Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»



бет86/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   92
Байланысты:
Ф 1 3-2016-06-02-05-02 П нні пререквизиттері «Педагогикалы ма

Эссе дегеніміз не?
Эссе (француз тілінен аударғанда essai “ұмтылыс”, очерк) – даралық ой-пікірді және қандай-да бір нақты сұрақ бойынша жазылған шағын көлемдегі, еркін композицияда құрылған прозалық шығарма. Бұл қандай да бір құбылыс жайында философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, сыни-әдеби ғылыми сипаттағы субъективті безендірілген жаңа сөз.
Эссе жанры шығармашылықтың еркіндігін білдіреді. Оның кереметтілігі – ол кез-келген тақырыпқа немесе кез-келген үлгіге сай жазылмайды, яғни эссе бұл сіздің естігеніңіз, оқығаныңыз, көргеніңіз жайында өз ой толғамыңыз.
Эссе – автордың даралығы, оның ойы, сезімі, әлемге деген қарым-қатынасы. Бұл шығарманың басты шарты. Эссе жазуда мына жайтты ескерген жөн: эссе шығармашылықтың еркіндігі болғандықтан, оны жазу өте қиын, сол үшін мәселе жөнінде кездеспейтін идеяны (тіпті дәстүрлі материалда жоқ пікірді), стандартты емес көзқарасты іздеңіз.
Эссе стилі (үлгісі):

  • Образдылық;

  • Афоризмдік;

  • Пародоксалдық

Әлемді қабылдаудың даралық (өзгеше) бейнесін беруде автор:

  • Көптеген мысалдарды келтіреді;

  • Айырмашылықтарды іздейді;

  • Мүмкін болатын ассоциацияларды қолданады.

Эссе жазуда көркемдік бейнелеу үлгілерін қолдануға болады:

  • Метафораларды;

  • Символдарды;

  • Салыстыруларды.

Эсседе төмендегідей шарттар болса, ол бағалы әрі қызықты болады:

  • Қызықты қорытыныдылар;

  • Күтпеген ой-пікірлер;

  • Ой арасындағы керемет байланыстар.

Егер сіз қандай-да бір өзгеше, жаңа өз ойыңызды айтайын десеңіз, онда эссе жанры сіздің жанрыңыз. Ойыңызды туындаңыз, айтып көріңіз, мүмкін сізде ұлы публицисттің дарыны бар шығар.
Инструкция
Күрделік деңгейі:
1-ші қадам
Мазмұнын ойға салыңыз.
Эссе жазбас бұрын, оның құрылымы мен мазмұнын ойлап алыңыз. Ол үшін қарастылығна тақырып бойынша өзіңізге бірнеше сұрақ қойыңыз. Осы сұрақтарға жауап құрастырсаңыз, сіздің негізгі бөліміңіздің мазмұны ашылады. Болашақ шығармаңыздың стилистикасын бірден анықтап алуға тырысыңыз.
2-ші қадам
Эссе жазыңыз.
Бірінші параграфта болашақ шығармаңыздың негізгі идеясын құрастырып алыңыз. Оқырманыңызды керемет, ғажайып пікірлермен жаулап алуға тырысыңыз. 2,3,4 параграфтар - негізгі бөлім. Өзіңіздің негізгі ойыңызды дәлелдейтін аргументтерді қолданыңыз. Өз өміріңізден алынған мысалдар болса, өте жақсы болады. Өміріңіз, өзіңіз, өз жанұяңыз жайлы нақты мағлұматтар беруден қорықпаңыз. Ең бастысы - осы ойлардың барлығының үйлесімділігі, ақылға қонымдылығы. Қорытынды параграфта негізгі ой жайында көп күш жұмасыңыз, кіріспені және негізгі бөлімді байланыстырыңыз.
3-ші қадам
Тексеруге алыңыз.
Параграфтар арасында логикалық байланыс бар ма деп, эссенің құрылымын тексеріңіз. Эссе бірқалыпты стилде жазылғанын тексеріңіз. Қажет емес, пікірлерді қысқартып, ой-толғамыңызды қысқа әрі қисынды етіңіз. Эссені қайта-қайта жазудан қорықпаңыз.
Эссе жұмысын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет