Өзін өзі бақылау сұрақтары 1. «Кәсіпкерлік» ұғымының даму эволюциясына қысқаша сипаттама беріңіз.
2. Осы ұғымды анықтау тәсілдерінің алуан түрлілігін сипаттаңыз.
3. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі белгілері мен түсінігін қалыптастырыңыз.
4. Кәсіпкерлікті жіктеудің негізгі белгілері.
5. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі функцияларының мәні неде?
6. Кәсіпкерлік қызметтіңобъектілер мен субъектілері қандай?
7. Кәсіпкер қандай қасиеттерге ие болуы керек?
8.Экономикадағы жаңа кәсіпорындардың басымдығын түсіндіріңіз.
9. GEM зерттеулерінен қандай сабақтар алынды?
2 тақырып. Бизнес-идея мен стартапты таңдау Дәріс 2 2.1. «Икигай»-дің мәні және бес ережесі.
2.2. Бизнес-идеяның мәні және кәсіпкерлікке арналған идеяларды таңдау ережелері
2.3. Нарық трендтері: клиентке бағдарлану, дамыған логистика.
2.4. Бизнес идеяларды ойлап табу
2.5. Кәсіпкерліктің салалық ерекшеліктері
Дәріс мақсаттары-"Икигай" және "бизнес-идеялар" ұғымдарын қарастыру. Нарықтың трендтерін түсіну: клиентке бағдарланушылық, дамыған логистика.
2.1. «Икигай»-дің мәні және бес ережесі Сіздер кәсіпкерлердің басқа адамдардан айырмашылығы қандай екенін және кәсіпкерліктің не екенін білесіздер. Өткен сабақта сіздер командаға бөліндіңіздер, енді сіз өз өміріңіздегі бірінші бизнес-жобаға кірісуге дайынсыз. Кез келген бизнес бизнес-идеядан басталады. Бүгін біз дәл осы бизнес-идея туралы әңгімелесетін боламыз. Бірақ алдымен біз "икигай" деген ұғымды талқылаймыз.
Икигай - өзіңнің күнделікті істеріңе қанағаттану және риза болу. Бұл өнерді кез келген адам үйрене алады деп санайды "Шағын икигай кітабының" авторы, нейробиолог және жазушы Кен Моги. Жапонның "икигай" деген сөзі сөзі "өмірдің мәні" деп аударылады. Ол екі сөзден тұрады — "ики" (тірі) және "гай" (себеп) — бұл әр адамның күнде ояна сала ұмтылатын ісі. Сізде бар көңіліңіз бен күш-қуатыңызды талап ететін өз бизнесіңіз бар деп елестетіп көріңіз. Бұл сізге көп уақытыңызды жұмсауға тура келетін іс. Егер сіз одан ләззат алмасаңыз, сіздің бизнес-жобаңыз сіз үшін бейнет пен әурешілік көзі болады. Сол себепті өз ісіңізге құмартуыңыз - өте маңызды, сіз өзіңізбен айналысудан күнде ләззат алуыңыз, онымен айналысқан сайын дамып, өсіп-өркендеп, өз ісіңіздің шебері болуыңыз үшін стимул болуы қажет.
Икигай өміріңізге мақсат береді және оған қол жеткізуге күш береді. Солтүстік Жапонияның Сендай қаласындағы Тохоку университетінің медицина факультетінің зерттеу нәтижелері бойынша икигай алған адамдар ұзақ өмір сүреді, олардың денсаулығы мықты және олар кәсіби және жеке өмірінде үлкен жетістіктерге жетті. Оған қарапайым түсініктеме беруге болады: өмірінің мәнін тапқан және өзінің сүйікті ісімен айналысып жүрген адамдар өз денсаулығына ұқыпты қарайды, зиянды әдеттерден арылады, көтеріңкі көңіл-күйде жүреді әрі сирек қамығады. Сондықтан ұзақ және мағыналы өмір сүргісі келетін әрбір адам үшін өзіне ұнайтын істі таба білу маңызды. Сіздің өміріңізде икигай пайда болуы үшін, бес қарапайым ережені орындау керек.