өзектілік болып табылады.
Экономикалық мақсатқа лайықтылықпринципі. Экономикалық мақсатқа лайықтылықпринципіоқу мекемелеріндегі мамандық бойынша жоспарлы даярлау жетіспеушілігі есебінен олардың еңбек нарығында сұранысын анықтайды. Бұл білім алушылардың алдыңғы қатарлы еңбек амалдары мен тәсілдерін меңгеруге, оның өнімділігін көтеру жолында белсенді ізденістерге, кәсіби шеберлікті меңгере білуге ынталандырады.