Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ



бет132/152
Дата05.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#90256
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   152
Байланысты:
Ô 11-03 Æóìàíîâà Ã. Ì., Ìåðãåíáàåâà À. Ò.,Îñïàí Á.². 1943 «Ê?ñ³ï

13.5 Кәсіпкердің жауапкершілігі
Жауапкершілік дегеніміз – уағдаластықтарды орындау және басқа компаниялар, клиенттер, компанияның қызметкерлері, мемлекет және жалпы қоғам сияқты бизнеспен өзара байланыс жасайтындардың барлығының құқықтарын сақтау міндеті.
Кәсіпкерлер өзінің алуан түрлі міндеттерін орындауға барынша жауапкершілікпен қарауға тиіс:
1. Басқа компаниялардың алдында. Егер бизнесмен шарт жасасып, өзіне тауарды көрсетілген мерзімде жеткізу туралы міндет алса, ол барлық шарттарды орындауы керек: тауардың тиісті сапасы, саны болуы керек және басқа тарап оны келісілген мерзімде алуы керек. Ол басқа компанияның құпия ақпаратын өзге компанияларға жария етпеуі керек және т.б.. Қорыта айтқанда, кәсіпкер басқа компаниялармен, әдетте, шарттарда баяндалатын барлық уағдаластықтарды сақтауға тиіс. Бұл жағдайда барлық шартқа қатысушылар басқа тауарды, басқа мерзімде (бұл өздеріне керекті тауарды белгілі бір уақытта сатып ала алмайтын клиенттерге әсер етеді), басқа ережелермен алу тәуекелінсіз өз қызметімен айналыса алады. Бұл нарықтағы барлық компанияға барынша тиімді жұмыс жасауға және басқа тараптардың өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан шығындарды көтеру тәуекелінсіз өз қызметін жасауға көмектеседі.
Мысалы, сіз киім сатасыз. Ал серіктесіңіз – тігін фабрикасының иесі – белгілі бір уақытта белгілі бір киім жинағын тігіп беруге уәде берген еді. Сіз сол уақытта өтіп жатқан көрмеден орын сатып алдыңыз, алайда серіктесіңіз өзінің міндеттемелерін орындамаған және белгіленген уақытта киімді тігіп үлгермеген. Сіз шығынға ұшырадыңыз: орынға төлеп қойдыңыз, жұмысқа сатушы алдыңыз, одан басқа өніміңіз сатылғанда алуға болатын кірістен айрылдыңыз. Егер компаниялар бір-бірінің алдындағы жауапкершілікті сақтағанда, бизнесті жүргізу оңайлау, тиімдірек әрі табысы молырақ болушы еді.
2. Тұтынушылардың алдында. Тұтынушылар тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеген соң сапалы өнім мен сервисті алуға тиісті. Ал кәсіпкердің жауапкершілігі – бұған көз жеткізу. Сондықтан ол сапасыз материалдарды қолданбауы керек, азық-түліктің жарамдылық мерзімін, қызметкерлерінің жұмыс сапасын бақылауға алуы керек, өйткені компаниямен кез келген өзара байланыс – телефон қоңырауынан бастап сатқаннан кейін кепілдікпен қызмет көрсетуге дейін клиенттерге жағымды әсер қалдыруы қажет. Біз алуан түрлі игіліктер мен қызметтердің тұтынушылары болып табыламыз. Әрине, жаңа тауарды сатып алғаннан кейін оның дұрыс жұмыс істемейтінін немесе дұрыс жиналмағанын көру қуанарлық жағдай емес. Сондай-ақ компанияға қоңырау соғып, менеджердің дөрекі жауабын есту немесе жарамсыз тауарды сатқан фирмаға оны қайтару немесе басқасына алмастыру үшін барып, олардың бас тартқанына куә болуды ешкім де ұнатпайды. Клиенттер мұндай фирмалармен ерте ме, кеш пе өзара байланысын тоқтатады. Сондықтан клиенттердің алдында бизнестің міндеттемелерін сақтау – екі тарапқа да өзара тиімді процесс. Кәсіпкер өзінің міндеттерін неғұрлым адал атқарса, елдегі бизнесі соғұрлым жақсара түседі (өйткені бәсекелестер өз клиенттерін жоғалтып алмау үшін саладағы ең үздік бизнестерді үлгі тұтуға мәжбүр болады) және наразы тұтынушылар болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет