Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ



бет13/152
Дата05.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#90256
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   152
5. Бүгінгі күнмен өмір сүру
Бүгінгі күнмен өмір сүру ұсақ-түйектерге қуана білу және өзін-өзі босата білуге тікелей байланысты. Оған қоса, бүгінгі күнмен өмір сүру - біз осыған дейін айтып өткен ағынды күйге ұқсас күй. Ағынды күй және "бүгінгі күнмен өмір сүру" - адамның өзі ісіне жан-тәнімен берілгендігі соншалықты, басқа нәрселерге мән бермеуін білдіреді. Ол өз жұмысынан ләззат алады және ол мақсатқа жету құралы емес, жеке Өздік мақсат болып табылады. Яғни, сіз табыс табу үшін жұмыс істемейсіз, сіз ол істен ләззат аласыз, дамып-жетілесіз, өз мақсаттарыңызға қол жеткізесіз және әлемді жақсартасыз.
Қорыта келе, табысты бизнесмен болу үшін ең бастысы – өз істеріңізден ләззат алу, шағын істерден бастау керек, өзіңді болашақта қандай дәрежеде көргің келетінін елестетіп, осы жағдайға әкелетін ұсақ іс-әрекеттер жасаудан бастау керек; стереотиптерден аулақ болып, өз қалауың мен наным-сенімдеріңді ұстану; қоршаған ортаға зиян келтірмеу және басқа адамдарға және олардың қажеттіліктеріне құрметпен қарау; ұсақ-түйекке қуана білу және олардан ләззат алу; ағынды күйде болуға тырысу және әртүрлі ішкі және сыртқы стимулдар арқылы өз-өзіңді осы күйге қайтаруға күш салу.
Ал енді өзіңіз жүзеге асыра алатын бизнес-идеяны іздеуге кірісейік.
2.2. Бизнес-идеяның мәні және кәсіпкерлікке арналған идеяларды таңдау ережелері
Бизнес-идея - болжамды бизнестің қысқа әрі нақты анықтамасы. Өз бизнесіңізді бастау үшін сіз немен айналысқыңыз келетінін анықтап алуыңыз керек. Жобаның табыстылығы оның негізінде қандай бизнес-идея жатқанына тікелей байланысты.
Бизнес-идея:

  • тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға тиіс;

  • табыс әкелуі тиіс;

  • кәсіпкерге моральдық қанағат әкелуі тиіс.

Мыңдаған идеялар бар, олардың ондағаны жүзеге асырылады, ал табысқа бірлі-жарымы жетеді. Табысты идеяны іздеу және таңдау құпиясы неде?
Бизнеске арналған идеяларды таңдау ережелері
Бірінші ереже. Идея көп болуы керек. Идеяның көп болуы әрқайсысының ерекше екенін, біреуі екіншісінен перспективалы екенін, әртүрлі ресурстарды қажет ететінін білдіреді., осының бәрі олардың арасынан басым тұрғанын таңдап алуға мүмкіндік береді.
Екінші ереже. Идея бизнес бастамашысы үшін түсінікті қызмет саласынан болуы тиіс. Кәсіпкер өзінің құзыреттілігі жоқ салалардағы жобалармен айналысса – табысқа жету мүмкіндігі бірнеше есе төмендейді.
Үшінші ереже. Идея қызықты болуы керек. Бизнес бастағанда кәсіпкер әдетте өзінің барлық уақытын - жұмыс уақытын және бос уақытын толық жобаға арнайды. Сондықтан қызықсыз жоба кәсіпкерді моральдық қанағаттандырмайды.
Төртінші ереже. Идея бір-екі сөйлеммен ғана құрылуы тиіс. Тым күрделі және ұзақ түсініктемелер әлсіз және өңделмеген идеяны білдіреді.
Біріншіден бизнеске оның негізін қалаушы бизнесті идеядан ақиқатқа айналдыру үшін жасайтын қадамдар жүйесі ретінде қарап көрейік.
Бірінші қадам - тауашаны таңдау. Ол үшін кәсіпкер мынадай сұрақтарға жауап береді: "Мен нақты немен айналысқым келеді?". Бизнес үшін тауаша таңдау - алғашқы әрі өте маңызды қадам. Өйткені, сізге өз ісіңізбен жылдар бойы күн сайын, кем дегенде 8 сағаттап айналысуға тура келеді. Егер сізді өз жұмысыңыз қанағаттандырмаса, сізде оны орындауға мотивация болмайды. Ал мотивациясыз прогресс болмайды.
Абай Құнанбаевтың мынадай белгілі нақыл сөздері бар: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап», сонымен қатар кең таралған тағы бір нақыл сөз бар: "Өзіңді таны, ол - қызық! Өзіңді таныт, ол да - қажет. Өзіңді жетілдір, ол - қолыңнан келеді! Өзіңді көрсет, ол - лайықты іс!". Неге бәрі өзін танудан басталады? Өйткені өзін-өзі танымай бизнесті жүзеге асыру мүмкін емес. Өзіңізге былай деп сұрақ қойыңыз: "Мен не істей аламын?", "Менің не істегім келеді?". Егер тауашаны таңдау сіздің ішкі қажеттіліктеріңіз бен жеке тұлға ретіндегі қызығушылығыңызға сәйкес келмесе, сіз өз ісіңізге толығымен беріле алмайсыз, жұмыстан ләззат ала алмайсыз, өз командаңыздың қалған мүшелерін ынталандыра алмайсыз. Бұл жөнінде Міржақып Дулатұлы: «Салт сананың негізі – елдің қолданған кәсібінде» деген екен.
Бизнестің бұлжымайтын заңы бар: тек бірегей бизнес табысты болады. Әйтпесе, сізді бәсекелестер жұтып қояды. Кез келген аспект - сіздің өзіңіз өз көзқарасыңызбен, құзыретіңізбен, идеяларыңызбен және т.б., сіздің өніміңіз немесе сіздің қызметтеріңіз - бірегей болуы мүмкін (мысалы, сіз басқа наубайханалар сияқты нан пісіресіз, бірақ сізде ыстық кофе ішуге болатын үстелдер бар). Бірақ бірегейлік мотивация болса ғана келеді. Егер сіз сүйікті іспен айналыссаңыз және оны дамытуға ниет білдірсеңіз, сіз әрқашан бірегей болуға мүмкіндік таба аласыз. Мотивация болмаған кезде сіз әдетті іс-қимылдарды бір сарынды орындап, үйге қайту үшін жұмыс күнінің аяқталғанын күтетін боласыз.
Тауаша табылған кезде, келесі қадамды - "өзіңді танытуды" бастауға болады. Яғни, сіздің бизнесіңіз табысты болу үшін сізге қандай дағдылар қажет екенін анықтау керек. Мүмкін сіз өз қолыңызбен бір нәрсе жасап үйренерсіз, мүмкін, сауда жасайсыз, суретке түсіресіз, жарнама жасайсыз, командаға қажетті адамдарды жинайсыз және т.б. Сізге қандай дағдылар қажет екенін түсіне отырып, оларды дамытуды бастауға болады.
Сізге өзіңіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды зерттеу керек. Оған жұмсалған уақыт мың есе өтеледі және тиімді бизнес-шешімдер туғызады. Сондықтан, бұл кезеңде бірнеше сағат бөліп, қағаз бен қалам алып өз минустарыңыз бен плюстеріңіздің кестесін құрыңыз. "Кемшіліктер" бағанында "Клиенттермен сөйлесуді ұнатпаймын", "Кәсіби білім жетіспейді", "Бастапқы капиталды қалай тарту керектігін білмеймін" және т. б. жазулар пайда болсын. Сіздің барлық кемшіліктеріңіз - бір жағынан сіздің бизнесіңіз үшін қауіпті. Бірақ егер сіз оларды жақсы білсеңіз, кемшіліктер мүмкіндікке айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет