Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ


Кәсіпкерлік қызметтің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар



бет123/152
Дата05.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#90256
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   152
Байланысты:
Ô 11-03 Æóìàíîâà Ã. Ì., Ìåðãåíáàåâà À. Ò.,Îñïàí Á.². 1943 «Ê?ñ³ï

11.3 Кәсіпкерлік қызметтің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар.
Бәсекелік күреске ықпал ететін факторлар:
1) нарық мөлшері – үлкен болған сайын бәсекелестер күшті болады;
2) нарықтың өрлеу қарқыны – тез өсу нарыққа енуді жеңілдетеді;
3) қуаты – артық қуаттар бағалардың түсуіне алып келеді;
4) нарыққа кіру немесе шығу кедергілері фирма позициясын қорғайды, олардың жоқ болуы бәсекеге қабілетсіз жаңа фирмалардың нарыққа енуі үшін оны қауқарсыз қылады;
5) баға;
6) тауарды стандарттау деңгейі – сатып алушылар артықшылыққа ие болады, өйткені олар бір тауардан екіншіге оңай ауыса алады;
7) икемді технологиялық модульдер;
8) қажетті капиталдық салымдардың мөлшерлеріне талаптар – қатаң талаптар тәукелді арттырады, ену-шығу үшін қосымша кедергілер тудырады;
9) сатылас интеграция капитал мөлшеріне талаптарды арттырады, біріккен, ішінара біріккен, біріктірілмеген фирмалардың өндірісіне шығындар мен бәсекеге қабілеттілігінің күшті айырмашылықтарын тудырады;
10)ауқымдағы үнемдеу – тауардың бәсеке қабілеттігіне жету үшін қажетті нарық үлесін ұлғайтады;
11)өнім ассортиментінің тез жаңартылуы.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі белгілі бір фактордардың ықпалымен калыптасады. Олардың арасындағы негізгілері:
• Баға; 
• Сапалық;
• Жаңалық;
• Жарнама;
• Пайдалану сенімділігі;
• Көркемдеу, мэнерлеу;
• Буып-түю, т.б.
Кең мағынады бәсекеге қабілеттілік бұл - күрделі нарықты жағдайдағы жұмыс философиясы. Ең алдымен ол тұтынушының қажеттілігі білу мен қанағаттандыру; нарықтың дамуы мен жағдайды түсін бәсекелестердің мүмкіндіктері мен кимылдарын алдын-ала білуін бағытталған.
Нарықта әрекет етуші компаниялар арасында бәсекелестіктің қарқандылығы мынандай факторлармен анықталады:
• бәсекелестердің сан жағынан көп болуы және олардың күштерінің теңдігі;
• саланың салыстырмалы баяу өсуі;
• үстеме шығындар немесе тауарлы-материалдык корлар құны түріндегі тұрақты шығындардың жоғары деңгейі;
• дифференциацияның жоқтығы (және тиісінше - конверсия шығындары);
• қуаттардың секірмелі өсімі;
• жоғары деңгейге шығу тосқауылдары.
Бәсеке сипаттамалары және оларды анықтайтын факторларды шартты түрде микродеңгейлі (өнімнің сапасы мен бағасын көрсететін), мезодеңгейлі (салалардың қолда бар өндірістік қорларын тиімді қолданудың көрсеткіштерін жақсартатын) және макродеңгейлі (шаруашылық жүйелердің жалпы қалпын, олардың балансын, инвестициялық климатын, салық тәртібін, тариф кедендік саясатын және т.б. көрсетеді) болып бөлінеді. 
Келтірілген бәсеке сайыстың және бәсекелесу қабілетінің факторлары мен сипаттамаларының субъектілерінің құрамы осы күрделі дәреженің элементтерінің құрамын сипаттауға және олардың байланысын шығаруға мүмкіндік береді. Бұл оның талдауына қажетті тиімді тәсілдер шығаруға, қолда бар қорларды алуға қосымша мүмкіндіктер ашуға және сүт өнімі кәсіпорындары үшін әр деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті жоғарлатудың стратегиялық бағытын анықтауға көмек көрсетеді.
Экономикалық әдебиетте бәсекені оның әдістері бойынша бағалық (баға негізіндегі бәсеке) жэне бағадан тыс бәсеке (тұтынушылық құнның сапасы негізіндегі бәсеке) бөлуге болады. Қазіргі әлемде бағалық бәсеке бағадан тыс әдістердің бәсеке сайысына қарай мәнсіз болып келеді. Бұл қазіргі нарықта «бағалар кақтығысы» жоқ дегенді білдірмейді, олар бар, бірақ соншалықты анық емес. Бағадан тыс бәсеке алдыңғы қатарлы бәсекелестерге қарағанда тауардың тұтынушылық құнын арттырады. Бағадан тыс әдістердің санына фирманы басқарудың бүкіл маркетингтік әдістері жатады. Олардың негізгілері: тауардың жаңартылуы, сапа, жарнама, халықаралық стандарттарға сәйкес келу, т.с.с.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауы, оның жақсаруы көбінде іске асырылатын өнімнің сапасы мен өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейіне тәуелді.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың бірнеше әдістері бар (оны біз 1.2 бөлімінде толык қарастырамыз). Бірақ барлығының да бір ортақ кемшілігі бар, онда тұтынышыны қызықтыратын өнім бағасы мен сапаның қатынасы ескерілмейді, тек тауардың басқа қасиеттерінің жиынтығы ретінде анықталады. Осылайша, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі біз оның өнімнің бағасы пайдалы тиімділікке қатынасындағы салыстырмалы баға деп анықтаймыз. Әрбір нарықтың өзіндік бір ерекшеліктері бар. Баға өткізу кезіндегі ұсынысты анықтау керек, ал жаңа өнім ұсынысы бағамен ынталандыруы кажет. Осылай, егер «баға» тек өнімді өткізу кұралы ғана болса, «бәсекеге қабілетті сапа» нарық дамуының жалғыз факторы - тек өнімнің белгілі бір көрсеткіштері ғана емес, сонымен бірге ақырғы тұтынушыға бағытталған шаралар кешені. «Бәсекеге қабілетті сапа» зерттелуі перспективті нарықты бөлшектеп зерттеуінен басталады:
• жаңа өнімге талаптарды дайындау;
• сапалы шикізат жабдыктаушылады таңдау және күшейтілген бақылау;
• өндірістің барлық кезеңдері мен аралық бақылауды регламенттеу. Ақырғы өнімнің шығу кезеңінде ол барлық белгілі бір сипаттамаларға (яғни, бағалық ниша мен нарыққа шығудағы бастапқы баға, оның мақсатты сегменті анықталады және сонымен сәйкес өндірілетін көрсеткіштер мен қасиеттер) сәйкес келу керек. Бәсекеге қабілетті сапаның ажырамас бөлігі сервистік қызмет көрсету деңгейі болып табылады. Өнімнің нарықта өмір сүруі үшін соңғы мәселе өте маңызды болып келеді және ол нарықтық жағдайлардың өзгеруіне тез және нақты жауап беруі тиіс.
Өнімді нарыққа шығару — өте жауапты кезең. Жаңа өнім үшін жаңадан өткізу нарығын құру керек. Жаңа өнімнің бәсеке қабілеттілігіне немесе нарықта өнімнің өтуіне әсер ететін факторларды карастырайық. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің жоғары көрсеткіші кезінде табысты өтуі тек өнімнің жаңалық дәрежесі мен оған тұтынушының қызығушылығы ғана емес, сонымен бірге бағалық стратегияға да байланысты. Әдетте, өнімнің модификациясы сату көлемін жаңалыққа карағанда тезірек ұлғайтады, өйткені тұтынушы берілген өнім туралы біледі. Модификацияланған өнімнің бағасы бұл этапта модификацияланбаған өнімнің баға деңгейіне карағанда сәл жоғары болуы мүмкін. Жаңалык өнімнің бағасы бірінші этапта аналог бағалық нишаның жоғарғы шегімен анықталады және жақсы жарнамалық, ақпараттық пен сервистік сүйеуден кейін бәсекеге қабілеттілік деңгейіне сәйкесінше жоғарылауы мүмкін.
Тауардың өмірлік циклының өсу этапында ғана өндіріс, маркетинг шығындары айтып, білінетін табыс алуға болады.
Бөлімді аяқтай отырып, айта кететін жайт, бәсекелік күресте нарықты дұрыс және уақытылы бағалай алатын өндіруші ғана ұтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет