Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ



бет121/152
Дата05.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#90256
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   152
Байланысты:
Ô 11-03 Æóìàíîâà Ã. Ì., Ìåðãåíáàåâà À. Ò.,Îñïàí Á.². 1943 «Ê?ñ³ï

Бәсекелестік қабілеті – берілген нарықта ұсынылған аналогті объектілермен салыстырғанда белгілі бір қажеттілікті нақты немесе ықтималқанағаттандыру дәрежесімен сипатталатын объектінің өзіндік ерекшелігі. Бәсекелестік қабілеті берілген нарықта аналогті объектілермен салыстыру бойынша бәсекеге шыдау мүмкіндігін анықтайды.
Бәсекелестік қабілеті стратегиялық (стратегиялық маркетинг кезеңінде) және нақты болуы мүмкін.
Басқару мәселелері бойынша Еуропалық форум «бәсекелестік қабілеті – бұл берілген шарттарда бәсекелестердің тауарларына қарағанда тұтынушылар үшін бағалық және бағалық емес сипаттамалары бойынша тартымдырақ болатын фирманың тауарларды жобалау, дайындау және өткізудің нақты және ықтимал мүмкіндіктері» екендігін анықтады. Бұл анықтаманың кемшілігі – оның тек тауарға және бағалық, бағалық емес факторларға қатыстылығында.
Объектінің бәсекелестік қабілеті нарықтың стратегиялық сегментациясын сәйкес белгілері бойынша қалыптастыратын нақты тұтынушылар тобына немесе нақты нарыққа қатысты анықталады. Егер объектінің бәсекелестік қабілетіне ие нарық көрсетілмесе, онда берілген объект нақты уақытта әлемдегі үздік үлгі болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайында бәсекелестік қабілеті қоғам дамуының дәрежесін сипаттайды. Елдің бәсекелестік қабілеті жоғары болған сайын осы елдегі өмір деңгейі де жоғары болады.
Қазіргі нарық жағдайында кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі көбіне-көп олардың экономикалық әлеуетінің жай-күйіне тәуелді. Бәсекеге қабілеттілік бір мезгілде экономикалық әлеует деңгейі артуының тек себебі ғана емес, сонымен қатар салдары да болып есептеледі.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің оның экономикалық әлеуетіне қатысты өзара іс-қимылы баламалы (альтернативті) құн, экономиканың оңтайлы (оптималды) қызметі, бәсекелік артықшылықтар, адам капиталы, экономикалық өзара іс-қимыл, ғылыми-техникалық прогрестің экономикасы теорияларында қарастырылады. Теория мәліметтері кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің оның экономикалық әлеуетіне қатысты өзара іс-қимылының әр түрлі аспектілерін зерттейді. Осындай іс-әрекеттің маңызды аспектісі кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін оның экономикалық әлеуетінің қалыптасуы негізінде қамтамасыз ету болып табылады.
Баламалы құн теориясын жасаушылардың (А. Смит, Д. Рикардо, А. Маршалл, П. Хейне) фундаменталды ережелері кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстардың үйлесімін анықтауға қатысты әдіснамалық (методологиялық) көзқарастарды қамтиды. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық әлеуетпен өзара іс-қимылына қатысты осы теорияны қолдану бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндіктерін таңдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, олардың құны басқа мүмкіндіктерді қолданбаудан туындайтын шығындармен өлшенеді.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі ресурстардың әрқандай типтерінің әр түрлі сандық ара қатынастағы шығындарына тікелей тәуелді. Бұл шығындар баламалы мүмкіндіктер құндылығы ретінде түсіріндіріледі, әрі олар қолда бар ресурстарды пайдаланбау себепті жүзеге асырылмайды. Экономикалық теория тұжырымдамасына сәйкес бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етумен байланысты барлық шығындар баламалы құн болып саналады, яғни біз бас тартуға мәжбүр болған баламалы мүмкіндіктер құндылығы болып есептеледі. Ресурстар шығындары кәсіпорын өзінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде құрбандыққа шалатын мүмкіндіктердің ғана құндылығын бейнелейді.
Баламалы құн теориясы бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін ресурстар құндылығын анықтауға мүмкіндік береді. Алайда бұл үшін қажетті ресурстар саны мен құрылымын анықтау аспектісі әлі де зерттелмей отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет